?ош келді?, Жа?а жыл! бастауыш сыныптар?а арнал?ан жа?а жылды? ерте?гілік.


Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушылардың Жаңа жыл мерекесі туралы ұғымдарын тереңдете отырып мерекелік көңіл күй тудыру, әсемдікке, шығармашылыққа, өзара достық қарым-қатынасқа баулу.
Кейіпкерлер: Қарақшылар (3), Сиқыршы, Мыстан кемпір, Бала(2), Жүргізуші (2), Жаңа жыл(Маймыл), Ескі жыл(Қой), Ақша қар, Аяз ата.
Залда шырша әсем безендірілген, музыка ойнап тұрады.
Балалар залға кіріп, шыршаны айнала жүріп ән орындайды.
ХОР: Жаңа жыл
Барысы:
1 Ж (Абылай):
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
2 Ж(Аниса):
- Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Осы кезде залға қарақшылар кіріп, бәрі айқайлап-шулап келеді де шыршаны бір айналып алып айтады:
1-қарақшы
-Ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мыналар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар, үйлеріңе кетіңдер.
1 Ж (Абылай):
-Құрметті қарақшылар. Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.
Қарақшы (ашуланып, атып тұрып)
-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?
(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)
-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл?Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. (қылыштарын көрсетеді) .Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!
Бір Бала ортаға шығып:
-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Қазір Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!
Қарақшы:
-ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендердің Аяз аталарың келгенше біз ұйықтап алайық. Ал сендер шуламаңдар. (Қылышын көрсетеді)
(Бәрі жатып қорылдап ұйықтап кетеді.)
2 Ж(Аниса): (сыбырлап)
- Балалар енді қайттік, мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар керек.Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой. Қап енді не істесек екен,а?
Залға Сиқыршы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр? Жақсы ма?
2 Бала: Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.
Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:
-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп кәмпит бар деп айтқан
1 Ж (Абылай): Жоқ, қарақшы ағай, бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздерден қорқып айғайлай алмай тұрмыз
Қарақшы
-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?
2 Ж(Аниса):
-Бұл сиқыршы
Қарақшы:-Өй, осындай сиқыршы бола ма екен (күледі)-Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,1 шелек күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?
Сиқыршы:
-Қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.
Қарақшы:
-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )
Қарақшылар:
-тез тілегімізді орында
Сиқыршы:
-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)
Қарақшы босатады.
Сиқыршы:
абра –кадабра сим салабим ( 2рет)
Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!
Осы кезде қарақшылар күлімдеп :
- ООО қандай сүйкімді балалар!
- Киімдері қандай керемет!
(Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды)
Сосын бір-біріне қарап:
-Ой қызық ,ә? Мейірімді қарақшы боп кеттік. О ғажап. Сиқыр.
- ӘЙ, бір би билеп жіберейікші, кәне! Маэстро, музыка!
Би: Мейірімді Қарақшылардың биі (3 « А» сыныбы)
1 Ж (Абылай):
-Қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет, сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық, ия!
2 Ж(Аниса):
Кәне бәріміз бірге Аяз ата, Ақшақар!
Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар
Мыстан кемпір:
Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
Төрге мені отырғыз!
Уф белім-ай
1 Ж (Абылай):
-балалар мынау кім?
Балалар: -Мыстан кемпір
2 Ж(Аниса):
-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл 240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже
деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)
Мыстан кемпір:
-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
1 Ж (Абылай):
-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?
Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.
Мыстан кемпір тығылып қалады.
2 Ж(Аниса):
-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?
Ақша қар:
- Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда маска киген біреулер ұстап алып, оның заттарын тартып алыпты. Енді ол қапсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмайды ғой?! (жылайды)
1 Ж (Абылай):
- Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.
Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?
2 Ж(Аниса):
-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?
Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам
2 Ж(Аниса):
-Енді не істейміз
Ақша қар тағы жылайды.
Осы кезде қарақшылардың біреуі:
-Жылама Ақша қар.Қазір біз бұл мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.
Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.
Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді.
Сиқыршы:
-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.
Мыстан к:
-Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны
(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)
Ақша қар:
-Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?
Мыстан кемпір :
-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.
Қарақшылар
-Ұстаңдар. Ол өтірік айтады –деп тағы қуады,ұстап әкеледі.
Сиқыршы:Мыстан кемпір сені мұзға айналдырмай тұрғанда тез айт, Аяз атаның қабы қайда?
Мыстан к:
-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой. Мен оны бір жерге тығып кеткем. Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.
Сиқыршы: (қарақшыларға)Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.
Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.
Ойын_Шытырман
Сиқыршы:
-Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер орында тұрып бір рет секіресіңдер, «Бұлт» десем қолдарыңды жоғары көтеріп бір рет шапалақтайсыңдар. Ал кәне ойнайық.
1 Ж (Абылай):
-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.
2 Ж(Аниса): -Бәріміз бірге, Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар
Аяз ата:
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарғаБүлдіршін балаларға бip сәлем!Қандай жарқын жүздерін,Қандай әсем жырларыңАсулармен алысқан,Асау желмен жарысқанАталарың сендергеКеліп жетті алыстан
Ақша қар:
- Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. - Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Аяз ата жағады.
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
ХОР2: Шырша жыры
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
(ескі жыл):
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Маймыл жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Ескі жыл: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Шығып кетеді.
Ақшақар:
Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
1 Ж (Абылай): Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал қазір 3-сынып оқушысы Анисаның «Жаңа жылға тілек» әнін тамашалайық
Аяз ата:
-Балақандар, маған арнап дайындаған тақпақтарың бар шығар, мен тыңдап, кәмпит берейін.
1 Ж. Абылай: Жаңа жылды мақтап,
Мен айтамын тақпақ.
Ортаға тақпақ айтуға шақырамыз.
(ТАҚПАҚТАР _Дайындық сыныбы, 1-сынып, 2-сынып, 3-сынып оқушылары)
2 Ж Аниса: 4-сынып оқушыларының орындауында Вальс тамашалаңыздар.
2Ж Аниса: 1-сынып оқушысы Адия «Ертегілер елінде» әнімен, қабыл алыңыздар.
1 Ж. Абылай: Дайындық сыныбы балапандарының «Балапан» биін тамашалайық.
2 Ж(Аниса): 2-сыныптың ұлдар тобы сіздерге арнап «Шырша әнін» орындап береді.
1 Ж. Абылай: 2-сынып оқушысы Аяулымның «Аққу» биін тамашалайық.
2 Ж(Аниса): 2-сынып оқушысы Ажардың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
Аяз ата:
-Мына балалар тамаша өнерлі екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің де билегім кеп кетті ғой. Ақшақар, кәне өнеріңді сен де көрсет!
Ақша қар: өнерлерің керемет екен. Мен өз Ақшақарларыммен бірге билеп берейін.
БИ: Ақшақарлар биі 3-сынып
Аяз ата:
-Ал балалар, маған арнаған тағы қандай ән-билерің бар? Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін.
1 Ж. Абылай: 3-сыныптың оқушысы Гүлнұр «В лесу родилась елочка» әнімен, қабыл алыңыздар.
2 Ж(Аниса): 3-сынып оқушылары Айғаным мен Алданыштың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
1 Ж. Абылай: 3-сынып оқушысы Ақтілектің «Шыршаға бардық» әнін тамашалайық.
2 Ж(Аниса): 3-сынып оқушылары Нұрәсем мен Жайна сіздерге үнді биін тарту етеді
1 Ж. Абылай: 4-сынып оқушысы Ақеркенің «Қош келдің, жаңа жыл» әнін тамашалайық.
2 Ж(Аниса): 4 -сынып оқушыларының орындауында тамаша заманауи биді қабыл алыңыздар.
Аяз ата: Балалар, бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер. Сол үшін беретін сыйлығым бар. Ол сыйлықтарды менің көмекшілерім таратып береді.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1ж Абылай: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)
2 Ж(Аниса): Ән тындап, би биледік бүгін тойда,Қалады бүгінгі күн ойымызда.Демалып Жаңа жылға қадам бастық,Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!