§§13.14. Затты? агрегатты? к?йлері. ?атты денелерді? бал?уы ж?не ?атаюы.


§§13.14. Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Есімізге түсірейік Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Оны қандай әріппен белгілейді? Қандай бірлікпен өлшейді?Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай формуламен өрнектейді? Формуланы жазыңдар.Механикалық энергияның ішкі энергияға және керісінше ішкі энергияның механикалық энергияға өзара айналуына мысалдар келтіріңдер.Энергияның сақталу және айналу заңының мәні неде? Пішіні мен көлемін сақтау – қатты денеге тән қасиет. Қатты дененің молекулаларының орналасуы Сұйықтың молекулаларының орналасуыАққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет Газдардың молекулаларының орналасуыГаздың тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процесін балқу деп атайды. Зат балқитын температураны балқу температурасы деп атайды.Заттың сұйық күйден қатты күйге өту процесін қатаю немесе кристалдану деп атаймыз. Зат қатаятын температураны қатаю температурасы деп атаймыз. Аморф денелерде кристалдық құрылыс болмайды.Аморф денелердің тұрақты балқу температурасы болмайды. Балқу кезінде отынның энергиясы неге жұмсалатынын график арқылы түсіндіру. 1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын Q жылу мөлшерін осы затттың меншікті балқу жылуы деп атайды және λ деп белгілейді. Балқу температурасында сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан артық. Кейбір заттардың меншікті балқу жылуы, Дж/кг. Массасы m зат қатайғанда осындай жылу мөлшері бөлінеді. Заттың m массасын балқытуға қажет жылу мөлшері . Үйге тапсырма:§§13,14. 9-ж. №5, №6, №7, №8.