XXI ?асыр к?шбасшысы саба?тан тыс шара


Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысыМақсаты: 1. Оқушылар оқу пәндері бойынша білімдерін көрсете алады2. Дамытушылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу, тыңдау, түсіну, ойлау қабілеттерін дамытады.
3.Еліне, жеріне деген құрметтері артады, патриоттық сезімдері оянады.
Ойынның барысы:
І айналым – «Бәйге»
ІІ айналым – «Полиглот»
ІІІ айналым – «Жорға»
VI айналым – «Дода»
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
2 – жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің 7-8 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші: Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1.Дайырова Дильнас – 7 «Б» сынып оқушысы2.Сейлбекова Диана – 8 «В» сынып оқушысы3.Карибаев Ислам – 7 «Б» сынып оқушысы4.Қайратбек Куля – 8 «В» сынып оқушысы5.Майранбаева Мөлдір - 7 «Б» сынып оқушысы6.Хаджимұхан Нұрхан – 8 «В» сынып оқушысы2 жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға әділ баға берер қазыларымызбен таныс болайық!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Алтынбек ДағыстанұлыГеография пәнінің мұғалімі – Қазыбаев Құрал Орынбайұлы1 – жүргізуші: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, ойыншыларымыздың жарысын тамашалайық!
2 – жүргізуші: І бөлім – «Бәйге». Сіздерге бірнеше нұсқасымен сұрақтар беріледі. Бірінші қол көтерген қатысушы алғашқы болып жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
1.Қазақстан қай материкте орналасқан?
а) Евразия
в) Африка
с) Европа
д) Австралия
2. Ұлттық валютамыз қашан айналымға енді?
а) 1995ж 30 тамызв) 1993ж 15 қарашас) 1992ж 2 наурызд) 1997ж 6 маусым
3. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
а) Кенесары мен Жәнібек
в) Қасым хан мен Керей
с) Керей мен Жәнібек
д) Абылай хан
4. Ахмет Байтұрсынұлының төл туындылары енген өлеңдер жинағы қалай аталады?
а) «Қырық мысал»
в) «Шолпан»
с) «Оян, Қазақ!»
д) «Маса»
5. Бір нүктеден тараған екі сәуледен тұратын фигура қалай аталады?
а) бұрыш
в) сәуле
с) кесінді
д) шеңбер
6. Алатын құсын теуіп түсіретін, адамға өте үйірсек құс.
а) қаршыға
в) тұрымтай
с) бүркіт
д) қыран
7. Құрылықтағы тұйық су қоймасын не деп айтады?
а) өзен
в) мұхит
с) көл
д) сел
8. Су тереңдігін өлшеуге арналған құрал
а) компас
в) эхолот
с) невилир
д) бофорт
9. «Тұманды Альбион» деп аталатын қай ел?
а) Франция
в) Ұлыбритания
с) Италия
д) Швейцария
10. Суда тіршілік ететін төменгі сатылы өсімдіктер
а) балдырлар
в) саңырауқұлақтар
с) қыналар
д) амебалар
І – жүргізуші: ІІ айналым «Полиглот». Берілген ұяшықтардың біреуін ұпай саны аз қатысушы таңдайды. Шыққан сұраққа жауап беріп, жауабын үш тілде айту қажет. Әр дұрыс сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ескертеміз, осы айналымнан кейін үш оқушымен қоштасамыз.
Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп,
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (тау – гора - mountain)
Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы. (ит – собака - dog)
50 қандай санды екіге тең бөледі? (жүз – сто - hundred)
Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы қалай аталады? (жел – ветер - wind)
Суреттегі монументтің атын атаңыз. (тәуелсіздік – независимость - independence)
Солтүстік Қазақстанда қандай дәнді-дақыл өсіріледі? (бидай – пщеница - wheat)
Сыбайлас қабырғалары өзара тең тіктөртбұрыш қалай аталады? (шаршы – квадрат - square)
ІІ – жүргізуші: Өкінішке орай ұпай саны аз үш ойыншымен қоштасамыз.
Үшінші айналым – «Жорға». Әр ойыншыға он сұрақтан беріледі. 1 минуттың ішінде жылдам жауап беруі керек. Әр дұрыс жауап 3 ұпай.
А)
Сөздің жолға сыймай қалған буындарының келесі жолға бөлініп жазылуы. (тасымалдау)
Екі адам ат үстінен бір-бірін түсіріп тастауға тырысатын ұлттық ойын. (аударыспақ)
Қазақстанда қанша әкімшілік облыс бар? (14)
Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды? (1995ж 30 тамыз)
Қазақстан жерінің көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9)
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)
Астананың символы не? (Бәйтерек)
Ақтабан Шұбырынды оқиғасына байланысты дүниеге келген ән? (Елім-ай)
Күріш Қазақстанның қай өңірінде өсіріледі? (Қызылорда)
Сақиналы ғаламшарды ата. ( Сатурн)
Б)
Сөздердің дұрыс айтылуын зерттейтін сала. (орфоэпия)
Қазақ әйелдеріне тән өзіндік ерекшелігі бар ақ матадан жасалатын бас киім? (кимешек)
Қазақстан батыстан шығысқа қарай неше шақырымға созылып жатыр? (3 000 км)
ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991)
Қазақстан неше елмен шектеседі? (5)
Арыстан баб кесенесі қай қалада орналасқан? (Отырар)
Алматы қаласындағы ірі ашық мұз айдыны? (Медеу)
Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (15)
Қазақстанның мұнайлы өлкесі? (Батыс Қазақстан)
Алып ғаламшар? (Юпитер)
В)
Сөздердің дұрыс жазылуын зерттейтін ғылым? (Орфография)
Нәресте дүниеге келгенде жасалатын дәстүр? (Шілдехана)
Қазақстанның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай неше шақырымға созылып жатыр? (1 650)
ҚР Тұңғыш президенті қашан сайланды? (1991 желтоқсан 1)
Қазақстанның құрлықтағы ең ұзын шекаралас мемлекет? (Ресей)
Айша Бибі кесенесі қай қалада орналасқан? (Тараз)
Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)
Жеті жарғыны шығарған кім? (Тәуке хан)
Қазақстанның «ақ алтыны» (мақта) қай өңірде өсіріледі? (Оңтүстік Қазақстан)
Ерегежейлі ғаламшар? (Плутон)
I-жүргізуші: соңғы айналым «Дода». Тапсырмалар үш сала бойынша үш түрлі деңгейде беріледі. Ұпайы көп ойыншы тақырыпты алғаш болып таңдайды.
Алып тұлғалар
10 – «Әлия» әнін орындайтын қазақ эстрадасының жүлдызы? (Р.Рымбаева)
20 – Отырар қаласында туған, екінші Аристотель атанған ғұлама (әл-Фараби)
30 – Бейне сұрақ
Тарих толқынында
10 – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерейтойы қашан тойланды? 2015ж
20 – Ақмола қаласының аты қашан Астана болып өзгертілді? (1998ж)
30 – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келген? (1940ж 6 шілде)
Салт - дәстүр
10 – «Сыңсу» қашан айтылады? (Қыз ұзатқанда)
20 – Суретте қандай дәстүр бейнеленген? ( сүндет той)
30 – «Қымызмұрындық» деген не? (Жазда биелерді желіге байлап,ағайын - жекжатты қымызға шақыру)