ІІ жартысы-ХІІ ?асырды? басында?ы ?аза?стан м?дениеті тарауын ?айталау. 7 сынып


Тақырыбы: X-XIII ғ басындағы Қазақстан мәдениеті тарауын қорытындылау қайталау сабағы Күтілетін нәтиже:Білім• Орта ғасырлардағы қалаларды үш топқа бөліп қарастырады; X-XII ғ қала құрылысындағы өзгерістерді танытады; Түсінік• Қолөнер саласында қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің сырын ашып біледі; X-XII ғ сауданың дамығандығын және ақша айналымының болғандығын түсіндіреді; Қолданыс X-XII ғасырларда салынған сәулетті ірі құрылыстарды танытады; Анализ• Қала мәдениеттің дамуына ислам дінінің маңызды рөл атқарғанын түсіндіреді; Ислам дінінің пайда болуымен қалалар мен қыстақ-кенттерде салынған мешіттерді тұтастырады; Мұсылманша жерлеу салтына қозғау салады; Синтез• Қожа Ахмет Йасауидің даналық кітабы еңбегі адам баласын адал болуға тәрбиелеген тұстарын түсіндіреді; Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғанидың халықты имандылыққа шақырғаны туралы ой түйіндейді;  Баға• Ислам дінінің нығаюы қазақ жеріндегі ғылым мен білімнің дамуына зор үлесін қосқан деп жақтайды;  Қалалардың көлемі бойынша бөлінуі Қала құрылысындағы өзгерістер Қалаларға жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары олардың ішкі құрылыс жүйелерінен толық мағлұмат береді.Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазба жұмыстары, бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қандай дәрежеде болғандығын көрсетеді. Көшелер, оның екі жағына салынған үйлер, шаруаға қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерге салынған шеберханалар ашылған.Әр ірі архитектуралық құрылыстың маңында кірпіш күйдіретін, сәнді глазурь дайындайтын орындар болған. Қолөнердің дамуы Құмырашы-көзешілер аяқпен айналдыратын ұршықтармен саз балшықтан әр түрлі формада құмыра немесе қыш ыдыстар жасаған. Көзешілердің шеберханалары бірнеше бөліктен тұрған. Бірінші шеберханаЕкінші шеберханаҮшінші шеберханаҚыш құмыра жасау үшін сазды осы жерде илегенБұл жерде ыдысты қалыпқа келтірумен айналысқан.Бұл жерде дайын болған ыдыстарды арнаулы ошақтарда күйдіргенКүйдірілген қыш ыдыстар төзімді болған. Сауда және ақша айналымы Орта ғасырдағы сауданың дамығандығын ақша айналымының болғандығынан байқаймыз. Ірі қалаларға жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде олардан табылған алтан, күміс, қола сияқты металдардан жасалған теңгелер тек айырбас сауда ғана емес, тауар-ақша қатынастарының да болғандығын көреміз. Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған. Кесененің атыОрналасқан жеріСипаттамасыАрыстан-бабОтырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқанБұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады.  Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралғанАйша-бибіЖамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде орналасқанХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. 12 ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған.Бабаджа-қатынЖамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде орналасқанАйша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XII ғ. сәулет ескерткіші болып саналады.  Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Қарахан Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқанКесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан  Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. 11 ғасырдан салынғанОрта ғасырдағы кесенелер құрылысы Орта ғасырлық мешіттер құрылысы X ғасырдың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады. Олардың кейбіреулері осы күнге дейін сақталған. Боран мұнарасы X ғ. аяғында немесе XI ғасырдың басында Жетісу халқы жаппай мұсылмандылыққа көше бастаған кезде салынған. Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ең ертедегімешіттің орны табылды. Оның көлемі 36,5х20,5 метр. Күйдірілген және шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұндай мешіт Тараз қаласының маңындағы Өрнек қаласынан да табылған Ислам дінінің қала мәдениетінің дамуына ықпалыIX-X ғасырлардан түркілер әлемінде суниттік бағыттағы ислам діні кеңінен орныға түсті.Мешіттер салынып, ислам негізі мен құранды оқып үйренетін медреселердің де іргетасы қаланды. Отырар, Тараз, Сығанақ, Сауран, Қойлық т.б. ірі қалалар мен елді мекендерде орта ғасырлардың алғашқы кезеңінде–ақ мешіттер салына бастаған. Отырар қаласының оңтүстік жағында 4км жерде Байылдыр қыстағының жанындағы Жұма мешітінің орны зерттелген.Ислам дінінің орныға бастағанын осы кездегі тұрғындардың жерлеу салтынан да байқауға болады. Мұсылманша жерлеу салты бойынша адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті. Қожа Ахмет Йасауи ( 1103-1167) Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған.Шешесі-Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде-Қарашаш). Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған. Ол өзінің әпкесі Гауһар –Шаһназдың қолында өседі. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген.Арыстан бабты пір тұтады.Қожа Ахмет Йасауиден қалған мұра оның «Даналық кітабы» -«Диуан-и хикмет» болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Шәкірті Сүлеймен Бақырғани.