Т?бір с?з ж?не туынды с?здерге байланысты жатты?улар орындау (?айталау жатты?улары)


Қысқа мерзімді жоспарМұғалімнің аты-жөні : Ақманова Ж.О.
Қатысқандар: 9
Қатыспағандар саны: 0
Күні: 20.01.2017ж Сынып: 3 «а» Сабақ тақырыбыТүбір сөз және туынды сөздерге байланысты жаттығулар орындау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Түбір сөзден туынды сөздерді жасау жолдарын үйрету арқылы тапсырмаларды орындату. ( жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына арналған оқулық, оқыту әдістемесі)
Жетістік критерийлері Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Түбір сөзден туынды сөз жасай біледі.
Оқушылардың көпшілігі:
Түбір және туынды сөздің мағынасын ажырата алады. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар:
Түбір және туынды сөздерді сөз құрамына талдай алады, мысал келтіре алады.
Сөздік қор Футболшы, хоккейші, баскетболшы
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтаса жұмыс істеу,басқаның оын құрметтеу, тыңдау
Пәнаралық байланыстар Дене шынықтыру
Алдыңғы меңгерілген білім Түбір сөз және туынды сөз туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 мин
2 мин
3 мин Психологиялық ахуал туғызу. (шеңберге турып, бүгінгі сабаққа сәттілік тилейді)
Топқа бөлу (Есімдерінің артына жазылған түбір, жұрнақ, жалғауларды пайдаланып бір туынды сөз шығару арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлау, топ ережесін құру)
Түбір, Жұрнақ, Жалғау – 3 топ
Миға шабуыл «Лото» ойыны.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
(жауап берген оқушыларға смайликтер беремін)
1.Түбір дегеніміз не?
Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағнасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.
2.Жұрнақ дегеніміз не?
Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағнасың өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3.Жалғау дегеніміз не?
Сөздің мағнасың өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз
Әріптер
АКТ
Сабақ ортасы
5 мин
8 мин
2 мин
5 мин

10 мин
СТО-диалог
«Тілші» және «Қоржын» ойыны.
Түбір сөзден туынды сөз жасайды.
(Тілші қоржыннан түбір сөздерді алып, оқушыларға айтады, оқушылар түбір сөзден туынды сөз жасап айтады)
Бас –басшы, жыр-жыршы, еңбек-еңбекқор, ойын-ойыншық, орын-орындық, құлын-құлыншақ, кезек-кезекші, қой-қойшы, құрылыс-құрылысшы, көңіл-көңілді.
Оқулықпен жұмыс. 36-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды.
Құдықтан, суға, төлдерді, үйге, ойнап.
Жауап: ойна сөзі туынды сөз бола алмайды, себебі оның мағынасы өзгермейді.
Сергіту жаттығуы. Бейнероликтен қайталап сергіту жаттығуын жасайды.
«Сәйкестендір» (Слайд арқылы түбір сөз бен қосымшалы сөзді сәйкестендіреді)
327660149860299085149860Ерін шауып
461010136525280035146049Ерік халқы
318135142240375285151765Орын жауып
Халық ерні
308610135255Тап тауып
Шап орны
Жап еркі
Бекіту. Шығармашылық жұмыс. (әр топқа сурет беріледі, сол сурет бойынша сөйлем құрап жазады)
Футболшы
Хоккейші
Баскетболшы
Қоржын, сөздер жазылған кәртішкелер.
Оқулық, дәптер, қалам
АКТ
АКТ
АКТ
Сабақтың соңы
3 мин

5 мин Үйге тапсырма: 34 жаттығу, 124 бет.
Кері байланыс. «Желкенді қайық»
Бағалау критерийлері бойынша бағалау парақтарына бағалайды.
Бағалау критерийлері
10-13 бал «3»
14-18 бал «4»
19-25 бал «5»

Кері байланыс парағы
Бағалау парақтары