?О?АМДАСТЫ? АЯСЫНДА?Ы Ж?МЫС ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИЯЛЫ? ЕСЕПТІ ?ЗАРА БА?АМДАУ


Рефлексия және даму
Қазақстан Республикасының «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағытындағы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан курстық оқыту тиімді деп ойлаймын. Бұл курс оқыту мен оқу әдіс -тәсілдерін өзгерту арқылы білім беру саласының маңызды бағыттарын жете түсінуге мүмкіндік беріп,дамытушылық деңгейді көтеруге бағыттады. Мұғалім үшін жеткілікті білім қорын қалыптастыру үнемі ізденісті қажет ететін үдеріс. Сондықтан,оқыту мен оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін, кәсіби шеберілікпен, теориялық негізде жүргізілген іс -әрекетінен көрсете білген мұғалімдердің бойынан көруге болады. Мұғалімдік мамандықта қызмет ете отырып, оқушыларға сай білім беру,үнемі ізденіс үстінде болу негізгі міндетім. Оқушы танымына ғылым негізінің бастамасын қалыптастыру басты мақсатым. Ал, оқушылардың оқуға ынтасын, жігерін, белсенділігін арттыру, мұғалім болмысының жан-жақтылығы мен епті әрекеттеріне байланысты. Мектептегі педагогикалық қоғамдастықтықтың кез-келген мүшесі көшбасшы лықтың білім саласындағы маңыздылығын жақсы түсінуі тиіс деп ойлаймын . Сондықтан 7 сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын құрып, сабақтар өткізуді жоспарладым. Жоспар құруда оқыту мен оқу бағдарламасының Нұсқаулығын және берілген тапсырмаларды басшылыққа алдым. Мектепке жаңа көзқарасқа бастау болған теориялық білімді қару етіп оралдым. Сөйтіп, мұғалімдік тәжірибемді жетілдіретін жаңа бастамалармен жұмыс жасауға кірістім. Тізбектелген сабақтардың жоспарын оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді қолдана отырып, жеке тұлғаның танымдық, білімдік деңгейін көтеру мақсатын басшылыққа алып құрдым. Оқытудағы табыстың көзі жеті модульді қабыстыра өткізілген сабақтағы мұғалімнің көшбасшылығында деп білемін. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма,  еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»  -деген, болатын Альберт   Эйнштейн. Сабақтарымда оқушылардың жеке іс-әрекеттерін, деңгейлік тапсырмаларды орындаудағы белсенділігін және білімдік мақсатын ашудағы танымдық деңгейін бақылауды негізге алдым. Осы критерийлерге сүйене отырып өз 7 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен А.Байтұрсыновтың "Ақын ініме" атты тақырыпта сабақ өткіздім. Сабақ мақсаты:Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен таныстыра отыра, өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту,өлеңнің композициялық құрылымын таныту. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасау. Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа байланысты сұрақтар қоя алады. Бірақ оқушылардың арасында топ жұмысынан тыс қалып отырған оқушылар болды. Демек,үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылауға алуым керек. Мен топтық жұмыстары арқылы тапсырмаларды орындату тәсілін бұрынғы өткізген сабақтарымда да қолданатынмын.Бірақ оны дұрыс түсінбегендіктен сабақ бойы оқушылар топта отыратын. Ал, курстық оқыту мен оқудан кейін топтық жұмыстың зерттеліп және зерделеніп жүргізілу керектігіне назар аудардым.Топтық жұмыс тек қана тапсырмаға байланысты болу керектігін түсіндім. Кейбір оқушылар: қосымша ақпарат тауып сөздікпен жұмыс жасай алды. Сабақты ұйымдастырудағы топқа бөлудің өзінде тиімді әдіс-тәсілдің күрделілігіне мән бердім. "Капитан" ойыны арқылы оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастырдым.Осы әдіс арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Қолданылған тәсіл оқушыларға қызығушылық тудырғанын байқадым.Сабақтың тақырыбына сәйкестендірілген тапсырмалар топқа таратылып берілді. Оқушылар ұжымдық іс - әрекетте тапсырма орындады. Кейбір оқушылардың тапсырманы орындауда белсенділігі төмен екені байқалды. Сондықтан келесі сабақтарда топтағы оқушылардың белсенділігін қалыптастыратын әдіс – тәсілдерді жетілдіруім қажет екенін түсіндім . Кейін сұрақ қою әдісі арқылы, "Сұрақтар бұрқасыны", «Ойлан,жұптас,бөліс», «Еркін оқу» әдістеріне байланысты тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау нәтижесінде сабақтың тақырыбы оқушылардың қатысуымен ашылды. Өлеңмен жұмыста  ДЖИКСО стратегиясын қолдандым. Бірінші сабағымда бұл тәсіл тиімсіздеу болды. Балалар қай топқа баратынын білмей шатасып, шуылдап өз достары отырған топқа жүгіріп жүргендіктен біршама уақытты жоғалтып алдым. Келесі сабақта осы тәсілді ұйымдастыруда көп мән беруді және қадағалауды ұйғардым. Екінші, өткізген сабағымда оқушылар өздерін еркін сезіне бастағанын байқадым. Алдыңғы са бақта ДЖИКСО стратегиясын қолдануда уақыттың тиімділігіне назар аударылуы қажет екенін түсінген болатынмын. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдің тиімділігін оқушылардың құрбыларымен тапсырмаларды бірлесе отырып орындаудағы іс – әрекеттерінен аңғардым. Және де тапсырмаға байланысты топқа бөліп отырдым.Оқыту мен оқуды бағалау тәсілін әлі де тереңірек меңгеруім қажет. Себебі, критерийлер арқылы бағалауда оқушылар мәтінді меңгерудегі қабілеттерін жоғары немесе төмен бағалап жатты. Маған бұл әрекеттер ой туғызды. Бағалау критерийлерімен жұмыс жасауға үйрету, саралау мен сараптау дағдыларын қалыптастыру керектігін түсіндім. Сондықтан формативті және сумативті бағалау тәсілдерін күнделікті сабақтардағы тиімділігін арттыруды жоспарладым. Сабақта кері байланыс алдыңғы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді терең меңгеруіме негіз болды деп ойлаймын. Кері байланыста берілген ұсыныстар мен тілектер мотивациялық әрекеттерге сөзсіз қолдау туғызды. Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес алған теориялық  білімімді  тәжірибемен ұштастыру мұғалімдік кәсібіме өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер берді. Сабақты өткізу, құру кезіңінде кездескен  кедергілерді  теориялық  білімім мен тәжірибелік іс - шараларыма сүйене отырып,     өзгерістер енгізіп отырдым. Сабақты өткізу барысында оқыту және  оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді  қолдандым. Оқушыларды  проблемаларды  шешуге, болжам жасауға, оны қорғауға дағдыландырдым. Үшінші сабағыма тақырыпты меңгеруде  зерттеушілік әңгіме құру арқылы,  тақырып бойынша  оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандырып, жетелеп отырдым. Оқушылардың сабақ барысында өз  іс- әрекеттерін   және өзін - өзі  бақылау жағдайында  дербес ойлауына бағыттаушылық іс – әрекеттер жасадым. Оқушылардың түсінік қабілетін, сабаққа қатысу тәртібін қадағалау  мақсатында  бағалауды қолдандым. Бірінші, екінші өткізілген сабақтарға қарағанда оқушылардың объективті бағалауға тырысқаны байқалды.Төртінші сабақта оқушылар мәтінмен сындарлы түрде жұмыс жасауға ынталана түскені сезілді. Сұрақ қою дағдысы шығарманың нақты құрылымға бағытталды.Топтағы көшбасшы құрбылар пікірінің құндылығын түсіне отырып, жұмыс жасай бастағаны байқалды.Іс – тәжірибе кезінде  өткізген төрт сабағымда да топтық жұмыстар жүргізіп, көшбасшы  оқушылардың топтағы әрекетіне көңіл бөлдім. Себебі, әрбір топ мүшесі ортада өзін көшбасшы сезіну қажетті деген ұстанымда болдым.Топтағы оқушылар  өз ойларын толық, ашып айтуға тырысып жатқаны байқалды.  Топ мүшелері бір - бірін жетелеп отырды. Әрине, бұл менің тиімді тәсілдерді тиімді қолданғанымнан деп ойлаймын. Сыныптағы талантты  және дарынды оқушыларға  жекелеген тапсырмалар берілді.  Деңгейлік тапсырмалар жеке тұлғаның өз қабілетін бағалай отырып, ортамен ынтымақтастық әрекетте жұмыс жасауына мүмкіндіктер берді. Тізбектелген сабақтарды өткізу  барысында,  өзімнің жоспарыма сай әртүрлі әдіс - тәсілдер енгізіп отырдым. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Сұрақтар бұрқасыны" тәсілінде бірінші сабақта балалар бір - бірін тыңдамай сұрақтарға еріксіз жауап беріп жатты. Тізбектелген сабақтар барысында күнделікті қолданғандықтан бір - бірін тыңдай білуді үйренді "Идеяны суреттеу" тәсілінде өз ойларын толық жеткізе алмай қиналып , соңғы сабақта біршама қалыптасып қалды. "Ойлан,жұптас,бөліс" арқылы оқушылар ойларын еркін жеткізе білді, бір - бірімен жарыса әңгімеледі , ДЖИКСО  әдістерін тиімді  пайдаландым. Оқыту мен оқудағы әдіс - тәсілдерді қолдануда теориялық негіздің жеткіліксіздігін сезіндім.Сондықтан оқушыларды топтастырып жұмыс жүргізілгенімен ,  шығарманыңм мазмұнын ашуда және жеке тұлғалық белсенділік жетіспеді.   Сабақтағы  тәжірибемде орын алған оң өзгерістерді болашақта да жүйелі түрде   жүргіземін. Сонымен бірге, кері байланыс орнатып, оқушылардың ой – пікірлерінде әлі де біржақты ұсыныстың барлығы байқалады. Алдағы жұмыстардың жүргізілу барысы нақты іс - әркетерде көрініс табуына ықпал жасауда мұғалім көшбасшылығының маңызды рөл атқаратынын түсіндім. Сондықтан, тиімді тәсілдердің жетілдіріліп, күнделікті сабақтарыма енгізілуіне мән беремін. Мектеп өміріндегі өзгерістерге тәлім алушымен жүргізілген жұмыстардың әсері маңызды рөл атқарады. Тәлім алушымен қарым-қатынасты жоспарлы түрде қалыптастырып, нәтижелі жұмыстар жүргізу менің негізгі міндеттерімнің бірі екенін жақсы түсіндім. Коучинг тақырыбын өзгертпей алдым,бірақ әдіс-тәсілдер өзгеріп,соған сай тапсырмалар да өзгерді.
«Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі» тақырыбында өткіздім.Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуі, топта жұмыс жасау әдістемесі аясндағы мәселелееерді қозғадым. Нәтижесінде мұғалімдер заманауи ойлау қабілетін, ой –пікірін мәтіндік деңгейдегі теорияға шектеп қойғанымыз туралы ойларын ортаға салды. Қоғамдастықтық мүшелерінің көзқарастары бір арнаға тоғыспады. Бірақ, «топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру» ұғымына мұғалімдердің назар аудара бастағаны байқалды. Осы жерде Выготскийдің танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік ортада өзара әрекеттестіктің маңыздылығын жоғары қойғанынына келісемін. Себебі, әрбір тұлға өзінің таным деңгейіне байланысты қоршаған ортамен байланысқа түседі. Сондықтан «оқушы» күнделікті сабақта маңызды рөл атқаратынын қоғамдастықтық мүшелерінің жете түсінуіне әлі де коучингтердің тиімді ұйымдастырылуы керектігін байқадым. Мектептегі оқушылардың топта жұмыс жасау қабілеті,топтық ереже құруы,топтағы ынтымақтастықты орнату тақырыпты өзгертпеуге тура келді.Коучинг «Сүйікті іс» танымдық ойын арқылы басталды. Танымдық ойын рөлді орындаушылардың қызығушылығын тудырды.Ары қарай ой қозғау «Мотивация» атты көрсетілім көрсетілді.Қандай ой туындады?-деген сұрақтар қойылды.Ойларымен бөлісуге барлық мұғалімдер аралысып кетті. Коучингке қатысып отырған мұғалімдердің белсенділігімен тақырыпты ашу өте сәтті шықты. Коуч барысында өз ой-пікірі мен көзқарастарын жеткізуде нақтылықтар жетіспей жатты. Коучингке қатысушыларға қосымша бағыттаушы сұрақтар беріп, нақты дәйектемелермен саралауға ықпал жасап отырдым. Мысалы: «Әр адамның пікірі қүнды», «Сіз сабағыңызда топтық жұмысты қалай қолданасыз?» деген бағыттаушы сұрақтарды қойып, тиімді көзқарас қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызуға әрекет еттім. «Бірлескен жұмыс» туралы пікірталас жүргізу мақсатында бейне жазба көрсетілді. Көрініс пен бейне жазбадағы іс–әрекеттерге коучингке қатысушылар сараптау, талдау жасауы қажет болатын. Сонымен бірге, іс – әрекетке қатысушылардың міндеті «Топтық жұмыс тиімділігіне» көңіл бөлуді жеткізу болатын. Көрсетілген көрініс бойынша топтық жұмыс жасалды. Топтық жұмыс барысында әріптестер өз ойларын ашық айта алды. Себебі, мұғалімдер нақты әрекеттерге талданған топтық жұмыс көрсетті. Бір–біріне топтар сұрақтар қойып, қосымша жауаптар алу арқылы, таным-түсініктеріне сыни тұрғыдан қарауға тырысып жатты. Бейне таспада көрсетілген іс-әрекетке талдау жасалды. Мұғалімдер өздерінің күнделікті сабақтағы іс-әрекеттерін синтездеп, оқушылармен қарым - қатынастағы кедергілерге өзара түсінік берді. Осы тақырыпқа байланысты ой –пікірлер айтып, пікірталас туғызды. Топтық жұмыстан соң мұғалімдерді «Миға шабуыл»суреттерге қарап, суреттерге байланысты түсініктеме берілді. Оқушының пікірін еске ала отырып 90 пайыздық есте сақтау көрсеткішін көрсету үшін оқушының пікірі ескерілу қажет екенін мұғалімдер айтты. Өзгелерді оқыту арқылы жақсы нәтижеге жетеміз деп айтқанымен де, біздің мұғалімдердің сабақ барысында тәсілдерді кеңінен пайдаланбайтынын байқадым. Жоспар бойынша алынған әдіс-тәсілдер,тапсырмалар тиімді қолдандым. Сонымен бірге "Капитан" сергіту сәті жоспарланды және өткізілді. Бұл сергіту сәті мұғалімдердің Коучингтің басын танымдық ойынмен бастағандықтан, коучинг соңында көңілін көтеріп, қайта топқа бөлінді.Сергітуден кейін «Метафоралық сурет» әдісі арқылы «Экспо 2017» көрмесінің эскизі жасалды.Мұндағы мақсат қазіргі жаңалықтармен байланыс.Коучинг соңында кері байланыс берілді. Мұғалімдердің жазғанын оқи отырып, осы тақырып аясында тағы бір коучинг беру керек деген ойға тоқтадым Алдағы коучингтердің тапсырмаларын терең тақырыптарға байланыстырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіретін бағытқа бейімдеу керектігін түсіндім . Жоспарланған іс - әрекетім, коучингтерде өткізу кәсіби деңгейімді қалыптастырып, дамуыма мүмкіндік береді. Алдағы мақсаттарым коучингтер мен күнделікті сабақтарды жаңа талапқа сай құрылымдап, өткізу.
Мектеп қоғамдастығындағы деңгейлік курстан өткен әріптестеріммен диалог-әңгіме өткізіп, кеңестім.Тәлiмгeрлiктeгi бaсты ұстaным қызмeт eмeс, қaрым-қaтынaс болып тaбылaды, оның бaрысындa тәлiмгeр объективтi тыңдaушы жәнe бaғыттaушы болaды.Тәлім алушы ретінде әдістемелік бірлестік жетекшісі мен мектеп директорының оқу–ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп пән мұғалімі жайлы ақпарат жинап А - есімді әріптесімді таңдап алдым. Тәлім алушымен ресми әңгіме жүргізіп, жүргізілетін іс - шараларды жоспарладық. Сынып оқушыларының ата-аналарымен келісе отырып іс - шаралардың заңдылығын реттедік. Ата–ана ларымен келісіп, бейнежазбаға түсіруге қарсы емес екендерін айтып қол қойып берді. Eкeуiмiз aқылдaсa кeлe, 5 сыныбынa қазақ әдебиеті пәнінен біріншіден сабағына қатысуды жоспарладық. Келесі сабағына жоспарлап ДЖИКСО әдісін қолдануды және диалогтік оқытудағы зерттеушілік әңгімені тәжірибесіне енгізуіне ықпал етуді мақсат еттім. Әңгімелесу барысында тәлім алушы тақырыптың мақсатын жалпылама қоятыны байқалды. Алдынғы сабақтарында топқа бөліп өткізуді білетін болғанымен зерттеушілік әңгіменің маңыздылығын түсінбегендігін айтып өтті. Сабақтарына қатысып, нәтижесінде тәлім алушы А. Смарт мақсат қоюды түсінді және үйренді. Тәлім алушының сабағына қатысып бейнежазба жасадым. Бейнежазбаны бірлесе қарап, тәлім алушының өзін-өзі және өзара сабақты талдауы арқылы кедіргілерді анықтадық. Негізігі кедергі топта ынтымақтастықты қалыптастыруда оқушылардың өзін-өзі реттеу қабілеті жетіспей жатты. Сондықтан өзін - өзі реттеуде бағалау нормативтерді білу қажеттілігіне назар аударуға бағыттадым.Тәлім алушы мәтіндік тапсырманы терең меңгергенімен оқыту мен оқуда әдіс-тәсілдерді қолдануда шеберлігі жетіспейтіні байқалды. Бұл кедергілерді жою жолдарын қарастырып, әрекеттендік. Кeлeсi күнi мұғaлiмнiң көзқaрaсы өзгeріп, зерттеушілік әңгіменің тиімділігіне көзі жетті. Әрбiр сaбaқтaн кeйiн сұхбaттaсып, кeткeн ұтымды жақтары мен кедергілеріне тоқтaлып, әңгіме–сұхбат жасап отырдым. Әрбiр сaбaқты жоспaрлaу бaрысындa тәлiм aлушы өзінің іс - әрекеттерін нақты критерийлермен саралауға мән бере бастады. Сол кeздe ол өз iсiн жaуaпкeршiлiкпeн қaрaп, өз бeтiншe iздeнуге қалыптасты. «Кeлeсi сaбaқтa былaй жaсaсaқ  болa мa?» дeгeн сияқты ұсыныс-пiкiрлeрiн aйтты. Бұл өзгeрiстeрдeн мұғaлiмнiң өсуiн бaйқaдым. Тәлiм aлушымның сaбaқты ұйымдaстырудaғы шeбeрлiгi кeлeсi сaбaқтaрындa көрiнe бaстaды. Тәлiм aлушымның әрбiр өткiзгeн сaбaғын бaқылaп, сұхбaттaсу кeзiндe сұрaқ бeрiп, кeрi бaйлaныс орнaтып отырдым. Мұaлiмнiң нeнi жетiк мeңгeрмeй жүргeнiн, тaғы нeнi үйрeнгiсi кeлeтiнiн бiлiп, кeңeс бeрiп, бағыттаушылық нақты іс- әрекеттермен қарым-қатынас орнаттым. Тәлімгерлік үдерістің нәтижесінде тәлім алушының тәжірибесінде өзгеріс болғанын «оқушы үнінен» білдім . Оқушысымен әңгіме жүргізу барысында оларға ДЖИКСО тәсілін қолдануда уақытты үнемді пайдаланғандықтарын айтып өтті. Бірінші сабақта ДЖИКСО тәсілін онша түсінбедік , күнделікті сабақ барысында қолданғандықтан өте тиімді екенін түсінді. Зeрттeулeр нәтижeсiндe бaйқaғaным тәлiм aлушымның оқушылaрмeн aрa - қaтынaсы өзгeрдi ,сaбaқты бұрынғыдaй өзi түсiндiрмeй, оқушылaрдың өздeрi түсiнуi үшiн жaғдaй жaсaу кeрeктiгiн ұғынды . Сaбaқты ұйымдaстырудaғы әдiс - тәсiлдeрi өзгeрдi. Оқушылaрдың сын тұрғысынaн ойлaуын дaмыту үшiн зерттеушілік әңгіменің мaңызды eкeнiн түсiндi. Бaғaлaудың түрлeрiн тиiмдi пaйдaлaнa бiлдi. Тәлiм aлушымның оқушылaры туралы көзқарасында өзгерісттер болды.Тәлім алушы педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімнің , ойлауын, тәжірибелік іс бaғыт - бaғдaр бeрe отырып, өз ойлaрын толық жeткiзуiнe мүмкiндiк жaсaуғa үйрeнiп, өз iс - тәжiрибeсiнe көптeгeн өзгeрiстeр eнгiздi. Әлi дe болсa әдiс - тәсiлдeрдi тиiмдi қолдaнудың жолдaрын мeңгeруi үшiн мұғaлiмгe iздeнiс қaжeт. Сонымен бірге, сабақта тәлім алушымен іс – әрекетте менің өз – өзімді реттеуге мүмкіндіктер туды. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, бағыттаушы рөлі амалдарының тиімділігін арттыруға айтарлықтай қалыптасуына көмектесті. Тәлімгер тәлім алушымен қарым-қатынаста кәсіби шеберліктің деңгейі жоғары болу қажеттілігін түсіндім.Соның барысында педагогика лық тың өзгерістерді жаңа форматта қалыптастыру керектігін түсінуіме мүмкіндік туды.
Қоғамдастықтағы жұмысты «Біз өзгеруге дайынбыз ба?» тақырыбында мектеп директорымен сұхбаттасып, әріптестер мен ата - аналардан сауалнама алудан бастадым. Алға қойған мақсатым орындалды. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін пайымдап, жеке ой - пікірлерін тыңдап, қоғамдастықтың атауын және мектеп өмірінде жүргізілетін жұмыстардың бағытын анықтадым. Нәтижесінде «Зерде» мектепшілік кәсіби қоғамдастығы құрылды. Қоғамдас тықтың мақсаты анықталды. Білім саласындағы жаңалықтарды, өзгерістерді күнделікті сабақтарға енгізу іс - шаралары жүргізілді. Мұғалімдердің оқыту мен оқудағы көшбасшылық деңгейін көтеру іс - әрекеттері ұйымдастырыл ды. Байқағаным педагогикалық кәсіби шеберлікті арттыру жұмыстарында мұғалімдердің белсенділігі қажет. Мұғалім өзінің даралық болмысындағы іс -әрекеттерінде кәсіби деңгейін көрсетіп отыратыны белгілі.Мектеп өмірінде ата - аналардың рөлін арттыру үшін, «Біз өзгеруге дайынбыз ба?» сауална маны жүргіздім. Қорытындысында мұғалімдер мен ата - аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелер туралы сұрақтар қойып, ой - пікірлерін білдірді. Сауланаманың нәтижесі іс - шаралардың жоспарлануына және олар дың орындалуына өз ықпалын тигізді. Бағдарламаның идеясы мен мазмұнын таныстыру және түсіндіру мақсатым орындалды деп ойлаймын. Алдағы уақыттарда да бұл жұмыс жалғасын табады. Бағдарлама негізінде білім мен біліктілікті дамыту басты мақсаттарым мен міндеттерім болып қалады. Тізбектелген сабақттарды өткізген сабақтарымның барысында, коучингтер мен қоғамдастықтың ұйымдастырылуы, жаңаша көзқарастарым мен ой –пікірлердің туындап, нақты іс – әрекеттерімнің қалыптасуына түрткі болды. Тізбекетлген сабақтардың өткізілу барысында әрбір жеке оқушының жас ерекшелігін, дарынды қабілетін ескеріп, жаңа тәсілдерге қабыстырылған стратегияларды қолдандым. Сонымен бірге коучингтерді ұйымдастыру арқылы науқандық сипатта емес, қажеттіліктен туындаған тақырыпта өткізілген жағдайда ғана тиімділігін байқадым. Тәлімгерлік міндеттің жауапкершілігі нақтылықты іс - тәжірибені талап ететін әрекет. Тәлім алушыға мен «не беруім керек?» және «не істеуім керек» деген сұрақтарға жауап үстіндегі ізденіс пен іс - әрекетте жүрдім. Нәтижесінде кәсіби шеберліктің қалыптасуы туралы тың критерийлерге бағытталған көзқарастарым қалыптасты. Әрбір мұғалім көшбасшылығы теориялық білімі мен білікті әдіскерлік деңгейін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Жинақталған тәжірибе анық мақсаттармен жұмыс әрекетіне қабыстырылуы қажет екенін түсіндім. Кәсіби қоғамдастықтағы мұғалімдердің өзара әрекеттестіктерін қалыптстырудағы топтық жұмыстың рөлі туралы іс - әрекеттер ұйымдастырылды. Топтық жұмыстың мәнін мұғалімдер де жете түсінуі қажет деген ой келді. Оқыту мен оқу жүйесінде қоғамның дамуына сай келетін өзгерістер керектігін білемін. Сондықтан оқыту мен оқуда мұғалім көшбасшылығы белгілі бір деңгейде маңызды рөл атқарады. Алдыңғы деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің коучингтер мен сабақтарына қатысудың барысында мұғалім көшбасшылығы туралы көзқарасым мен ой - пікірім қалыптасқан болатын. Педегогикалық шеберлік орталығында әзірленген бағдарлама негізінде алған теориялық білімімді тәжірибеде қолдану арқылы, тың ойлар мен жаңа бағыттағы жұмыс әрекеттерге жол ашылды. Қоғамдастық мүшелерінің оқыту мен оқудың жаңа тәсіліне қызығушылық танытқандардың қатары көбейді. Білімім мен біліктілігімді арттыра отырып, тәсілдерді қолдану жолдарын білгім келді. Оны білу нақты әрекеттердің нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатынына көзім жетті. Жоспарды іске асыру барысында қоғамдастықтың мұғалімдерге топтық жұмыстың тиімді стратегияларын өз тәжірибесінде қолдануына қолдау көрсету мақсатымды жүзеге асыру барысында кездескен кедергілер: -- қоғамдастықтың тізбектелген жұмыс жоспарын жасауда теориялық негізде жүргізілген тәжірибелік іс - әрекеттердің аздығы -деңгейлік курстан өтекен қоғамдастық мүшелерінің ой - пікірлерінің бір арнада қабыспай жатуы; - мектептегі іс - әректерде жаңашылдықты науқаншылдықтың басымдылығы; - мектепішілік іс - әрекетте оқу үрдісінің ұйымдастырылуындағы жаттанды лықтың басымдылығы; Әрине, аталған кедергілермен қатар жетістіктері де бар. Назар аударар болсақ: - оқыту мен оқудың тиімді Бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс - әрекеттері мен жүргізілген жұмыстарында жаңашылдық көрініс бар - еркіндік, өз ой – пікірлерін ашық жеткізу, жеке тұлғаны қалыптастыруда нақты жоспарлы жұмыс жасауға бейімділік сезіледі; - мекетеп әкімшілік тарапынан көрсетілгенқодаулар; -қоғамдастықтың жаңа жүйеге бейімделіп қалыптасуы.«Кәсіби қоғамдас тықтар саясатты іске асыру үдерісіне қолдау көрсетеді. Қоғамдастық құру осы байланысты орнату тәсілінің бірі болып табылады. Қоғамдастық ішінде білім беру саласындағы және қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне және мінез-құлқына енгізетін мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».Қоғам дастықта жаңа форматта жұмыс жасау тәртібінің қалыптасуы өзіме деген сенімділікті арттырды. Педагогикалық кәсіби деңгейдің жоғары болуы жетістіктер мен кедергілер болуына қарамастан, өз ісімінің оқыту мен оқу үдерісінде жеке тұлға болмысының қалыптасуына анық іс-әркетте қызмет жасауға мүмкіндік туғызды. Мектеп өміріндегі өзгерістеге қосқан үлесім туралы беретін есепті талдау арқылы, өзгеріске түсуге мүмкіндік туғызатын ортаны қалыптастыру жолында нақты іс – әрекеттер қажет. Қорыта келе айтарым кәсіби қоғамдастықтағы мектеп көшбасшылары мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету және кәсіби дамуын жетілдіруге бағыттап өз жұмысын жалғастырады. Ауданда желілік қоғамдастықты дамыту, яғни жақын орналасқан мектептермен коучингтер өткізуді жоспарлау.