Элементтерді? адам а?засына ?сері


Элементтердің адам ағзасына әсері
Көрнекі құралдар мен оқу құрал –жабдықтарының типтік тізімінде орта мектептер үшін жоғары белседі физиологиялық заттарға сипаттама берейік.
Бром (лат. Bromum, грек. bromos — сасық), Br — элементтердің периодты жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Ат. н. 35, ат. м. 79,904; галогендер тобына жатады. Тұрақты екі изотопы бар: 79Br, 81Br. Б-ды 1826 жылы француз химигі А. Балар бос күйінде бөліп алды. Бром қалыпты жағдайда өткір иісті, қызыл қоңыр түсті, ауыр сұйық. Ауада тез буланып, сары қоңыр түсті бу түзеді, 0ӘС-тағы тығызд. 3,19 г/см3, қайнау t 58,78ӘС, балқу t –7,2ӘС. Жер қыртысындағы мөлш. 1,6Һ10–4%. Табиғатта теңіз суында, тұзды көлдерде, табиғи хлоридтерде кездеседі. Бром сирек кездесетін ромаргирит (AgBr) және эмболит Ag(Cl, Br) минералдарын түзеді. Химиялық активтігі жөнінен хлор мен иод арасында орналасады. Көптеген бейметалдармен (Ca, N, C, инертті газдар) және металдармен тікелей әрекеттеседі, қышқылдармен реакцияға түспейді. Сілтілермен реакцияласқанда гипобромит (салқындатқанда)және броматтар (қыздырғанда) түзеді. Сутегімен әрекеттесіп бромсутегін береді, оның судағы ерітіндісі қышқылдық қасиет көрсетеді. Олар өткір иісті сұйық, күшті қышқылдар қатарына жатады. Бромды сутек қышқылының тұздарын бромидтер деп атайды. Бром суы және бромидтер ерітіндісі арқылы хлор жібергенде Бром бос күйінде бөлінеді. Бұл реакция теңіз суынан және тұзды көлсуларынан бром алу үшін пайдаланылады. Бром және оның қосылыстарын органикалық синтезде, фотоматериалдар мен бояулар алуға және дәрі-дәрмек өндіруге пайдаланады.
Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С; қайнау t 184,350С. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда,балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен жәнесутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіпйодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады.Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады. 
Барийдің қосылыстары.Ішке түссе ғана өте кауіпті.Оған барийдің оксиді,гидроксиді,нитраты,хлориді жатады.Олардың ерітінділерін дайындау барысында жұмыс орынын полиэтиленмен жауып тастау қажет.Жұмыс соңында оны сульфат ерітіндісімен сүрту қажет(ылғандандырылған матамен,сульфаттарға айналдыру үшін ,өйіткені олар суда ерімейді.Барий иондармен жұмыс соңында қолды жуу қажет,ал қолыңызды жумай тұрып денеге немесе бетке тигізуге болмайды.
Калий перманганаты — марганец ерітіндісі, марганец ерітіндісінің калий тұзы. Калий перманганаты ерітіндісінің қоспалары медицинада антисептикалық зат ретінде кеңінен қолданылады. Оны жараларды тазарту үшін, тамақты шаю үшін қолданады. Марганец ерітіндісі мен глицеринді бір жерде сақтауға болмайды, себебі, бұл өртке әкеліп соғуы мүмкін.
Ауыр металдардың барлық дерлік қосылыстары 1г немесе одан да көп мөлшерде физиологиялық активті болып саналады.
Күміс қосылыстары– күміс элементін түзетін қосылыстар. Күміс өзінің барлық қосылыстарында бір валентті. Оның активтігі кем болғандықтан сұйытылған күкірт пен тұз қышқылдарынан сутекті ығыстыра алмайды, бірақ қыздырғанда олармен әрекеттеседі. Күміс ионы кешенді қосылыстар түзуге өте бейім болғандықтан, циан қышқылы тұздарының ерітінділерінде оттек газы немесе сутек пероксиді арқылы оңай тотығады. Күмістің Ag2O, AgO, Ag2O3 оксидтері белгілі. Күміс азот қышқылында (НNO3) еріп күміс нитратын түзеді. Күміс нитраты, AgNO3 айна жасауда, күміспен әр түрлі бұйымдарды қаптау үшін гальваник. техникада және күмістің басқа қосылыстарын алу үшін қолданылады. Күміс галогендермен әрекеттесіп AgBr, AgCl, AgJ, AgF, т.б. қосылыстарын түзеді. Күміс бромиді (бромды күміс), AgBr ақшыл сары түсті кристалды зат, тығызд. 6,47 г/см3, балқу t 430°С. Күміс бромиді аммиак, натрий тиосульфаты және калий цианидімен әрекеттесіп, суда еритін кешенді қосылыстар түзеді. Күміс бромиді жарық әсерінен ыдырайды. Табиғатта ол күміс хлоридімен бірге кездеседі. Оны калий бромиді (KBr) мен күміс нитратының (AgNO3) ерітінділерін әрекеттестіру арқылы алады. Күміс иодиді (иодты күміс), AgJ ақшыл сары түсті кристалл, тығыздығы 5,67 г/см3, балқу t 552°С. Суда ерімейді, тиосульфаттарда ериді. Ол калий цианидімен әрекеттесіп, суда ерімтал кешенді қосылыс түзеді. Күміс иодидін күміс нитраттарының ерітіндісіне йодсутек қышқылымен немесе оның тұздарымен әсер ету арқылы алады. Күміс хлориді (хлорлы күміс), AgCl ақ түсті кристалды зат, тығызд. 5,56 г/см3, балқу t 457,5°С, қайнау t 1431°С. Ол аммиак, натрий тиосульфаты және калий цианидімен әрекеттесіп, суда ерімтал кешенді қосылыстар түзеді әрі жоғарыда аталған заттардың судағы ерітінділерінде жақсы ериді. Күміс хлориді жарық әсерінен ыдырап, қара түсті күміс бөлініп шығады. Табиғатта кен түрінде кездеседі. Таза күйінде оны күміс нитратының (AgNO3) ерітіндісіне хлорлы натрий ерітіндісімен әсер етіп алады. AgBr, AgCl, AgJ-тері жарық сәулесін сіңірудің нәтижесінде күміске және галогендерге айналу қасиетін фотоматериалдар жасауда қолданады.
Анилин- (араб. ән-ніл — көк), С6H5NH2 — түзсіз, өзіне тән исі бар органик. сұйық зат. Қайнау темп-расы 184,40С, қату темп-расы – 5,960С. Алғаш рет 1826 ж. алынған. Құрылымын 1843 ж. неміс химигі А.В. Гофман дәлелдеген. Аналин органиалық ерітінділермен кез келген мөлшерде араласады. Көптеген көмірсутектермен, галоген туындылармен азеотропты қоспа түзеді. Сумен түзетін азеотропының (18%) қайнау темп-сы 91,50С. Аналин — әлсіз негіз. Минералды қышқылдармен әрекеттесіп, тұздар түзеді. Аналиннің 2000С-та түзілген сульфаты сульфанил қышқылына айналады. Аналин диазони тұздарын түзеді, оның басқа көптеген реагенттермен әрекеттесуінен азобояулар алынады. Аналин азот атомы бойынша сутек, альдегид және кетон қатысуымен алкилхлорид олефинге алкинденеді. Өндірісте Аналиннің спирттермен каталитиктік әрекеттесуі нәтижесінде N-алкиланилин, N, N-диалкиланилин алынады. Оның формальдегидпен конденсаттануынан түзілген n, nо- дииминодифенилметанды фосгенирлеу арқылы полиуретан өндірісіне қажетті шикізат — дифенилметандиизоционат алынады. Аналинді никель катализаторымен гидрлеу кезінде капролактан өндіруге қажет аралық өнім – циклогексиламин түзіледі. Аналинді өндірістік жолмен алудың негізгі әдісі — нитробензолды сутегімен газ және сұйық күйде тотықсыздандыру. Газ күймен атқарылатын процесс түйіспелі қондырғыда никель немесе мыс катализаторы қатысуымен 250-3500С-та жүргізіледі. Пайда болған сұйықтан Аналинді тұндыру және дистильдеу арқылы бөліп алады. Сұйық күйден Аналин алу процесі сутегінің жоғары қысымында (1,1 мПа) және 160-1700С темп-рада никель немесе паладий катализаторы қатысуымен жүргізіледі. Аналин сонымен қатар 300-6000С темп-рада 1мПа қысымда қозғалмайтын катализатор қабаты бар (алюминий оксиді, алюмосиликат) адиабатикалық реакторда фенол аммонолизі арқылы да алынады. Аналиннің сапасы хлорлы әктің сулы ерітіндісі әсерінен күлгін түске боялуымен, азобояулар алынуымен немесе газды хроматография әдісімен анықталады. Аналин өндірісі басталғаннан бері (1847) бояу, 2-дүн. жүз. соғыстан кейін резина, 1970 жылдан дәрілік заттар өндірістерінде қолданылады. Оның қазіргі әлемдік өндірісі жылына 1 млн. т-ға жетеді.