5-10 сынып о?ушылары арасында ?йымдастырыл?ан А?ша?ар конкурсы


Нағарашы орта мектебі
Ақшақар
5-10 сынып қыздарына арналған байқау
Ұйымдастырушы: Беделбекова Қ.Қ.
2015-2016 оқу жылы
І-жүргізуші: Ай қабақты алтын кірпік арулар,
Қыпша бел, қос бұрымды сұлулар.
Тал шыбықтай бұралған сендердій,
Жаратылыс жоқ шығар- деп бүгінгі мектебімізде өткізгелі отырған «Ақшақар» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
ІІ- жүргізуші: Ал ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Аруларды құрметпенен қарсы алайық.
(Арулар ортаға шығады)

І-жүргізуші: Арулар төмендегі шарттар бойынша байқауға түседі:
Таныстыру
Дефиле (ақшақар аруы келбетін бейнелеу)
Жаңа жылға ғажайып сәт сыйлау (өз өнерін ортаға салу)
Ал қанекей (көрерменмен ойын ойнау)
Қыздарға әсемдік жарасады (ақшақар киімі)
ІІ-жүргізуші: Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға,
Әділ баға сыйлаңыздар-аруларымызды әділ бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Тәрбие жұмысының орынбасары -Сабырбекова Інкар Оразылықызы.
Қыздар жұмысының жетекшісі -Мейірманова Жамила Нұрғазықызы.
Мектеп психологі –Кәдірбаева Забира Қырықбайқызы.
І- жүргізуші: Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
Ақшақары деп мектептің жүрейікші.
Әділ –қазы алқасына әділдікті,
Аруларға сәттілік тілейікші –бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларға сәттілік тілей отырып байқауымызды бастаймыз.

ІІ- жүргізуші: Халқымыздың сақтай білсе ізгі салтын,
Арулар толған айдай жүзі жарқын.
«Тегін білу тектілік» депті халқым,
Арулар таныстырып, сөз бастасын- ортаға
5 сынып оқушысы- Дәулетхан Ақниет
6 сынып оқушысы- Нұртай Анеля
7 сынып оқушысы- Нұрсапа Амина
8 сынып оқушысы Қуанышқызы Ақбота
10 сынып оқушысы- Тухтиева Адиля
(Сахнада қатысушы қыздарымыз сыныбы бойынша рет- ретімен өздерін таныстырады)
І- жүргізуші: Ал халайық ықыласпен демейік,
Арулардың ақшақар келбетін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
Келесі кезекте аруларымыз ақшақар келбетін бейнелейді.
(5-10 сынып арулары кезек- кезегімен сахнаға шығып ақшақар келбетін бейнелейді.)
ІІ- жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз,
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз.
Таңғажайып әлем –өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен таңғалмаңыз –деп аруларымыздың жаңа жылдық өнерін тамашалаңыздар!


І- жүргізуші: Тауы әсем қарағайлы аршасы бар,
Сол тауға талапты жас барса шығар.
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,
Бойында сол өнердің қаншасы бар- деп аруларымыздың ойындарына кезекті береміз.
(5-10 сынып арулары кезек- кезегімен сахнаға шығып көрермендермен ойын ойнайды).

ІІ-жүргізуші: Сымбатына сан киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Қыздарға әсемдік жарасатын- сахнаға ақшақар киімімен аруларымызды шақырамыз.
(5-10 сынып арулары кезек- кезегімен сахнаға шығып ақшақар киімдерін көрсетеді).
І- жүргізуші: Минуттар жылжып секундтар таяп қалды,
Байқауымыздың аяқталуына аз- ақ қалды.

Жеңіс тілеп қатысқан аруларға,
Берейікші сөз кезегін әділқазыларға.
Барлық қатысушы қыздар сахнаға шығады. Әділқазылар байқауымызды қорытындылап, марапаттау рәсімі орындалады.

ІІ-жүргізуші: Қош демейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар- деп бүгінгі «Ақшақар» байқауымызды осымен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!