Та?ырыбы: О?ыту мен о?уда?ы к?шбасшылы?


Коучинг тақырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық
Коучинг жоспарыКоучинг тақырыбы:
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сілтеме:
Нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары.
Мақсаты:
Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Оқыту нәтижесі:
Топтаса жұмыс атқара отырып,басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идеялар:
Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.
Кәсіби білім, біліктері өседі.
Таныстыру: барлығы орындарынан тұрып бірінші мұғалім бастайды содан кейін бір- бірін есімдерін атайды
Сергіту сәті: Есімімді жаттап қал деп аталады. (барлық қатысушыларды ортаға шаттық шеңберіне шақырамын танысу үшін әр қайсы өз есімдерін атап шығады. )
Танысу аяқталғаннан кейін қатысушылар бір – біріне жылы алақан арқылы лебіз силайды.
Топқа бөлу: (қолдарына альфа, бета, гамма деп жазылған стикерлерді тез тез таратып шығамын)
«α альфа» « β бета», «γ гамма»
5 минут
Тапсырмалардың түрлері:
Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)
Уақыт
Кіріспе тапсырма
«Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбын түсіндіру.
Партаға төменде аталған ұлы адамдардың суреттері таратылып беріледі.
1. Қазақ хандары: Абылай хан, Әбілхайыр хан, Кенесары І топқа
2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин ІІ топқа
3. Билер: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ІІІ топқа
Осы тұлғалардың суреттері таратылып беріледі.
Сұрақ бұл кімдер?
Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады. )
Осы тұлғаларды өз заманының көшбасшысы деп атауға болама? Олай болса олардың бойларынан қандай көшбасшылық қасиеттерді көруге болады?
Олай болса сіздерге берілер №1 тапсырма: Алдарыңыздағы тұлғалардың біреуін таңдап алып бойындағы көшбасшылық қасиеттерін жаза отырып постер құрайсыздар.
5 мин
Бағалау
Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды.
2 минут
№2тапсырмаға кіріспе. Сіздер көшбасшы болуға дайынсыздар ма? Сіздердің бойларыңыздан көшбасшылық қасиет көре алмыз ба? Оны дәлелдеуге дайынсыздар ма?
Олай болса қазір әр топтың көшбасшысын тағайындап алайық. Сіздердің столдарыңыздың астына көшбасшы деген сөз жабыстырылған сол кімнің столының астында болса сол топтың көшбасшысы болады. Ең соңында қай топтың көшбасшысы мықты болатынын сіздер анықтайсыздар.
№ 2 тапсырма
« Мұғалім- оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» фигураларды бөлек бөлек қиып тастаймын. Соны сіздер тез -тез құрау керек.
Сұрақ: бұл қандай фигура? (анықтамасын айтыңыз, төрт жол өлең құраңыз)
7 минут
Бағалау
Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды
2 минут
Тренинг-сергіту
Әр топтан екі адамнан шығып барлығы дөңгелектеніп тұрады қалдарына дөңгелектенген жіпті ұстайды содан кейін көздерін жұмуды айтады жүргізуші мұғалімдер ге фигуралардың аттарын атағанда олар сол фигураны жасап шығу керек сонда олардың арасынан көшбасшы анықталады.
5 минут
№ 3 тапсырма
Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдау керек.
1 топ Көшбасшы ата – ана (ата – аналарды мерекелік концерке қатыстыру),
2 топ Көшбасшы сынып жетекші (сыныпты суботникке ұйымдастыру),
3 топ Көшбасшы директор (жазғы жөндеу жұмысына ақша жинау).
12 минут
Бағалау
Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды.
2 мин
Қорытынды рефлексия
Бүгінгі коучинг саған ұнады ма? (2 жұлдыз, бір тілек)
3 минут
Көшбасшылық деген не?
Көшбасшылық (ағылшын тілінен алған да «lead» - жүргізу ) – бұл адамдарды жинап алға қойған мақсатқа бағыттау.
Қ.Қайдосов орта мектебі
Тақырыбы:
Дайындаған:
Сужарған 2015 – 2016 оқу жылы