Чипсы мен киришкиді? адам а?засына ?сері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Секция Дүниетану
«Чипсы мен кириешкидің адам ағзасына әсері»
Жобаның авторы: Орман Кәусар Жасұланқызы
2 «Б» сынып оқушысы
Б.Амалбеков атындағы орта мектебі
Жаңаарқа ауданы
Жобаның жетекшісі: Сыздықова Данагуль Бекеновна ІІ деңгейлі сертификатталған, бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Б.Амалбеков атындағы орта мектебі
Қарағанды 2016 жыл
Пікір
Бұл оқушы “Чипсы мен кириешкидің адам ағзасына әсері” тақырыбында зерттеу жұмысын жасады. Аудандық кітапханаға барып көптеген материалдар жинақтады. Интернет желісінен көптеген мағлұматтар алды. Сондай-ақ оқушылардан осы тақырыпқа қатысты сауалнама алды, кириешки мен чипси өнімдерінің құрамын зерттеп, адам денсаулығына ұшан-теңіз зиянын анықтады. Зерттеу кезінде Кәусардың жасы кішкентай болуы  және ақпараттар іздеу кезінде қиындықтар болды. Соған қарамастан, Кәусар алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын. Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды.
Болашақта Орман Кәусар өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен, ынтасымен қарайды.
Жетекшісі: Сыздыкова Данагул Бекеновна
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ........................................................................................................................
І. Әдебиеттерге шолу
1.1 Чипсы мен кириешкидің қысқаша тарихы ........................................................
ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1.Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі...............................................................
2.2.Чипсы мен кириешки өнімдерінің құрамы және адам ағзасына әсері..........
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы.......................
3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне сапалық реакция......
Қорытынды ...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................................
Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты: 
Чипсы мен кириешкидің адам ағзасына зиянын екенін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Чипсы мен кириешкидің адамға әсерін және құрамын анықтау;
-Достарымның арасында чипсы мен кириешки өнімдерін пайдалану мөлшері туралы сауалнама жүргізу.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
1)Егер адамдар чипсы мен кириешки тағамдарының зиянын және әр түрлі аурулар туғызатынын білсе, онда салауатты өмір сүру деңгейі жоғары болар еді.
2)Егер, біз чипсы мен кириешкидің адам ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, дүкен сөрелерінен алып тастау керек.
Зерттеудің өзектілігі: Чипсы мен кириешки өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту.
Зерттеу нысаны: чипсы мен кириешки өнімі.
Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу, салыстыру, тәжірбие жасау, ой қорыту.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Зерттеу жұмыс барысында чипсыйға тажірибе жасағанымда құрамында майдын көп мөлшерде болғанын байқадым,яғни адам ағызасына зияны бар екені анықталды.Егерде қолданыстан алынып тасталынса көптеген достарымның денсаулықтарына ешқандай зиян болмайды.
КІРІСПЕ
Чипсы мен кириешки өнімдері қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Әрбір адам ағзаның дұрыс әрекет етуі үшін тағамның маңызды екенін біледі.  Адам ағзасында өмір бойы үздіксіз зат айналысы мен қуат айналысы жүреді. Ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен қуат көзі болып сыртқы ортадан негізінен тағам түрінде келіп түсетін нәрлі заттар табылады. Егер ағзаға тағам түспесе, адамның қарны ашады. Өкінішке орай аштық адамға қандай және қанша көлемде нәрлі заттар қажет екендігін білдіре алмайды. Біз көбінесе тәтті, тез дайындауға болатын тағамдарды пайдаланамыз да, сол пайдаланып жатқан азық-түліктің пайдалылығы мен сапалылығына мән бере бермейміз.
Бізді қызықтыратыны, осы чипсы мен кирешки қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандарындай бұл өнімдердің адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян ба?
Жүргізілген зерттеу жұмыстарда келесі зерттеу әдістерін пайдаланды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама (әлеуметтік сауал), талдау (жинақталған
ақпараттарды салыстыру).
Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс сапалы тамақтану – адамның денсаулығы мен жоғары жұмыс қабілеттігін сақтауға мүмкіндік берсе, балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді.Ағзаның дұрыс өсуі, дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды тұздар қажет. Дұрыс тамақтанбау жүрек, ас қорыту органдарының, зат айналысының бұзылуымен байланысты аурулардың пайда болуының басты себепшісі болып табылады.
І. Әдебиетке шолу
1.1.Чипсы мен кириешкидің қысқаша тарихы

Чипсы (ағылш.chips — жоңқа) — жұқалап жапырақтап турап қайнатылған және ыстық ауамен кептірілген немесе картоп езбесінен жұқа қабатты етіп кептірілген дайын қытырлақ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%BF" \o "Картоп" картоп. Бұлар алғашқыда Англияда шығарылған. Ұлыбританияда чипсылар қуырылған балыққа гарнир ретінде беріледі. Алғашында чипсы тек элиталық мейрамханаларда ғана сатылатын. Кейіннен қытырлақ картоп азық-түлік дүкендерінінің сөрелерін де жаулап, біртіндеп фастфуд қатарына енді. Бүгінде диетологтар мұны балалар жеуге болмайтын тағамдардың тізіміне қосып отыр. Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсыдың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен.
«Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Ал Ресейде алғаш чипсы Ленинград блокадасында пайда болыпты. Мұнда балаларға картопты жұқа етіп кесіп, пешке қақтап берген екен. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады.

Кириешки – бұл тұзды дәмдеуіш қосылған қытырлақ нан. Алғаш қытырлақ кириешки 1999 жылы қыркүйек айында Новосибирск қаласында шықты. Сол елді мекенде «Сибирский берег» компаниясы 1 тәулікте 3000 пакет кириешки дайындайтын болған. 2005 жылдың басында Қазақстанда «Болжау» компаниясы кириешкиді өндіре бастады.
ІІ . Негізгі бөлімі
2.1.Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді. 1.Тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. 2.Тәулігіне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек. 3.Тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни нәруыз, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.
Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады.Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады. Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы факторлардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.
Қазіргі таңда басты назарды өзіннің тамақтануына аудару қажет, себебі ол салауатты өмір салтының басты шарты болып табылады. Нарықта жасөспірімнің денсаулығына зиян келтіретін  көптеген азық-түліктер толып жатыр, әсіресе оқушылардың ағзасына салмақ түскен уақытта. Сондықтан мектеп өмірінің осы  кезеңінде өз тамақтануынды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Сирек тамақтану: тәбет қоздырады,  қалқанша безінің функцияларын қанайды, өттің қабынуын тудырады.
Майдың артықшылығы: зиянды  аурулардың пайда болуына, артериалды қысымның жоғарылауына, атеросклероздың туындауына, өт жолдарының ауруына алып келеді.
Ас тұзының артықшылығы: асқазан тамырлары мен қабыршағын бұзады, гипертония ауруларының дамуына алып келеді. Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.  
2.1.Чипсы мен кириешки өнімдерінің құрамы және адам ағзасына әсері.
Негізі әр күні миллиондаған адамның жеген чипстері өздеріне қауіп төндіруде. Тіпті кейбір ұйымдар темекідегі секілді чипсы қораптарының сыртына да денсаулыққа зиянды деген ескертулер жазылу керектігін ұсынуда. «Чипс жеудің, май ішуден айырмашылығы жоқ» деген мамандар, қатерлі ісіктен бастап салмақ қосуға, қант диабетінен бедеулікке және паркинсон аурымен қатар бірнеше ауруларға себеп болатынын білдіруде. Құрамында 10 пайыз мөлшерде май және 3 пайыз мөлшерде транс майы бар чипстерден күніне 35 грамдық бір пакет чипс жейтін адам, 1 жылда 5 литр май ішкен болады. Әлемдегі көптеген қоғамдық ұйымдар, университеттер, қорлар чипстің зияндарын айтып түсіндірсе де, чипси жейтіндердің саны жыл сайын арта түсуде. Чипстің құрамындағы майдан басқа тұздың болуы одан да үлкен қауіп төндіруде.
Азық - түліктер біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Бірінші кесірлі продукт - чипсы. Чипсыдың құрамында адам денсаулығына еш пайдасы жоқ қайта кері әсер етеді: канцероген, май, бояғыш заттар және дәмін үдеткіштері мол.Бұл өнім онкологиялық ауруға шалдығу, салмақ арттыру мәселелерімен салмақпен қорқытады.
1.Құнарлығы.
Чипсы мен кириешки өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.
2.Майлар.
Фаст – фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.
Чипсы мен кириешки — майлар мен көмірсулардың қоспасы. Сонымен қатар, оның құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Чипсы, кирешки мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады.Химиялық қоспалар көмегімен бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініштағамдардыңқұлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!! 
Зиянды тағам қоспасының кодтары:
Тиым салынғандар-Е103,Е105,Е111,Е121,Е123,Е125,Е126,Е130,Е152.
Қауіптілер-Е102,Е110,Е120,Е124,Е127.
Күмәнділер-Е104,Е122,Е141,Е150,Е171,Е173,
Е180,Е241,Е477.
Ісіктудыратындар- Е131,Е210-217,Е240,Е330.
Ішекауруларынтудыратындар -Е221-226.
Терігезияндылар-Е230-232,Е239
Қысымныңөзгерісінтудыратындар-Е250,Е251.
Бөртпеніңпайдаболуынаәсерететіндер-Е311,Е312.
Холестериндіжоғарылататындар-Е320,Е321.
Асқазанауруынтудыратындар-Е338- 341,Е407,Е450,Е461-466
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы
Мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:
1. Чипсы мен кириешки өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
2. Кириешки мен чипсы өнімдерін аптасына неше рет қолданасыз?
3.Чипсы мен кирешки денсаулыққа қандай зияны бар?
4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?
Сауалнамаға барлығы 145 оқушықатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылары 20% күнделікті, 30% аптасына 2- 3 рет, 35% айына – 1 рет, 15 % мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың 10% чипсы мен кирешкиді адам ағзасына пайдалы, 60%денсаулыққа зиян екендігін, 30% кириешки және чипсидің ағзаға әсерін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кириешкилар болып табылды.
Чипсы мен кириешки өнімдерін күнделікті қолданасың ба?

Чипсы мен кирешки өнімдерініңденсаулыққа қандай пайдасы бар?

Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып, ыңғайлы болуы.
3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне сапалық реакция
Біз ата –аналарымыздан, дәрігерлерден бұл өнімдердің біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз.Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдік.
Сурет №1 Чипсы мен кириешки өнімінің құрамындағы майды анықтау

Бірінші іс-тәжірибемде мен ақ қағазды алып, оған чипсы мен кирешкиді ұнтақтап ездім.

Қағазымды алып, жарыққа қарасам, майдың ізі қалған. Бұдан қорытынды шығарсам, чипсы мен кирешки өнімдерінің құрамында майдың үлесінің шамадан тыс көп болуы.
Сурет №2 Чипси өнімінің құрамында қоспалардың барын анықтау

Екінші іс-тәжірибемді мұғалімнің көмегімен жасадым. Біз чипсиді жақтық. Чипсы тез тұтанып жанады екен. Жанған уақытта пластмассаның иісі шығып, құрамындағы майы ериді.Бұдан қорытынды шығарсам, чипсы өнімінің құрамында май мен әр түрлі қоспалардың бар екендігін көрсетеді.
Сурет №3 Чипси өнімінің құрамындағы крахмалды анықтау

Үшінші іс-тәжірибемде мен чипсыда крахмалдың болатынын дәлелдедім. Чипсиді езіп, оны стаканға салдым. Стаканға су құйдым. Оған
2-3 тамшы йод ерітіндісін құйдым. Стакандағы судың түсі көк түске өзгерді. Салыстыру үшін бүтін чипсиге йод ерітіндісін тамыздым. Бірақ түсі өзгерген жоқ.Бұдан қорытынды шығарсам, чипсы өнімі тауарлық сатылымға шықпас бұрын жақсылап өңделуі қажет деп ойлаймын.
Қорытынды
«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету.
Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды және чипсы мен кирешкиден аулақ болуларыңызды сұраймын».
Менің ұсынысым:
кириешки мен чипсиді кішкентай балаларға ұсынбаңыз.
асқазан және ішек аурулары бар оқушыларға мүлдем қолдануға болмайтынын ескеріңіз.
Алдағы уақытта бұл өнімдерді дүкен сөрелерінен алып тасталса.
Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым және біз қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды байқадым. Бұрын чипсидың, кириешкидің құрамында не бар екенін білмейтінмін. Қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде көзім жетті.
Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын.
Қолданылған әдебиеттер
1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл
2. “Биология және салауаттылық негіздері”
3. “Орталық Қазақстан”. 2010ж №4
4. “Қазақстан әйелдері” 2011 ж №2
5. “Пайдалы кеңестер”
6. Ғаламтордан алынған мәліметтер