Сыныптан тыс іс — шара «ХХІ ?асыр к?шбасшысы»


Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.Керекті құралдар: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, есеп амалдары жазылған карточкалар, әуенді музыкалар,Ашық шараның жүру барысы:Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін 1-2 сыныптар арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әр бір тур бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап қатерге беріп отырады, ал балалардың әр тур бойынша аз бал жинаған бір бала ойынан шығып отырады)Жүргізуші:Адам меңгермейтін білім бар ма?Жойқын күшті тындырар күшің барда.Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгерАлға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:І бөлім «Бәйге»ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.»ІІІ бөлім «Жорға»ІV бөлім «Тапқырлық»
V – бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.І бөлім: «Бәйге»Мықты болсаң - алдағыны басып оз,Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз.Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,Шәкірттерге әділ баға беріңіз.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Берілген сұраққа жауапты білсеңіздер алдарыңызда тұрған тетікті басып жауап бере алатындарыңызды білдіресіңдер. Тетіктерді баспай жауап қабылданбайды. Жауап бере алмаса, келесі бала жауап бере алады. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)6. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (5 - таңертең, түс әулеті, бесін немесе түсқайта, кеш, түн)10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)11. Сөздер неге бөлінеді? (буынға)12. Жыл басына нелер таласты? (хайуанаттар)13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)14. Мақалды жалғастыр: (Отан – оттан да...................)15. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге - дауысты, дауыссыз)19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)21. Адамның көру мүшесі? (көз)22. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)23. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)24. Тудың түсі қандай? (көк)25. Нанды қайда пісіреді? (наубайханада)ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.»Ана тілің - арың бұл,Ұятың боп тұр бетте,Өзге тілдің бәрін білӨз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.Келді кезек жұмбақты шешуге,Жауаптарын беруге үш тілдердеҚазақ, орыс, ағылшынды білсеңізЖақсы баға шәкірт соған несібе.Бұл турда жұмбақтар жасырылып, Мақал –мәтелдерді аяқтау керек және оның шешуін балалар үш тілде айту керек.(Қазақша, орыс, ағылшын) Жұмбақ шешуін екі тілде айтқан бала – 5 ұпайға ие болады, ал үш тілде айтқан бала – 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!1. - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)2. - Жылт - жылт етеді, жылғыдан өтеді. (су - вода - water)3. Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (Қар - снег - snow )4. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үрген шырын бал. (алма - яблоко - apple)5. Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль - salt )6. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы.(ит – собака – dog7. Алыстан қарасаң, аппақ, Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar ) 8. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың, Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)9. Кең әлемді кернейді, Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
10. Сөзі дана, үні жоқ,Сөйлемейді тілі жоқ.Қолына алсаң шешен,Ақылы асқан көсем (Кітап - книга - book)
1.Басқа пәле-..... (тілден, язык- language(лангуидж ) 2.Ел іші – алтын ... (бесік – колыбель - cradl крадл) 3. Ер дәулеті- ...... (еңбек-труд- work ворк) 4. Мектеп-кеме, ….-теңіз (білім-знание- knowledge нолидж) 5. Көп сөз- көмір (уголь-соал), аз сөз- …. (алтын- золото- gold голд) 6.... – отбасынан басталады (отан – родина-motherland мазерланд) 7. Ер елінде, ….- жерінде (гүл-цветок- flower флауэр) 8. Жүз теңге ақшаң болғанша, жүз ….. болсын (дос-друг- friend фрэнд) 9. Отансыз-адам, ормансыз- …. (бұлбұл- соловей- nightingale найтингл) 10. Тіл тас жарады, тас жармаса … жарады (бас-голова- head хэд) 
ІІІ бөлім «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.Екі оқушы 1 минуттың ішінде 10 сұраққа жауап беріледі. Әр жауапқа 1ұпайдан беріледі. Жалпы ұпай 10
1 – оқушы1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға)3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң) 10.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)2 – оқушы:1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)10.Абайдың шын аты (Ибраһим)
ІV бөлім «Тапқырлық»Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.(16 сөз)Уақыты 1 минут.Қ А З А Қ С Т А НҚаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, Астана.
5 – бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» Мұғалім: Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар. 1 топқа: кему ретімен. Мектептің жүрегі – мұғалім. М – 22, і – 2, е –21, л – 3, к – 20, а – 4, т – 19, п – 17, ғ – 5, ң – 14, ұ – 6, ж – 13, г – 9, ү-12 , р – 11, е-18, т-16, е-10, і-15, м-1, і-8, м-7. 2 – топқа: өсу ретімен. Мектеп – кеме, білім – теңіз. М-10, і-23, з-29, е-17, м-18, е-14, п-15, м-24, т-25, е-19, б-20, е-11, к-12, е-26, л-22, і-21, т-13, к-16, ң-27, і-28 
   Жүргізуші: Қалағандай қиюлап үй татарын,
                  Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.
                  Тіліңнің білгің келсе құдыретін,
                  Жұртыңның оқы өлең ,жыр дастанын                  Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
                  Келіп тұр Егемендік замандарың!
                  Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
                  Және де сол тіл үшін жаралғанмын,-деп ақын ағамыз жырлағандай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып,қадірлей білсек,нұр үстіне нұр болар еді.         
-Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер!Осымен бүгінгі сайысымз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
1 топқа: кему ретімен. М – 22, і – 2, е –21, л – 3, к – 20, а – 4,
т – 19, п – 17, ғ – 5,
ң – 14, ұ – 6, ж – 13, г – 9, ү-12 ,
р – 11, е-18, т-16,
е-10, і-15, м-1, і-8,
м-7. 
2 – топқа: өсу ретімен. М-10, і-23, з-29, е-17, м-18, е-14, п-15, м-24, т-25, е-19, б-20, е-11, к-12, е-26, л-22, і-21, т-13, к-16, ң-27, і-28 
Уақыты 1 минут.Қ А З А Қ С Т А Н
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н