Презентация Скважина туралы т?сінік


Ұйымдастыру бөлімі:1.Студенттермен сәлемдесу.2.Студенттердің оқу құралдарын тексеру.
Үй тапсырмасы:1.Мұнай және газды іздеу мен барлаудың әдістері2.Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы Өткен тақырыптарды пысықтау:Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:1899 жылы Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты алаңында №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылаған.Бұл алаң қалай аталады?2. Кеніш дегеніміз не, қандай түрлері бар?3. Қабат қысымы деп нені айтамыз?4. Энергия дегеніміз не?5. Мұнай кенішінің режимдері нешеге бөлінеді?6. Қабаттың мұнай бергіштік коэффициенті дегеніміз не?



Тақырыбы: «Скважина туралы түсінік» Сабақтың әдіс – тәсілдері: Скважинаның сызбасын көрсету, сұрақ –жауап, шығармашылық жұмыс, ізденіс әдісі, ой шақыру.Сабақтың мақсаты: Болашақ мамандарға скважинаның құрылысымен және атқаратын қызметімен таныстыру. 1. Білімділік: Студенттердің өз жетістіктерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру. 2. Тәрбиелік: Студенттерді ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету.3. Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Анықтама:Бұрғы қашауларының (долото) көмегімен қазылатын тереңдігі диаметрінен бірнеше есе үлкен болып келетін тау – кен құрылысын скважина деп атаймыз. Бұрғылау скважиналары бірнеше түрге бөлінеді: тіректі құрылымдылық іздеу барлау пайдалану (эксплуатационное) Бұрғылау процесінің әрбір сәтінде бұрғыланып өткен скважина оқпаны барып тірелетін жазықтық ұңғыманың түбі (забой скважины) деп аталады. Бұрғылау скважинасының жер бетінен көрініс беру, яғни басталу орны скважина сағасы (устье) деп аталадыСкважинаның цилиндрлі беті оқпаны немесе қабырғасы(ствол) деп аталады.Сағасы мен түбіне дейінгі қашықтық скважинаның ұзындығы деп,ортасы осі деп аталады.

Скважиналар: а,б –тік;в – көлбеу; 1- сағасы; 2 – оқпаны немесе қабырғасы; 3 – осі; 4 – түбі; 5 – тасбаған (керн); Н, L – сәйкесінше ұңғыманың тереңдігі мен ұзындығы I – бағыттаушы құбыр; II - кондуктор;III – аралық тізбек; IV – пайдалану (эксплуатационная) тізбегі.  Скважинаның бүйір қабырғалары пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен бекітеді. Оны тізбектелген шеген құбыр деп атайды (обсадные колонны). Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді. Ең жоғарғы шеген құбырды бағыттаушы шахталы құбыр дейміз. Оның тереңдігі 5 – 10 м., диаметрі 200 – 500 мм. Негізгі міндеті – жердің жоғарғы жағындағы топырақты бекіту және саз балшық ерітіндісінің айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен жоғарғы су қабаттарының ағымын сақтау мақсатымен сағалық құбыр кондуктор жіберіледі. Тереңдігі жоғарғы су қабаттарының орналасуына байланысты 40 м – ден 400 м – ге дейін жетеді. Кондуктордың ішінен ұңғыманың тереңдігіне және қазу қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Ең соңына пайдалану құбырын жібереді. Оның диаметрі 146, 168 мм, тереңдігі 4500 – 5000 м шамасында болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырларын жібереді. Оның диаметрі 40 – 70 мм аралығында. Тақырыпты бекіту:{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}{E8B1032C-EA38-4F05-BA0D-38AFFFC7BED3}12345678 Скважинаның басталатын жері қалай аталады?Скважинаға екінші жіберілетін тізбек қалай аталады?Скважинаның цилиндрлі беті қалай аталады?Скважинаға ең соңғы жіберілетін тізбек?Скважина қайда қазылады?Скважинадан алынатын үлгі тас қалай аталады?Скважинаға ең алғаш жіберілетін тізбек?
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation Үйге тапсырма:Скважина жөнінде слайд жасау арқылы мәлімет дайындау, түсінгін айту. 345Студенттерді бағалау