Тас к?мір. Тас к?мірді кокстеу


Бекітемін
Оқу ісі жөніндегі орынбасары:______________
Сыныбы, пәні: Химия
Сабақтың тақырыбы Тас көмір. Тас көмірді кокстеу
Жалпы мақсаты Оқушыларды көмірсутектерін алудың көзі – кок химия өнеркәсібінде тас көмірді өңдеу арқылы алынатын өнімдермен таныстыру;  оқушылардың өз бетімен,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, олардың есте сақтау қабілетін,ой-өрісін дамыту және химия тілімен сөйлей білуге баулу; оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру; Оқушылардың өз бетінше еңбектенуге өзара білімдерін тексеріп, бағалауға тәрбиелеу 
Сілтеме Химия оқулығы
Оқу нәтижесі Оқушылар тас көмірді кокстеу әдісін оқып біледі. Тас көмірдің түзілуін, өнімдерін таниды.Өз ойларын жинақтай алады. 
Негізгі идеяларТас көмірді кокстеу. Кокс. Пиролиз.
Ресурстар интерактивті тақта, «Тас көмір» коллекциясы, таблица, «Конверт сұрақ», тапсырмалар, кері байланыс парақтары, «Ашық әдіспен және көмір шахталарында көмір өндіру», кокс пешінің құрылысы видеокөрсетілімдері
Үй тапсырмасын тексеру 1 – топ «Химиялық диктант»
1. Мұнай өнімдері: ..................................................
2. Мұнайды құрамына қарай: ............................................. деп бөледі.
3. Маңғыстау мұнайы ..........................................................
4.Өңделмеген мұнай .........., тазартылған мұнай ...................
5. Мұнай-қара-қоңыр түсті,..................................................
6. Мұнайды .........., ..........., ............... тасымалдайды.
2-топ Химиялық диктант• Ажырату, үзілу сөздері - - - - - - деген мағынаны білдіреді.
• Крекингтің - - - - түрі бар.• Түтікті пеш, ректификациялық колонна - - - - арналған қондырғы.•Мұнайды фракцияларға бөлу мұнайды -- - - деп аталады.• Мұнай бетін бүркеп тұратын газдар - -- -- - деп аталады.• Мұнайды ароматтау процесін - - - - - деп атайды.
3-топ Блиц- турнир • Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды. • Мұнай судан жеңіл, жанғыш зат. • Ректификациялық мұнара тәрелкелерден тұрады. • Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды • Бензиннің қопарылыс түрінде жануы бензиннің детонациясы деп аталады. • Крекиг кезінде бензин алынады.
Қызығушылықты ояту Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалың қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күнү–күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Бұл оқиғада не туралы айтылады?
Инсерт әдісі
Білемін Білгім келеді білдім
Мағынаны тану Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Сурет құрастырылғанда мұнай качалкасы, газ құбыры, ашық әдіспен өндірілген көмір алабы суреттері шығады. «Мұнай», «табиғи газ», «тас көмір» топтарына бөлінеді.
1 – топ Отынның түрлері
2-топ Қатты отынды өңдеу әдістері
3-топ тас көмірді кокстеу (кокстеу процесі мен пешінің құрылысы видеоролигі)
Ой- толганыс «Конверт - сұрақ» /түрлі - түсті конверттерді суырады, іштерінде топ мүшелеріне арналған сұрақтар бар./
«Кезбе тілші» ойыны топтарға топ мүшелері ролдерді бөлісіп, мұнайшыдан, шахтерден, тас көмірді кокстеу пешінде жұмыс жасайтын жұмысшыдан сұхбат алу тапсырылды. Ролдік ойын барысында сабаққа қатысты материалдар қамтылу керек.
Кері байланыс Сабақтағы жағымды, жағымсыз әсерлер
Уйге тапсырма Тас көмірді кокстеу
Бағалау Формативті бағалау