?мір Темір жоры?тары саба? жоспары


12 қаңтар 2014 жыл Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Әмір Темір басқыншылығы
Жалпы мақсат: Әмір Темір туралы, оның басқыншылық жорықтары туралы толық мәлімет алуы тиіс
Сілтеме: С.Жолдасов «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» Алматы «Атамұра» 2012 жыл
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Әмір Темір туралы жалпы мағлұмат алады
Әмір Темірдің жасаға жорықтарымен танысып, зардаптарын талдай біледі.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, портрет
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3.Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсынысы», «Бас бармақ» әдісі бойынша
Топқа бөлу: Ретке саналу арқылы үш топқа бөлінеді
Ойлау деңгейлері Мақсаты Күтілетін нәтиже Түрткі (сұрақ, тапсырма ж/е т.б) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу Тақырыптың мазмұнын меңгеруі тиіс Мәтінді меңгереді. «Пирамида» әдісі бойынша мәтінмен танысады. «Қарлы кесек» әдісі бойынша баяндалады
1-топ: Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.
2-топ: Әміт Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.
3-топ: Әмір Темір жорықтарының зардаптары Тапсырманы түсіндіреді, тапсырманы орындау барысында бағыт беріп отырады Мәтінмен танысады, баяндайды, бағалайды.
Түсіну Өткен сабақтағы материалмен жаңа сабақты байланыстыра алуы керек Айырмашылығын ажыратады Шыңғыс хан мен Әмір Темірді салыстырыңыз. Бағыт береді, тұжырым жасауға жәрдемдеседі Салыстырады. Ой қорытады
Қолдану Алған мәліметті қолдана алуы тиіс Берілген тапсырманы орындайды, дәлелдейді  « Дискуссиялық өрнек»
           Оқиға   иә жоқ         дәлелде
1.Әмір Темірдің шыққан тегі өзбек тайпасынан болатын.2.1376ж. Ұрыс ханның және оның ұлы Тоқтақияның қаза болуы-Ақ Орданың күшеюіне әкеліп соқты.3.Әмір Темір Моғолстанға 1371-1390ж. Он шақты жорық жасады.
4.Тоқтамысты жазалау үшін Әмір Темір 1391ж. 21 қаңтарда 200 мың әскермен жорыққа шығып, Тоқтамысты өлтірді.
5. Әмір Темір 1371-1372ж. Моғолстанға әскер аттандырды.
6.Әмір Темір жорығы Қазақстан үшін,ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін ауыр болған жоқ.
7.Әмір Темір өлген адам сүйегінен  үй тұрғызды.
8. Әмір Темірдің әмәрі, тәртібі күшті болғандықтан оны «хан» емес «әмір» атаған. Тапсырма береді Алған білімін нақтылайды.
Талдау Азамат ретінде көзқарастарын кеңейтуі тиіс Өзіндік пікір айта алады және пікірін дәлелдей алады. Мәуереннахр билеушісі Әмір Темір Қожа Ахмет Иасауидің құрметіне кесене тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Кесене қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қаланғанда әлгі оқиға тағы қайталанады. Осындай оқиғалардан кейін Әмір Темірдің түсіне ақ киімді қария кіріп: «Алдымен Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы – Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал», - дейді де ғайып болады. Ертеңінде Әмір Темір Арыстан баб әулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді. Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы ойдағыдай аяқталады. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне Отырар жерінде Арыстан баб кесенесі бой көтереді.
Осы әңгімеден кейін Әмір Темірді қай қырынан тануға болады? Өз пікіріңмен бөісіңіз
Тапсырманы түсіндіріп, бағыт береді Сұрақтарға жауап береді
Жинақтау Қорытынды жасауға дағдыландыру қажет Ойын жинақтай , түйіндей алады. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
топ: оң салдары
топ: теріс салдары
топ: Қай топтың дәлелі басымырақ болғандығын анықтайды Тапсырма береді Алған білімін жинақтайды.
Бағалау Тұжырым жасай білуге үйрету керек Тұжырым жасай біледі сараптай, бағалай алады. «Өткенге салауат»
«Бүгінге шүкіршілік»     Дегенмен…..       Өйткені….. Бағыт береді, бақылайды Тапсырманы орындап болған соң, тақырыптың өзектілігіне пікір білдіреді.