А?паратты? — коммуникативтік технология ??ралдары


Ақпараттық - коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. Ақпараттық - коммуникативтік технология - мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық– коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады БағыттарыМақсаттарыЭлектронды оқулықтарОқу-әдістемелік, электронды кешендер құру, әдістемелік Web-сайттар ашуТелекоммуникациялықтехнологияларЖалпы компьютерлікжелілерді пайдалануМультимедиалық және гипермәтіндік технологияларБағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалықсайттар, құралдар жасауҚашықтан оқыту(басқару) (Internet)Өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз етуЖаңа ақпараттық -коммуникативтік технология Оқушылардың білім сапасы Меніңше, оқыту жүйесінде сабақтарда ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс. Тиімді жақтары:Оқушының оқуға деген ынтасы артады;Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Ұсыныстар:Информатика пәні бойынша ұлттық тілде оқулықтардың сапасы артып,әдістемелік құралдар,тәжірбиелік зертханалық жұмыстар жазылып таратылса;Мектептерді жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталып,мұғалімдердің, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалса;Электрондық оқулықтарды әр мұғалім өзі жасап,электрондық оқулықтардың саны көбейтілсе;