План конспект урока на тему ?мір Темірді? жоры?тары


Сабактың тақырыбы : Әмір Темірдің жорықтары.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары,Моғолстан хандығына жорығы және оның жорықтарының зардаптары жайында білім беру.
дамытушылық: оқушылардың оқулықпен жұмыс дағдыларын
қалыптастыра отырып, ой өрістерін дамыту. тәрбиелік: оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: оқулықпен жұмыс,сұрак-жауап,тусіндіру,баяндау. Көрнекілігі: Орта ғасырлардағы Қазақстанның картасы, сызбалар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Үй тапсырмасын бекіту.
IV.Жаңа тақырып.
V.Жаңа тақырыпты бекіту.
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма беру.
I.Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, түгендеп, зейін ықыластарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру: 1.Моғолстан мемлекеті қай жерде құрылды? 2.Халқының этникалық құрамы қандай болды? 3.Мемлекеттің ішкі жағдайына сипаттама бер? 4.Мемлекеттің сыртқы жағдайы қандай болды? 5.Батпақ шайқасы жайына не білесің? III.Үй тапсырмасын бекіту: 1.Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды? 2.Осы мемлекет неліктен Моғолстан деп аталды? 3.Моғолстанның құрылуына басты рөл атқарған тайпа?
IV.Жаңа тақырып: Жоспар: 1.Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары. 2.Моғолстан хандығына жорығы. 3.Жорықтарының зардаптары.
1336 жылы Түркістанда туып,1405 жылы Самарқан қаласында жерленген.Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. Ол 1370 жылы Мәуренахырды басып алды. Содан 35 жыл бойы – 1405 жылға дейін жеке дара билік жүргізген. Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағына – Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь – Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырды. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын оның өзіне жақын жатқан бөлігі ақ Орданы әлсіретуді көздейді. Оған себеп те табылады. Ақ Орданың ханы Ұрыс Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын басып алуға көмектеспегені үшін Жошы ұрпағы Түй – Қожаны жазалайды. Ал оның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барады.
Оқушылар сендер бұл тақырыпшаны алдынғы Ақ Орданы өткенде оқып танысқансындар. Міне соған байланысты сұрақтар:
1.Әмір Темір Ақ Орданы әлсірету үшін кімді пайдаланды? 2.Тоқтамыс деген кім еді? 3.Әмір Темірдің ойлаған жоспары іске асты ма?
Ақыры аяғында Тоқтамыс Әмір Темірге бағынбай кетті. Ал Әмір Темір оны жазалау үшін 1391 жылы 21 қаңтарда 200 мың әскерімен оған қарсы жорыққа аттанды. 18 маусымда құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қуып жетіп, қирата жеңеді.Алайда ұрыс алаңынан Тоқтамыс хан қашып құтыладыӘмір Темір көп олжамен қайтады. Тоқтамыс 1393 жылдан бастап Алтын Орданы қайта қалпына келтіруге тырысып, өзінің билігін күшейте түседі.Әмір Темір 1395 жылы Тоқтамысқа қарсы тағыда жорыққа шығады. Бұл жолғы шайқас кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өткен. Тоқтамыс күйрей жеңіліп, темір әскерлері Еділ бойынан – Алтын Орданың астанасы сарай – Беркеден бір –ақ шығады.Қаланың байлығын тоналып, оларға өрт қойылады, Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұқсан келтіреді.
Әмі Темір 1371 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейттерді жеңіталқандап, қайтып оралады.Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өніріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады.Бұл жорық Моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

Әмір Темір жорықтарының зардаптары:
Әмір Темір жорықтарының Қазақ жеріне тигізген зардаптары.


Халқы қырғынға ұшырады, шаруашылық күйреді


Елдер арасындағы байланыс үзілді, қалалар қирады


Ауа көшу, қоныс аудару күшейді, халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.


Мәдениеттің дамуына зардабын тигізді.


V.Жаңа тақырыпты бекіту:
1.Әмір Темір деген кім?Оның мемлекеті қай жерде құрылды? 2.Әмір Темір Алтын Ордаға шабуыл жасау үшін кімді пайдаланды? 3.Темірдің Моғолстанға қарсы шапқыншылық жорықтары туралы не білесің? 4.Әмір Темірге қарсы бүлік шығарушылар кімдермен одақ құрды? 5.Жорықтардың зардаптары қандай болды?
Бағалау: Үйге тапсырма беру: § 25. Әмір темірдің басқыншылық жорықтары: оқу,хронология жазып,жаттап келу.