Презинтация на тему Аутогендік жатты?улар ж?не мектеп ала?ында?ы о?ушылар?а арнал?ан жатты?улар


«Аутогендік жаттығулар және мектеп алаңындағы оқушыларға арналған ойындар» 2014-2015 оқу жылы “№ 8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен”мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Балалар ойындар, ертегілер, әуендер, суреттер, қиял-ғажайыптар, шығармашылықтар әлемінде өмір суруі керек.» 25 26 6 1 18 10 8 23 7 8 13 10 8 23 3 20 16 17 1 24, 25 26 6 1 18 8 16 7 8 13 8 16 3 20 16 17 1 24. Халық мақалы « Жеміс-жидек салаты” ойыны Мақсаты:өзара сыйластыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.Ойын шарты:бұл көңілді ойынға қатысушылардың саны 12 –ден кем болмауы тиіс. Қатысушылар шеңбер бойына орналасқан орындықтарға нақты өз орнын белгілеп жайғасады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрып, 4-5 жемістің атын атайды: банан, киви, алма, алмұрт, апельсин. Әр ойыншы өзіне бір жемісті таңдап алуы тиіс .Ойынның барысы: жүргізуші дауыстап кез-келген жемісті атағанда, сол жемісті таңдап алған ойыншылар орындарын жылдам алмастырулары керек. Егер жүргізуші бос орынға ойыншыдан бұрын жайғасып алса, ойыншы ойыннан шығады.Жүргізуші «салат» деген сөздерді атағанда барлық ойыншылар орындарын алмастырулары керек. “Кім жылдам” ойыны Мақсаты:жылдамдылыққа,алғырлыққа тәрбиелеу. “Кеме” ойыныМақсаты: Ұжым болып шешім қабылдап, жұмыла жұмыс жасау қабілеттерін дамыту "Қолғаптар" ойыны Мақсаты: Өзгемен келісе отырып жұмыс жасауға үйрету. Қажетті заттар: Қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қаламдар. Ойынның шарты: Қолғаптың саны, қатысушылардың санына тең болуы қажет. Әр жұп қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші бөлмеде еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әрқайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың жұбын ) іздейді. Серігін тапқаннан кейін екеуі бірге ойланып, келісіп бояйды. « Зияткерлік футбол» ойыны Мақсаты: коммуникативті дағдыларын дамыту, бірлесе тығырықтан шыға білу іскерліктерін арттыру.Ойынның барысы:1. Барлық қатысушылар футбол ойынындағыдай екі командаға бөлінеді. Оларда қорғаушылар, шабуылшылар және қақпашы бар. Әр команда қарсы командаға әр түрлі тақырыптарға (кино, спорт, саясат, өнер, т.б.)5-7 сұрақ ойлап табуы керек. 2. Команда сұрақ қояды және қарсы жақтың шабуылшысына допты лақтырады. Егер шабуылшы сұраққа жауап бере алмаса, допты қорғаушыға, содан кейін қақпашыға береді. Егер бұл жағдайлардың барлығында да жауап болмаса, онда гол есептелінеді "Атомдар мен молекулалар" ойыны Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту.  Барысы: Бөлмеде қатысушылар «броун қозғалысын» келтіріп, шашырап жүреді. Олар-атомдар. Жүргізуші алақанын қанша рет соқса, сонша қатысушыдан молекулаларға бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бестен шоғырланады т.с.с. ойын жалғаса береді. Аутогендік жаттығу (грекшеден аударғанда autos - өзім, genos- шығу) мағынаны білдіреді. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшықет релаксациялары, өзін сендіру, өзін тәрбиелеу (аутодидактика).Аутогендік жаттығуды емдеу әдісі ретінде Шульц 1932 жылы ұсынды.