Графикалы? редакторды? сурет салу ??ралдары (5-сынып)


Пән аты: Информатика Сыныбы:5 Күні: 23.12.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды графикалық редактордың сурет салу құралдары туралы мағлұматтармен таныстыру, білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өзбетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау  және  зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа даярлықтарына көңіл бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Paint дегеніміз не?
- Пиксель дегеніміз не?
- Суретті қалай ашамыз?
-Суретті қалай сақтаймыз?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жұмысқа керектінің бәрі Жолақта (Лента) орналасқан. Негізгі тіркеме бетінде алмасу буфері, кескін, құралдар, фигуралар, қалыңдық, түстер топтары орналасқан. Құралдарды таңдау үшін оны тышқанмен шерту жеткілікті.

Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі-түсті (тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып). Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі-түсті өшіргіш (тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып) тек қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.
Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады:
Қарындаш үшін - жуандық, түс;
498856012573000401320181610002565400-1270001534160-63500Фигуралар үшін- , , түстер.
3660140342900016281403429000 -қисық сызық, -сопақтан шеңбер аламыз, - тіктөртбұрыш, -көпбұрыш.
1663701219200028378151676402
002

23069551587500 1. 1.Өшіргіш түрлі-түсті
-қылқаламды баптау; 2.Өшіргіш қарапайым
IV. Сабақты пысықтау
- Негізгі тіркеме бетте не орналасқан?
- Сурет салу құралдарына не жатады?
- Өшіргіш қандай режимде жұмыс істейді?
V.Сабақты бекіту: Дәптерге мағлұмат жазу.
Компьютермен жұмыс:129-беттегі тәжірибелік жұмысты орындатқызу.
VІ. Сабақты қорытындылау: өзара сұрақтар қойғызу
VІІ.Үйге тапсырма: Графикалық редактордың сурет салу құралдары
VІІІ.Бағалау
23.12.2014ж_______________