Сыныптан тыс шара колледж студенттеріне арнал?ан ХХІ ?асыр к?шбасшысы


Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы (сыныптан тыс шара)Сыныптан тыс шарамыз Қарақстан Республикасының Тәуелсіздігінің -25 жылдығына және Үш тілділік саясатқа арналады.
Мақсаты: Оқушылардың  информатика пәні бойынша алған білімдерін ұшқырлау.  Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушының жеке білім дәрежесін бақылау. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, нақты пәнге қызығушылыққа оқуға ынтасын арттыру;Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты тиімді пайдалана білуге, компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық, жауапкершілік қабілетін дамыту.
Сыныптан тыс шара жарыс түрінде өтеді. Жарысқа 6 оқушы қатысады. Бүгінгі  интеллектуалды сайысымыз  5 кезеңнен  тұрады.
І кезең – Таныстыру (Әр қатысушы өзін таныстырып өтеді)
ІІ кезең – Бәйге (тест MyTest программасы арқылы тапсырады ) берілетін уақыт 10 минут
ІІІ кезең – Сиқырлы ұяшықтар (видео сұрақ)
ІV кезең – Жорға (Сұрақ жауаптарын 3 тілде айту)
V кезең – Ой толғау. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап «Болашақ бүгіннен басталады» атты тақырыпта өз ойларын жеткізу.
ІІ - жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық
 Естілмейді дыбыс түк
  Мұны біз де қоштаймыз
  Кешіккендерді тоспаймыз
  Ғылымдардың жаңасы
  Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз дей отырып - сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып кетейік.
І- жүргізуші:
Колледж әдіскері – Бисенбаева Айымгүл Қуанғалиқызы
Колледж директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары – Капанова Назгуль Жеткінқызы
Экономика пәндерінің оқытушысы - Нургалиева Алтын Рахметовна
Колледжіміздің белсенді студенті, оқу озаты – Серік Гауһар
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы – Изимова Айкөркем Жанатқызы
ІІ- жүргізуші:
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын - деп алғашқы сайысымыздың  кезеңі бойынша әр қатысушы өздерін таныстырады. (Қойылатын баға 3-5ұпай аралығы) 
ІІ- жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. Екінші кезеңіміз «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде әр қатысушыға 10 сұрақ беріледі, әр бір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.
І жүргізуші:
Үшінші кезеңіміз «Сиқырлы ұяшықтар» деп аталады. Осы кезеңде қатысушылар берілген тақырыптарды таңдай отырып, тақырып астындағы видео сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды колледжіміздің оқушылары сұрақ қояды. Әр бір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.( Егер жауап берушінің жауабы дұрыс болмаған жағдайда жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін басқа қатысушыларға жауап беруге рұқсат етіледі.)
Сұрақтары:
1.Ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізудің қамтамасыз ететін сонымен бірге түрлі белгілер бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер қалай аталады?
Жауабы: ақпаратты жүйе
2. Арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлі формаға, операциялық жүйеге керісінше жұмыс атқаратын модулятор құрылғысы?
Жауабы: модем
3. Мәтіндік және графикалық информацияны оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы?
Жауабы: сканер
4. Географиялық орналасқан нүктесіне қарамастан, дербес компьютерлерді байланыстыратын желілер жиыны?
Жауабы: ауқымды желі
5. Сандық шамалар мен олардың ара – қатынастарын геометриялық тәсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсетуші элемент?
Жауабы: диаграмма
6. Мәтіндік құжаттарды дайындауға түзетуге, кестелерді құруға, диаграммаларды орналастыруға арналған windows жүйесінің қосымша программасын атаңыз?
Жауабы: Microsoft Word
7. Дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп , нығыздап сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы?
Жауабы: архиваторлар
Үшінші кезеңіміздің қорытындысы бойынша төменгі ұпай жинаған 2 қатысушы ойынды тоқтады.
ІІ - жүргізуші:
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерге
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе – дей келе төртінші кезеңімізді бастаймыз. Әр қатысушыға 3 сұрақ қойылады, жауабын үш тілде аударып айту керек.
Қанша тілде жауап айтылса сонша ұпай қойылады.
1.Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын көрсететін перне.
Жауабы: Енгізу-Ввод-Еnter
2. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
Жауабы: Ақпарат-Информация-Information
 
3. Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы.
Жауабы: Пернетақта-Клавиатура-Keyboard4. Компьютер пернетақтасында қанша перне бар?
Жауабы: Жүз он екі - сто двенадцать - One hundred twelve
5. Компьютердің басты құрылғыларының бірі жүргізу монупуляторы.
Жауабы: Тышқан-Мышка-Мouse
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Жауабы: Өшіру-Удалить-Delete.
7. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
Жауабы: Терезе-Окно-Windows
8. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады?
Жауабы: Шекара-Граница-Border
9. Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Жауабы: Себет-Корзина-Basket
10. Шағын мәтіндік файлдармен жылдам жұмыс істеуге арналған Windows ортасының стандартты редакторлық программасы.
Жауабы: Кітапша-Блакнот-Notebook
11. Экрандағы операция орындалатын позицияны көрсететін белгі.
Жауабы: Меңзер-Курсор-Cursor
12.Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен   ажырату үшін қолданылады.
Жауабы: Бос орын-Пробел-Proble
 І - жүргізуші:
Төртінші кезеңіміздің қорытындысы бойынша төменгі ұпай жинаған
1 қатысушы ойынды тоқтады.
 І - жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен – деп «Ой толғау» атты бесінші кезеңімізді бастаймыз. «Болашақ бүгіннен басталады» атты тақырыпта қатысушыларымыздың ой пікірлерін тыңдау.
(Қойылатын баға 5 -10 ұпай аралығы)
ІІ - жүргізуші: Қатысушыларымыз дайындалып болғанша, көрермендермен ойын ойнатылады.
І - жүргізуші:
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).
І- жүргізуші: “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық. Бүгінгі сайысқа қатысушыларымызға мың алғыс. Білімнің биік шыңынан көріңіздер.