«Радиактивті с?улелерді? адам а?засына ?сері ж?не одан ?ор?ану жолдары».


Тақырыбы: «Радиактивті сәулелердің адам ағзасына әсері және одан қорғану жолдары».Орындаған: Абылбек АқеркеСекция: физикаЖетекшісі: Бажанова Сауле “Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен”коммуналдық мемлекеттік мекемесі Радиация латын тілінде радиус – сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады. Сәулеленудің түрлері -сәулелену -cәулелену-сәулелену Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады. Радиацияның әсері Медицина саласындағы радиация Қаскелең қаласындағы «Рентгенология» бөлімінің дәрігерлерімен рентген сәулелері тұралы сұхбаттасып, сауалнама жүргіздім. Дәрігерлердіңой пікірлері аз болған жоқ, флюорографиялық зерттеу үрдісінде ағза радиоактивті сәулеленуге ұшырайды, ал бұл түсінік барлық адамдарды үрейлендіреді дейді. Әрине, адам зерттеу кезінде иондалған сәулеленуге ұшырайды, бірақ бұл құбылыс аздаған секунд ішінде және мөлшері күнге қыздырынғанда алатын 2-8 күндік әсермен тең келеді, дей тұрғанмен қарсы көрсеткіштері бар. Тек ерекше көрсеткіштері бойынша 15 жасқа дейінгі балаларға зерттеу жүргізуге болады, ал жүкті әйелдерге флюрографиядан өтуге мүлдем тыйым салынған. Радиациядан қорғану Радиактивті қорғанудың үш тәсілі бар : физикалық, химиялық және биологиялық.Физикалық тәсілі: қолға арнаулы перчаткилер киіп , дер кезінде денені, қол-аяқты жылы сумен жуып отыру керек. Радиактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктерінің ішкі ағзаға өтіп кетпеуін қадағалап отыру керек.Егер де кішкентай бөлшектер ағзаға өтіп кетсе,оның шығуы оңай емес.Олар радиактивті сәулелер таратады.Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С, Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис).Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Әлемдегі радиациялық жағдай Жапониядағы Фукусима I және Фукусима II –і атомдық жарылыстар 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарынан Семей полигоны 1949 жылдың 12 тамызында, Семей полигонында бірінші сыналған РДС-6с советтік сутекі бомбысы болды  Семей  полигонында 1949 – 1989 жылдар бедерінде  468 мәрте ядролық бомба сынақтан өткiзiлген. 1962 жылға дейiнгi сынақтар тек жер бетiнде жүзеге асырылған (30 жерүстi, 88 ядролық құрылғы ауада сыналған). Яғни ашық жағдайда. Мұның өте қауiптi екенi айтпаса да түсiнiктi жайт. Бұл қасіретке жер астында жасалған 350 ядролық сынақты қосыңыз. 1953 жылдың 12-тамызында тұңғыш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22-қарашада әлемдегi ең алғашқы сутегi бомбасы Семей топырағында сынақтан өттi Сауалнама нәтижесі Ауыл тұрғындарына сұрақ қойып пікірлерін білдім. Нәтижесінде:Әлемдегі радиациялық жағдай сіздерді толғандыра ма?Барлығы «Ия» деп жауап бердіРадиация денсаулыққа әсер етеді деп ойлайсыз ба?80 % - «Ия» 20 % - «Жоқ» Қазіргі заманымызға сай рентгендік , аппараттардан бас тарта аласыз ба?Барлығы «Жоқ» деп жауап берді.Табиғатты радиациядан сақтауға үлес қоса аласыз ба?60 % - «Ия» 40 % - «Жоқ» Сауалнаманың қорытынды нәтижесі: радиацияның адам денсаулығына қатты әсер ететінін көптеген жастар білмейді екен. Сол себептен «Жұмыла көтерген , жүк жеңіл» демекші ,табиғатты радиациядан сақтауға барлығымыз атсалысуымыз қажет. Қорытынды Қазіргі кезеңде ең басты мәселе – радиактивті ластанудан қорғану проблемасы. Бұл проблеманың өзіне тән ерекшеліктері бар және олар табиғатты қорғаудың жекелеген басқа міндеттерінен мүлдем өзгеше.Біріншіден, радиактивті ластану жер қабатының барлық сфераларына және оның барлық компоненттеріне тікелей әсер етеді.Мұның өзі радиактивтік фонның қалындауына қарсы күресті қиындатып, күрделендіре түседі.Екіншіден, антропогендік радиацияның биосфераға ықпалының деңгейі шұғыл қарқынмен өсіп келеді.Осы аталғандардың барлығы радиактивті ластанудан қорғау жөніндегі арнаулы шаралар қолдануға ықпал етеді. Радиактивтілік - адамзат баласының өміріндегі ең маңызды жаңалығы болып табылады. Ал радиактивтілік ғылымдағы маңызы қаншалықты болса, оның адам баласының ағзасына, материяға, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне келтіретін зияны да мол екенін естен шығармауымыз керек.Радиациялық ластану жер жүзіндегі адамзатты толғандыратын өзекті мәселесінің бірі болып келеді. Сол себептен тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар ластану дәрежесін есепке ала отырып, барлық жерде қамти отырып жүргізілуі қажет деп ойлаймын. Пайдаланған әдебиеттер Физика және астрономия. 9 сынып Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005 ж.Төлеубаев Б.Ә. «Радиациялық экология жайлы қысқаша таным» Павлодар 2008 ж.3. «Айқын » облыстық саяси газет, 2014 ж.4. Интернет ресурстары.