Презентация на тему: Географиялы? ашулар (7 класс)


Үй тапсырмасын тексеруТест Тест жауаптары А А А С Б А Б С А С Жаңа сабақ:XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі Ұлы географиялық ашулар Батыс Еуропада XV ғасырдың І жартысында феодалдық құрылыс ыдырауға бет алды.Кәсіпорындар пайда болды;Қалалар дамыды;Еңбек құралдар жетілдірілді;Сауда ұлғайды;Ақша маңызы күшейді;Алтын мен күміске деген сұраныс артты;Арзан шикізат керек болды. Керек шикізат пен алтындар Үндістан мен шығыс Азия елдерінде “төгіліп” жатыр деген қауесет тарады. Алғашқы кезде карта сурет тәріздес болды.
XV ғ. картаXVI ғ. карта
Ең алғаш кеме ойлап тапқан финикиялықтар болды.
Ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Себебі:

Құбылнама- жер бөліктерін анықтайтын құрал.
Астролябия- кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап.
style.rotation Жаңа кемелер пайда болды.Түзу және көлбей орнатылған желкендері болды. Ол ыққа да желге де қарсы жүзе алды. галионКаравелла

XV ғасырдағы Америка Халықтары
Қазіргі үндістердің бабалары осыдан 25-30 мың жылдай бұрын Беринг бұғазы Шығысқа арқылы Азиядан Америка құрлығына келген. Өткен ғасырда басталған Америка халықтарының тарихын зерттеу үндістердің таңғажайып әлемін, олардың ежелгі мемлекеттерін және өздеріне тән мәдениетін ашты. Аң аулау; балық аулау; егіншілік дамыды. Егіншілер жерді егіске дайындарда орманды тас балтамен шауып, ағаштарды өртеді. Жерді ағаш кетпенмен өңдеді. Мұнда еуропалықтарға әлі белгісіз жүгері, картоп, күнбағыс, қызанақ, какао, темекі өсірді. Американың көп бөлігінің тұрғындары жануарларды қолға үйретуді білмеді. Америкада жылқы болмады. Солтүстікте ғана итті, ал оңтүстікте түйе тәрізді ламаны қолға үйретті. Құстан күркетауық, үйрек өсірді. Басқа континенттерде белгілі бірқатар жетістіктерді - темірді, тісағаш пен дөңгелекті, мылтықты үндістер білмеді. Олар еңбек құралдары мен қаруды ағаштан, тастан, қоладан жасады. Бытырап жатқан үндіс тайпалары алғашқы қауымдык күрылыста өмір сүрді. Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы жағынан майя, ацтектер, инктер басқа халықтардан жоғары тұрды.Кәсібі: Майя халқы Орталық Америкадағы қалың джунгли орманы басқан Юкатан түбегін мекендеді.Майя
Б. з. I мыңж. өмір сүрген майяларда қала-мемлекеттер пайда болды. Б. з. бас кезінде Майяда жазу пайда болды. Иеороглифтерді қышқаламмен қағазға түсірді, қолжазбаларды суреттермен безендірді. Майя қалаларының орнынан астрономиялық обсерваториялар табылған. Абыздар планетаның Күнді айналып шығуын есептеп шығарды. Күннің және Айдың тұтылуын алдын ала болжай білді. Сәулет өнерінде де майялардың жетістіктері үлкен болды. Олар биік тұғырларға және жасанды төбелерге сарайлар мен текшелі пирамида түрінде храмдар салды. Құрылыстарды бедер өрнекпен, құдайлардың мүсіндері және фрескалармен безендірді. АцтектерАцтектер Мексикадағы теңіз деңгейінен 2000 м биіктіктегі қыратта, тау шыңдарының етегінде, ауа райы жұмсақ және топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқапта орналасқан.
XIV ғасырда солтүстіктен келген ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға Теночтитлан қаласын салды. Аралдарды бөгеттермен жалғастырды. Қаланы түзу көшелер мен каналдар бөліп жатты, оларды жағалай храмдар мен сарайлар бой көтерді. Алғашқы кезде ацтектерде жер жетіспеді. Сондықтан олар енсіз түбектерге көл түбінен шығарылған балдыр мен құнарлы қайыр топырақты бірге төгіп отырды. Жауынсыз кездерде егінді каналдан суарды. Бұл «көшпелі егістік» жылына бірнеше рет өнім берді Ацтектердің конкистадорлармен соғысы Ацтектер көрші тайпаларды жаулап алып, өзіне бағынышты етті. Олар бағынышты тайпалардан қыруар төлем және құлдар алып отырды. Тайпаларды бұрынғысынша жергілікті көсемдер билегенімен, басты қалаларды ацтек әкімдері мен алым жинаушылар басқарып түрды. Мемлекетті мұрагер билеуші басқарды. Шонжарлар лауазымды қызметтерге қойылып, атқарған қызметі үшін жалақы алды. Олар керектінің бәрін қарауындағы бағыныштыларынан алды. Соғыс кезінде саны 150 мың адамга дейін баратын қуатты әскер жасақтау мүмкіндігі болды. Ацтектер қолөнерде үлкен жетістіктерге жетті. Алтын мен күмістен нақышты әшекейлер соқты, зергерлер қымбат тастарды шебер қырлады, нәзік өрнек салу жұмыстарын орындады. Қолөнершілер өрнектелген ыдыстар жасады, мата тоқыды, матаның астына құс қауырсындарын салып кестеледі. Ол түрлі түсті болып құбылып тұрды. Ацтек мүсіні Астанада қарапайым ацтектер мен шонжарларға арналған мектептер болды. Әдеттегі мектептерде егіншілікке, қолөнерге және соғыс ісіне үйретті. Шонжарлардың балаларына жазуды, тарих пен дінді, мәнерлеп оқуды, есептеуді, астрономияны, поэзияны, шешендік өнерін оқытты. Әнші-ақындар гимндер, дастандар, табиғат жөнінде өлеңдер шығарды. Астанада жыл сайын әнші-ақындардың айтысын өткізіп, үздіктеріне жүлде берілді. Оңтүстік Американың батысында инктер елі - Перу жатыр. Инктер Инктер көрші тайпаларды бағындырып, олардың еңбегін пайдаланды. Каналдар қазып, егін екті, аспалы көпірлер салды. Қоладан балта, орақ, пышақ, түйреуіш, ине, қоңыраушалар, найзаның ұшы сияқты заттарды құйып, алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасады. Инктерде 4 жылдық мектеп болған, онда бірінші жылы кечуа тілін үйретіп, екінші жылы дінге оқытып, үшінші және төртінші жылдары өмірге қажетті білім берген. Сөйтіп еуропалықтар келгенге дейін-ақ Америка халықтары өздерінің бай мәдениетін жасаған. Алайда еуропалықтардың басып алуы бұл елдердің табиғи дамуына кедергі жасады. Франсиско Писсаро 1475-1541 жылдар аралығында Инктер империясын жаулап алып Лима каласының негізін калады. Васко да Гама(1460 – 1469 – 24 желтоқсан 1524)Португалдық теңізші. Туған жылы дәл белгісіз. Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.1519 жылы граф қолынан титул алған. Үндістанда қаза болды.



Васко да Гама1497 жылы Васко да Гама Лиссабоннан үндістанды іздеп жолға шықты.Үш кемеден тұратын экспедиция Африканы айнала өтіп, 20 мамыр күні оның экспедициясы Каликут портына жетті. 1499 жылы Португалияға қайта оралды. Үндістанда 3 рет болды.


Христофор Колумб(1451 – 20 мая 1506)

Христофор Колумб 1451 жылы Италия жеріндегі Генуя қаласында дүниеге келген.Колумбтың жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп алады.

ppt_wr
ppt_wr
ppt_wr
ppt_wr
ppt_wr
Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. 1492 жылы тамызда «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шығады. Бұл ар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бір қалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін балдыр басқан Сорогос теңізі болып шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді. Күн артынан күн жылжып өтіп жатады. Көкжиекке үласқан көк теңізден басқа көзге ілінер ештеме көрінбейді.
Теңізшілердің ішінде торығу байқала бастайды. Дегенмен олар Колумбтың есебі бойынша осы кезде Үндістанға жетуге тиіс екендерінен мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда көрінетін жер жоқ еді. Колумб ғажайып ұстамдылық танытып, түнжыраған теңізшілердің көңілін көтеріп, оларға алтын мен дәмді тағам бергізеді. Ақыры одан да ештеме шықпай, теңізшілер мұны тыңдауын қойып, «Егер енді үш күннен кейін жер көрінбейтін болса, кеменің бетін кері бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнеді. Айтылған мерзім бітер күннің түнінде сағат екіде, кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!» деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Христофор Колумб саяхаты1 экспедиция(1492 – 1493). 3 кеме «Санта –Мария», «Пинта», «Нинья» – 90 адам. От Канарских островов повернули на запад, пересекли Атлантический океан, дошли до о.Сан – Сальвадор (12 октября 1492г. –дата открытия Америки).Посетили Богамские острова, открыл о. Куба, достигли о. Гаити.2 экспедиция (1493 – 1496). 17 судов, 1,5 тыс.человек. Открыты: о. Доминика и Гваделупа, 20 Малых Антильских островов, о. Пуэрто – Рико.3 экспедиция (1498 -1500). 6 судов. Открыты: о. Тринидад, Карибское море.4 экспедиция (1502 – 1504). 4 судна. Открыты: о. Мартиника, Гондурасский залив, Гондурас, Никарагуа, Коста – Рика, Панама.




1501 жылы Португалия королінің келісімімен «жаңа жерге» екінші рет барды. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кобрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да, 20° оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып Колумб ашқан, одан кейін көптеген испания саяхатшылары зерттеген «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк» деген дұрыс қорытындыға келеді. Фернан Магеллан(ок. 1480 – 1521)Португалиядағы кедей, шаруа отбасында дүниеге келген. 1505 жылы Шығыс африкаға сапарға аттанады. 1513 жылы кейін Португалиға шақыртылып алынады. Карл I қолынан алғыс алып, Үндістан жерін іздеу экспедициясын басқарады.27 апрел күні Магеллан Мактан жерінде туземецтер қолынан қаза табады..



Путешествие МагелланаСовершил первое кругосветное путешествие. Экспедиция началась 20 сентября 1519 года на 5 судах, без карт. Высадились для пополнения запасов в Рио-де-Женейро, обследовали берега Бразилии и Аргентины. В антарктических широтах на корабле произошел мятеж, но Магеллан смог его подавить. Через пролив (в последствии названным Магеллановым) корабли попали в Тихий океан, Филиппинский архипелаг, где погиб Магеллан. Команда продолжала движение на запад и в Испанию вернулись только 2 корабля.


конкистаПериод завоевания Центральной и Южной Америки испанцами и португальцами в конце XV – XVI вв.Походы завоевателей сопровождались истреблением и порабощением племён и народов , опустошением и разграблением целых областей, насилием и массовыми пытками. Награбленное золото, рабы , земли делились между конкистадорами.


Конкистадоры – жаулап алу жорықтарын ұйымдастырғандар:Нуньес де БальбоаЭрнан КортесФрансиско Писарро




Географиялық ашудың нәтижесіЖақсы жақтарыСауда ұлғайдыЖеке материктер арасында байланыс орнады;Жердің шар тәріздес екені дәлелденді.География, астрономия, тарих ғылымдары дамыды;Әлемдік сауда қатынастары дамыды;Жаңа порттар пайда болды. Лиссабон, Лондон, Амстердам8. Тағамның жаңа түрлері пайда болды.





Географиялық ашудың нәтижесіТеріс жақтарыЖаңа әлемнің мәдениетінің күйреуі;Жаңа отар халықтардың пайда болуы;Бағалардағы Революция Теңізшілердің өлімі мен қарапайым халықтың жапа шегуі.