ХХІ-?АСЫР К?ШБАСШЫСЫ зияткерлік сайыс (3-4сынып)


Сынып: 3 – 4
Күні: 14.04.2016
Сайыстың тақырыбы: 21-ғасыр көшбасшысы!
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, іздене
білуге, тез ойлауға тәрбиелеу.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Сайыстың барысы:
Армысыздар ағайын,
Ағайын тілін табайын.
Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
Есенбісіз, ұстаздар
Шаршамайтын қыс-жазда.
Қойдан да жуас қонақтар.
Құрметке ие үлкендер.
Алда жүзген желкендер.
Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер.
Кешке келген сайланып,
Отырамын деп жайланып.
Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып.
Бәріңізге бір сәлем!
-Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 3 және 4-сынып оқушылары арасында өтетін «21-ғасыр көшбасшысы!» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
3 сынып оқушысы Қимадиден Саяжан
3 сынып оқушысы Иманбек Гүлім
4 сынып оқушысы
4 сынып оқушысы
4 сынып оқушысы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, - дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін
Сайысымызды бастайық,
Әділ-қазы сайлайық.
Өтсін сайыс қызықты,
Өтсін сайыс әділ боп,
Жасасын мәңгі әділдік, - дей отырып, бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1)
2)
3)
- Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұкыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына
Қадамдарың оң болсын, - дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілеп, бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырайық.
1-кезең: Бәйге!
2-кезең: Тіл өнері!
3-кезең: Жорға!
4-кезең: Дода!
1 кезең «Бәйгеде» сұрақтар берілген оған бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 баллдан есептеледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.
2 кезең «Тіл өнері». Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша және ағылшынша аудармасын айту керек. Толық жауапқа 30 ұпай, екі тілдегі жауапқа 20 ұпай, бір тілдегі жауапқа 10 ұпай беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.
3 кезең «Жорғада» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егер де жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. Ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
4 кезең «Додада» ұпайы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Әрқайсыңа 2 минут беріледі. 2 минут ішінде қанша сұраққа жауап беріп үлгерсендер, сонша ұпайды қанжығаларыңа байлайсыңдар. Бірінші болып ең аз ұпай жинаған сайыскеріміз бастайды.
- Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз, Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз. Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз, - дей келе  біз  келесі «БӘЙГЕ»  кезеңін бастайық. 1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.
2. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
1метрде неше сантиметр бар? (100см.)
Қазақ тарихында ғарышқа алғаш болып кім ұшты?(Т. Әубәкіров)
Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?(Есіл)
Нөл температурада су неге айналады?(мұзға)
Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?(модем)
Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі қашан тойланады?(22-қыркүйек)
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-1945ж.)
Төрт-түлікті ата. (сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі)
Сағи Жиенбаев кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер.(Ақын, «Ұшып келем», «Қарлығаш», «Сыйлық», «Менің көршім»)
1-тур қорытындысы бойынша оқушылардың жинаған ұпайын білейік (әділ-қазылар ұпай санын айтады). Ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
Мәңгі  бақи  есте  қалар,Ғажайып  бір  сайыс  болсын.Білімдірек  шәкірт  озар,Қиынырақ  сұрақ  болсын, - деп біз  енді  сайысымыздың  келесі кезеңіне келдік. Келесі кезең «Тіл өнері» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлерге кезектесіп жұмбақтар оқылады, жауабын үш тілде беру керек. Толық жауап берілген жағдайда 30 ұпай, екі тілде жауап берген жағдайда 20 ұпай, бір тілде айтылса 10 ұпай беріледі. Егер де толық емес жауап берілсе, басқа сайыскерлер жауап бере алады.
Кең әлемді кернейді, бірақ көзің көрмейді.(ауа, воздух, air)
Құрғақ жерде сақтайсын, онсыз тамақ татпайсың.(тұз, соль, sait)
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.( хат, письмо, letter )
Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.( мектеп, школа, school )
Бетін адам ашады,білім нұрын шашады.(кітап, книга, book)
Балдан тәтті не? (ұйқы, сон, dream)
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе. (айна, зеркало, mirror)
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
Осымен, екінші кезеңде аяқталды. Екінші кезеңнің қорытындысын әділ-қазы алқасы берсін. Ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,Мықтылары қалыпты жеңсін енді.Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Келесі кезең «Жорға» деп аталады. Екі турда жиналған ұпай үшінші турда сақталады.  Үшінші турда мектеп бағдарламасына сай 4 пәннен сұрақтар қойылады. Әр оқушы бір пәнді таңдайды және ұпай санын таңдайды, егер сұраққа дұрыс жауап берілген болса, таңдалған ұпай санын өз қоржынына салады.
Қазақ тілі!
Жұрнақ дегеніміз не?( жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D3%A9%D0%B7" \o "Сөз" сөзді түрлендіретін қосымша)
Cөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, есімдік және т.б.)
Негізгі сын есім дегеніміз не? (Тек қана түбірден құралған сын есім, негізгі сын есім деп аталады)
Әдебиеттік оқу!
«Шыбынсыз жаз» мәтінінің авторы кім? (Сәбит Мұқанов)
Ана туралы өтілген өлеңдерден үзінді оқып бер.
Абай Құнанбаевтың өлеңдерін ата.
Математика!
Ағаштың ең ұшында
Отыр еді 3 балық.
Ұшып келді тағы да
Бір балық,
Барлық балық санын,
Ойланайық табайық. (4 балық)
Ағасы 12жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста? (6жас)
Шаршының көлемі қалай табылады? (а*в*с)
Дүниетану!
Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты. (қызыл кітап)
Дене дегеніміз не? (адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі)
Тас көмір дегеніміз не? (ең көп өндірілетін пайдалы қазба)
Сөз кезегін әділқазы алқасына береміз. Қатысушылардың үш кезең бойынша жинаған ұпайларын айтып берсеңіздер. Үш кезең бойы ең көп ұпай жинаған екі оқушы келесі қорытынды кезеңге өтеді.
Сайысымыздың келесі туры «Дода» деп аталады. Бұл турдың қорытындысы бойынша бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы анықталады. Доданың ережесімен танысып өтейік. Әрқайсыңа 2 минут беріледі. 2 минут ішінде қанша сұраққа жауап беріп үлгерсендер, сонша ұпайды қанжығаларыңа байлайсыңдар. Бірінші болып ең аз ұпай жинаған сайыскеріміз бастайды.
Екі адам шахматты 2сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ./
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/
Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/
«Талаптың пайдасы» әңгімесінің авторы кім? /Ыбырай/
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/
«Әнұран» сөзі қандай мағына береді? /салтанатты ән/
б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? /қатаң/
Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а,о,ұ,ы/
Ең мықты қандай ағаш? /емен/
Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/
Бүлдіргенді жақсы көретін аң. /аю/
Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. /Алдаркөсе/
Қай құстың балапаны анасын танымайды? /көкек/
«Әдемі, сұлу, көркем, өнерлі» қандай сөз таптарына жатады? /сын есім/
Айтты, сөйледі, ағаш, күлді... Артық сөзді тап. /ағаш/
Туынды сын есімге мысал келтір. /өнерлі/
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді? /40км./
4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? /4мин./
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? /тең/
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? /200кг./
Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартады,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?/1/
Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар? /5бала/
Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? /иә/
Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? /сейсенбі/
Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? /жұма/
Бөлмеде 4 мысық отыр, әрқайсысының алдында 3-еуден отыр, бөлмеде неше мысық бар? /4-еу/
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? /3/
Жер-дің қақ ортасында не бар? /е – әрпі/
Бір сыйлықты орауға 70см. жылтыр қағаз керек. 9сыйлыққа неше см. керек? /630/
1кг. неше грамм бар? /1000гр./
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/
Басты байлық. /денсаулық/
12ай /жыл/
Абайдың әжесі. /Зере/
Көру мүшесі. /көз/
Сурет салушы адам. /суретші/
7күн. /апта/
Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз? /зат есім/
Шаршының барлық қабырғасы... / тең /
Құйрығы айыр құс? / қарлығаш /
Жаз, күз, көктем және ... / қыс /
Көзілдірік не үшін керек? / жақсы көру үшін /
Құстар ағашқа не салады? / ұя /
Әкеңнің әкесі саған кім болады? / ата /
Сенің атың кім? / *** /
Сонымен, бүгінгі сайысымыздың соңғы кезеңіде аяқталды. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы анықталған болар. Сөзді әділқазылар алқасына берейік.
Бүгінгі интеллектуалды сайысымызға қатысушыларға, ұстаздарға және көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
Нығманов атындағы орта мектеп


Өткізген: А. А. Тукенова