Біз жолда ж?ру ережесін білеміз бе? (т?рбие са?аты)


Біз жолда жүру ережесін білеміз бе?
"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.Көрнекілік:Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.Өтілу барысы:1. Ұйымдастыру кезеңіШаттық шеңберіҚұрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.Жүргізуші:Жалғайтын достастырып бар елмененЖолдардан тұрады ғой әлем дегенБүгінгі бізге келген қонақтарменОйынымыз басталсын сәлеммененТәрбиеші.Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.- Сәлеметсіңдер ме, балаларІМен сендерге жұмбақ жасырайын«Үш көзі бар қаз - қатарКезек - кезек ашадыҮшеуінен байқасамҮш түсті нұр шашады.»Тәрбиеші
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/- Ал, мына белгі не үшін керек?- Қара, бұл адамдар өтеді.- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Санжэарды үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.- Мынау қандай белгі?Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.- Ескерту белгісі НүкешҚып - қызыл үшбұрышЕскерту белгісі мен болам«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағамАман - сау жүреді жаяу да көлік теМен берген белгіні Сақтағың, қолданғын*****Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелекҚызылмен боялған, шеңберлі аумақты СұлуТиымшыл белгімін, қаталмын, салмақтыМен тұрған жерлерде қақың жоқ жүругеҚауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.**Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрышБаратын жеріңнің бағытын, тұрағын НазгүлҮн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамынКүндіз де түнде де от болып жанадыКөк түске боялған төртбұрыш шырағым.Тұрсынбек:- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші- Бір көзім «кідір» дейді, Санжар- Бір көзім «жүгір» дейді,- Бір көзім «абайла» дейді,Карап ал маңайға дейді.Бағдаршам:Қызыл көзін ашқанда, НартайСынық сүйем баспа алға.Сары көзін ашқанда, НұрсұлтанҚарап қалма аспанға.Жасыл көзін ашқанда, ШырынЖүре бергін жасқанба.Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.«Көшеде сақ бол!»Көшеде біз сақ болайық, ЕлмұратҚайғырмасын ата - ана.Жолда сен бол лайықты,Балалар атына.Жолда жүру ережесін, НұрайБілгенің бес саусақтай.Сонда ғана жүре аласың,Сен өзіңді сау сақтап.Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар