?дептілер мен мейірімділер еліне саяхат сыныптан тыс шара 5-6 сынып


Құпия хаттарға жауап беру.Әр топқа құпия хат жазылған конверттер таратылып беріледі. Жағдаятты шешіп, жауабын әр топ ойланып,ақылдаса отырып айтады.
1-хат: Құрметті достар! Менімен сыныптас бір бала бар.Өзі өтірікші, көзбе –көз өтірік айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен дос болып бірге ойнайын ба? Әлде......

Құпия хаттарға жауап беру.Әр топқа құпия хат жазылған конверттер таратылып беріледі. Жағдаятты шешіп, жауабын әр топ ойланып,ақылдаса отырып айтады.
2-хат: Құрметті достар! Менімен парталас досым күнде ойнап-ойнап үй тапсырмасын орындамай,жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «сен сараңсың,қызғаншақсың»- дейді. Мен не істеуім керек?

Сыныптан тыс тәрбиелік шара. 5-6 «а» сынып.
Танымдық ойын:«Әдептілер мен мейірімділер еліне саяхат».
Мақсаты: білімділік:- Оқушыларды әдепті сөздер туралы түсініктерін кеңейту, сыпайы сөздерді орынды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық:- Сөздік қорларын байыту, тіл дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, еске сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:-әдептілікке, сыпайылыққа үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,нақыл сөздер, сиқырлы сөздер ағашы, сюжетті суреттер, сандықша,т.б.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікір алмасу,
Сабақтың түрі: саяхат-сабақ.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері:-Балалар бүгін мен сендерді амандықпен көргеніме қуаныштымын.Сендерді күлімдеген жүздеріңмен көңілашар сәтіне шақырамын.
Ондай болса, бәріміз бірге –Сәлем, достым,(Қол жоғарыда)
Сені аман көргеніме қуаныштымын(Қол ұстасады)
Қайырлы таң: Қайырлы күн!(Қол көкіректе)
Күліп шықты күн бүгін! (Қол жоғарыда).
-Балалар, бүгін біз сендермен «Әдептілер мен мейірімділер еліне» саяхатқа шықпас бұрын, балалар, «Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені»- дегендей, қане, бәріміз бір бірімізге иіліп амандасайық.(Бәрі иіліп сәлемдеседі).
-Ол елге жету үшін мынадай бекеттерге тоқтап, тапсырмаларын орындауымыз керек.
1 -бекет: «Әдепті сөздер ағашы».
2 - бекет: «Мақал-мәтел халық қазынасы».
3 - бекет: «Әдептілер мен мейірімділер әлемі».
4 - бекет: «Әдептілер мен мейірімділер көмегі».
5 - бекет: «Әдептілер мен мейірімділер елі».
Саяхатқа шықтық, іске сәт ,балалар!
1 -бекет: «Әдепті сөздер ағашы» тапсырмасы:Әдепті сөздер ағашын қандай сиқырлы сөздермен үлкен, әдемі етіп өсіруге болады? Қандай әдепті сөздерді жазуға болады?Келесі аялдамаға өту үшін онда берілген тапсырмаларды орындап кетуіміз керек.Өз ойыңды түсіндіре кетесің.
-Қазір мұқият тыңдап отырып қандай әдептілік сөздері керек екенін жазамыз.
1.Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп.
.... .... ізетпен,
..... деп.
2. Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сенде шықтың көшеге,
Қағып кеттің көршіңді,
Абайсызда байқамай,
Мұндайда не деу керек?
3.Апаң сенің базардан алма сатып әкелді,
Ең үлкенін жақсысын саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
4.Ауыр затты көтеріп, белі кеткен иіліп.
Келе жатты қарт ана, Саған қарсы кезікті,
Өте шықтың жанынан, Мұндайда не деу керек?
5.Добын апар Назардың,-деді ағаң, бармадың.
Тапжылмадың, сазардың, аға тілін алмадың,
Сен қай сөзді айтпадың?
2 - бекет: «Мақал-мәтел халық қазынасы». Мақал-мәтел халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының қазынасы. Мақал-мәтел – өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. «Мақал-мәтелді жалғастыр» тапсырмасы:
1.Әдептілік белгісі-.............( иіліп сәлем бергені)
2.Әдепті бала - ......,Әдепсіз бала- ........ .
3. Жақсыдан -....,Жаманнан - ....
4. Жылы-жылы ......, жылан інінен шығады.
5. .... тоны тозбас, .....ісі оңбас.
3 - бекет: «Әдептілер мен мейірімділер әлемі». Ойын «Болады, болмайды».басты сөзін айтамын, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. «Не істеуге болмайды?»
1.-Үлкеннің алдынан,.......(кесіп өтуге болмайды.)
2.Кішкентай баланы ...(жылатуға...)
3.Құстарды ...(атуға)
4.Қыз баланы......(ренжітуге)
5.Сабақтан..... (кешігуге)
6.Сыныпта....(айқайлауға)
«Не істеуге болады?»
1.-Үлкеннің .....
2.Кішкентай балаға...(
3.Қарттарды .....
4.Қыз баланы....
5.Оқу құралдарын....
6. Үлкен кісіні.....
4 - бекет: «Әдептілер мен мейірімділер көмегі».Құпия хаттарға жауап беру.Әр топқа құпия хат жазылған конверттер таратылып беріледі. Жағдаятты шешіп, жауабын әр топ ойланып,ақылдаса отырып айтады.
1-хат: Құрметті достар! Менімен сыныптас бір бала бар.Өзі өтірікші, көзбе –көз өтірік айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен дос болып бірге ойнайын ба? Әлде......
2-хат: Құрметті достар! Менімен парталас досым күнде ойнап-ойнап үй тапсырмасын орындамай,жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «сен сараңсың,қызғаншақсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
5 - бекет: «Әдептілер мен мейірімділер елі».Постер қорғау.
Рефлексия:1.Мен белсенді жұмыс істедім /иә, жоқ /.
2.Мен үшін қызықты, қызықты емес.
Қорытынды:-Міне, ақырғы аялдамаға да келіп жеттік. Бүгінгі саяхатымыз бойынша әдептілік, сыпайылық, мейірімділікті өзімізге жолсерік еттік. Адам бет сұлулығымен емес,ішкі жан дүниесі де сұлу, әдепті, мейірімділігімен әдемі. Сондықтан, сендердің де әдепті,мейірімді оқушы болып өсіп, мәдениетті адам болатындарыңа бүкіл ұстаздарың, ата-аналарың, достарың сенім артады.
-Мен белсенді жұмыс істедім иә, жоқ
Сабақ қызықты, қызықты емес
Сабақта қиналдым, қиналғам жоқ
Сабақ ұзақ, тез бітті
Сабақта мен шаршаймын, шаршамаймын
«5Т» ұстанымы
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Татулық
Тазалық