Саба? жоспары: : ?анны? ??рамы, ?ан жасушалары. Эритроциттер


Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы
№16 лицей-мектебі
Биология пәнінің мұғалімі
Нурпеисова Кунсулу Алимовна

Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру.Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін білімін тиянақтау. Ойлау қабілеттерімен танымдық ерекшелігін арттыру.Тәрбиелігі: Ұрпақ тазалығының ұлт болашағы екендігін ұғындыру, жаман әдеттен жиренуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, биологиялық диктант, сәйкестендіру тестісі, проблемалық сұрақтар, терминдермен жұмысАғзаның ішкі ортасын – қан- лимфа- ұлпа сұйықтығы құрайды.Ішкі ортаның тұрақтылығы ( гомеостаз) ағза ұлпаларының тіршілігі, дұрыс қызмет атқаруы үшін өте маңызды. Гомеостазды жүйке және эндокриндік жүйелер реттейді.Қан – дәнекер ұлпаға жатады.- қан айналым жүйесінде тамырлар бойымен қозғалып жүріп бірнешеқызмет атқарады.- оттегі мен көміртегіні тасымалдайды.- қоректік заттарды, гормондарды тасымалдайды.- зат алмасу барысында түзілген қажетсіз өнімдерді алып кетеді.- жасушаларды бір - бірімен байланыстырады.- иммундық жауаптарда қызмет етеді.- жасушалардың қышқылдық және су деңгейін қалыпты ұста- қанның ұю қасиеті бар.Ересек адамның орташа қан көлемі 5 - 6 л.Қан – плазма ( қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі)- қан жасушалары – эритроцит- лейкоцит- тромбоцитЕгер ерітінді қосылған ұйымайтын қанды ыдысқа құйып тұндырса, 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты - плазма деп аталады.Плазма – су – 90 - 92%- глюкоза – 0, 12%- май – 0, 7 - 0, 8%- тұз – 0, 9%- сүт қышқылы- ферменттер, гармондар- нәруыз – 7 - 8% – альбуминдер (4, 5% )- глобулиндер (1, 7 - 3, 5%)- фибриногендер (0, 4%)Фибриногендер – қанның ұюына қатысады.- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы (сыворотка) дейді.Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0, 04% - дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады.Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері)- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)- тромбоциттер (қан пластинкалары)Эритроциттер. – ядросы жоқ. Олардың орташа d – 7, 2 - 7, 5мкм – құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы барГемоглобин құрамында темір (гем ) және нәруыздық бөліктер (глобин ) кіреді. – қанның 1мм көлемінде 4, 5 - 5млн эритроцит бар.- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді. Бұл эритроциттердің бетін 1, 5 есе үлкейтеді және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.Қаназдық (анемия) ауруының пайда болу себептері:1. Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.3. Интоксикацияда.4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.IV. Жаңа сабақты бекіту1. Сәйкестендіру тестісіҚанОттекті тасымалдайдыЭритроциттерҚан ұйымайтын ауруГематологҚанның қызыл түсті жасушаларыГемофилияОрганизмнің айнасыГемоглобинҚан ауруын емдейтін дәрігерГлобулинПлазмадағы белок2. Биологиялық диктант1. Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.2. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі.3. Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі.4. Қанның құрамы – плазма және қан жасушаларынан тұрады.5. Ағзадағы қанның мөлшері 4, 5 - 5 л6. Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі.