Ерте?гілік «?ош келді?, Жа?а жыл 2017»


«Қош келдің, Жаңа жыл» 2017 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі ертеңгілігіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! -    Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,Әлдилеген әрқашанда ақ арман.Білімімен озық үлгі көрсетіпБұл балалар, келеді 4 «А» сыныптан
-    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,Білімі мен ерекше екен өнері.Думандата шырша тойды қыздыртқан,Бұл  жұлдыздар келеді бастауыш сыныптан.
-    Қошемет, құрметті халайық!
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән: «Жаңа жыл» орындайтын Ахметова Аружан (Әсем әнмен шырша шамын жағамыз)Мұғалім: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Сергеева Лариса Васильевнаға береміз.Жүргізуші: Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай жалғастырамыз.Ортаға ертегі кейіпкерлері қоян мен аю келеді.
 Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,Қорқақ емес, ноянмын,Шырша тойын көругеҰйқымнан ерте ояндым.Аю: - Мен аюмын қорбаңдаған,Қарсы келмес ешкім маған,Қысқы ұйқымды қиып бүгінОртаңызға келіп тұрмын.Қоян: - Ал, аю аға, бастайық,Асықпайық, саспайық!Аю: -  Ендеше, қоян, тұрмайық,Шырша жырын жырлайық!Ән: «Шыршаға бардық» (хор)Қоян: - Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?Аю: - Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...Қоян: - Ия десеңші-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!Аю: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба... ха-ха (күледі).Қоян: - Хи-хи (күледі).Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:-    1,2,3,Сиқырлы күш,Мына екеуін лезде,Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.Қоян: - Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой...
Аю: - Не, не, алжыған неме,Жасыңа жетпей адасып,Қалыпсың ғой шатасып.Қоян: - Аю отыр еді партадаЕкі қолы қалтада.«А» дейді, «б» дейді,«Р»-ға тілі келмейді. - Ой, ой, мен не деп кеттім..Аю: - Жетер, енді, қоян,            Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?Қоян: - Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.Аю: - Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!Қоян: - Жоқ, сәбіз!Аю: - Жоқ, бал береміз!Екеуі таласып төбелеседі. Сол кезде Ақшақар  келеді.
Балалар: Алақай, алақай Ақшақар келді.Ақшақар: Ақшақар келді міне, жеріңізге, Тыныш өмір тілейді еліңізге,Шаттық пен нұрға бөлеп үйіңіздіЖайғастым  келіп міне, төріңізге.- Ал, балалар,жаңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?
Ақшақар: Жаңа жылда мерекеОйын күлкі асқақ ән.Жаңа жылға жаңа кепМерекені бастаған,Қоян мен аюға не болған? - Шырша тойында ренжісіп төбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу керек. Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе? (балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).Мыстан кемпір:  - Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Шырша мерекесі болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Одан қалды сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.Ақшақар: - Ендеше қоян мен аюға неге тидіңіз?Мыстан кемпір: - Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?Балалар: - Ия солай.Мыстан кемпір: - Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.Ақшақар: - Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?Балалар: -Иә. Солай.Ақшақар: - Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы жаңа жылды қандай көңілмен қарсы алмақпыз? Ендеше, осы смайликтердің ішінен таңдап алайық! Бұл бірінші тапсырма.Мыстан кемпір: Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл-күйде болғым келеді.Ақшақар: - Мыстан кемпір, енді аю мен қоянды ретке келтіріп, ормандарына жіберсек  қалай болады? Мыстан кемпір: - Ол үшін мына қоянның қолындағы «Сәбіз» сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (сіз, біз, іс, із)Мыстан кемпір: - Ал, енді, аюдың қолындағы «бал» сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер,тез-тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т.с.с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)Мыстан кемпір : - Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін сиқырдан босатайын:1,2,3Сиқырлы күш,Екеуін қайтадан,Қалпына келтір тез!Қоян: - Алақай, алақай! Балалар, үлкен рахмет сендерге!
Ән: Жаңа жыл.Қоян: Думанды жалғастырайық!Ортаға ескі жылды шақырайық!Аю: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тауық” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?Маймыл жылы: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!-    Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Елге олимпиадада жеңіс сыйладым, Мына тұрған халық куә, содан сұрарсыңдар. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2017 жылға аманат қылып қалдырамын.Ақшақар: - Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. Қабыл алыңыз!  
Ән: Ертегілер әлемінде                                                  Ескі жыл: - Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғой. Телефон соғып көрейінші.- Алло, тауық жылы! Қайдасың?Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын!Ескі жыл: - Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.Дауыс: - Ертіп аяз атаныЖорғалап келем жорғалап,Баршаңызға арналғанСыйлықтарды дорбалап.(Ескі жыл қоштасып кетіп қалады.)Ақшақар: - Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен тауық жылымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Қоян: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.Аю: - Аяз ата келеді жаңа жылмен,Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!Хормен: - Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!Аяз ата: - Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,Нарына нарық заман мінгескен ел.Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.Жаңа жыл: - Жыл иесі тауық болам ,Мың шырайлы нұрға толам.Ырыс, дәулет, несібенің,Бақ - бастауы өзім болам.
Ән: Шырша жырыҚоян: - Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз  Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр. Ақшақар: Аяз ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе? Аяз ата: Әрине, бір қап әкелдім.  Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарын, маған арнаған ән мен билерін кімдер айтып береді?Тақпақтар: (Әр сыныптың өнерлерін тамашалау)Ойын.                                                       Қоян: -  Балалар, жаңа жылға қандай тілектерің бар?1-оқушы: - Жаңа жылда бүкіл адамзат атаулы бақытты болсын. (Санжар)2-оқушы: - Жас  достар,  қазір  ғана табалдырығымызды аттаған  Жаңа  жылдың  бауы берік  болсын. Бұл  жылы  да  елімізде  тыныштық  болып  ырыс-құтымыз  азаймасын! (Серик)3-оқушы: - Жаңа  жыл  әрбіріңіздің  отбасыңызға  жаңа нұр, жаңа  шуақ, табыс пен  береке, қуаныш  пен  мереке алып  келсін.  Әрдайым  қажырлы  қайратыңыздан  күш, жылы  жүздеріңізден   нұр  кетпесін. Жаңа  жыл  баршамыз  үшін берекелі, мерекелі  жыл  болсын. (Аружан Ахметова)4-оқушы: - Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін. (Гулдана)5-оқушы: - Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! (Даяна) 6-оқушы: - Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,Келіп, міне, жатырмыз,  қауқылдасып...      Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-Ғасырдың он екінші жылы келді,Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!     Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін,Табиғат ашық аспан, таң шапағын! (Зейнелғарап)7-оқушы: - Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,Жеткізген жаңа жылға аман-есен.Ескі жыл алып қал! - деп ауырлықты,Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.    Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,Алдымен бірінші боп денсаулықты.Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті. (Аружан)8-оқушы: - Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын. Ел тыныш, бала-шаға аман болып,Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.Қуаныш әкелетін әрбір жанға,Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! (Нурислам)Жаңа жыл: - Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма? - Қысы-жазы  суға  толы. Ол  не?Жалмауыз  кемпір  алдына  шығып: - Мен білемін.  Ол горшок !Бәрі  күледі. Жаңа жыл: -  Таппадың, ол құдық.-    Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не?Балалар: -  Қоян.Жаңа жыл: - Қыс бойына жатады,                        Тәтті ұйқыға батады.                         Бұл не?Балалар: - Аю.Ақшақар: - Ендеше, бүгінгі ертеңгілігімізді жүргізуге көмектескен аю мен қоянға, мыстан кемпірге үлкен рахмет айтамыз! Сонымен қатар, керемет би сыйлаймыз.
Би: Көңілді күнАқшақар: Аяз ата бізге де қоштасатын уақыт болып қалыпты. Бүгінгі мереке керемет болды! Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау-саламатта болайық!
Жүргізуші: - Осымен шырша мерекесі аяқталды. – Жаңа жыл, құтты болсын достар! Сау болыңыздар!