К?ркем ?дебиет: К?ліктер «Троллейбус»


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көліктер «Троллейбус»
Мақсаты:Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру. Балалардың назарын аудару.
Іздену ұйымдастыру-
шы Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.
Педагог балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.
- Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?
Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.
- Троллейбусқа мініп көрдің бе?
- Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?
- Сым жолымен қалай жүреді?
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»
Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тік-ұшақ)
Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай) Сұрақ-жауап
Тыныштық сәтін өткізеді.
Дәптермен жұмыс
Көліктердің суреттерін көрсету.
Д/ойындар ойналады.
Рефлексті коррекциялау
Қорытынды:
- Қандай көлік түрлерін білесің?
- Алыс жол жүріп көрдің бе?
-Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле. Тапсырма беру.
Білуі тиіс:Көлік түрлерін
Түсінігі:Жолда абай болу,көлік түрлерін ажырата білу.
Көрсете білуі:Жолда жүру ережелерін білу.