С?йлеуді дамыту: та?ырыбы К?ліктер


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Сөз бен сөз тіркестерін (қонжық машинада отыр) түсінуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Қарапайым сөйлеммен айтылған өтінішті түсіну және орындау.
Дамытушылық: Баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту;
Тәрбиелік:
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын
Сөздік жұмыс:
Оқу іс-әрекеті     Тәрбиешінің  іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті1.Мотивациялық    қызығушылық 1. Шаттық шеңбері: «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Тәрбиеші балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады. Балалар қол ұстасып, оң жағында тұрған көршісінің көзіне қарап, бірнеше жылы сөздер айтыды. Жылы сөз естіген бала, алғысын айтып, әсем күлкісін сыйлайды.
2.Ұйымдастырукезеңдері
 2.Әңгімелесу:
- Балалар, біздің ұлдарымыз қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс, машиналармен. Мына машинаның атын кім біледі? (бір – бірден әртүрлі көлікті көрсетеді).
- Дұрыс, ал оның барлығын бір сөзбен қалай атаймыз, кім біледі?
- Ал, көліктер не үшін бізге керек? Кім біледі? Көлік бізге көмектеседі, Қалай?
- Әрине, көлікпен жол жүреміз, алыс жерге тез жетеміз.
- Тамаша, енді балалар бізге қонаққа өз көліктерімен бірге жануарлар келеді. Ал, сендер бұл жануар атап, қай көлікте келгенің айтып, не істеп отырғаның айтасындар, жақсы ма?
- Ал, кім көп жауап берсе, дұрыс жауап берсе жануарлар бізге сыйлық сыйлайды.
Сергіту сәті:
Соз қолыңды оң жаққа,Соз қолыңды сол жаққа.Қолды айналдыр бұлданбайШеңбер жасап тұрғандай
- Енді балалар, мына суретке қарайық, не бейнеленген?
- Қайталайық, көліктер. Атап көрейік...
- Дұрыс, ал көліктермен тағы не істейміз? Киім тасуға бола ма? Ал, тағы...?
Дид-лық ойын: «Суретті жинап ал!»
 М: Ойлау және қол маторикасын дамытады.
Ш: Бөлінген көліктердің суреттерін жинап құрастыру. Балалардың жауаптары: 
- конструктор, машина
- машина, камаз, трактор, поезд, т.б
- Көліктер
- Бізге көмектеседі, машинамен жүреміз
- Иә, Аю, қоян, балапан, кірпі, т.б. Қонжық машинада келді, қоян тракторда келді, балапан камазда келді, кірпі поездбен келді, т.б.
 Балалар назар салып тыңдайды.
Балалар тәрбиешімен бірге тақпақты айтып, қимылдарды жасайды.
- Көліктер, машиналар
Қайталайды.
- Жүреміз, қыста тоңбаймыз
- иә, болады. Жүктерді апарамыз, ауыр заттарды тасимыз.
Тәрбиешінің көмегімен ойынға кіріседі.
ролрпоапра
3.Рефлексивті
түзетушілік
Қорытынды:
-Тамаша ойнадық, оқыдық. Ал, бізге көліктерімен бірге не келді?
- Иә, дұрыс. Ал, көлікте кімге жүрген ұнайды ?
Балаларды мадақтау. Балалардың жауаптары:
- қонжық машинада келді, қоян тракторда келді, балапан камазда келді, т.б.
Балалардың жауаптары.
Күтелетін нәтіже:
Білу керек:  Көліктерді білу.
Игеру керек: Көліктер не үшін керектігін білу.
Үйрену керек: Дұрыс жауап беруді үйрену.