Саба?ты? та?ырыбы: Та?ырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені ж?не дыбысты кірістіру.


Информатика мұғалімі Қ.А. Жакупованың
қысқа мерзімді жоспары
Күні: Пәні: информатика
Сыныбы: 6 ә
Сабақтың тақырыбы: Тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.
Жалпы мақсаты: презентация құруда қосымша мүмкіндіктерімен танысады, кестелер, суреттер, бейнелер және дыбыстарды кірістіруді қолданады.
Сілтеме: Microsoft PowerPoint, электронды оқулық
Оқу нәтижесі: Оқушылар әртүрлі шаблон, дизайн үлгілерін қолданып презентация құруды, сақтап, ашуды үйренеді.
Негізгі идеялар: Презентация, слайд, шаблон, дизайн үлгілері
Қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, (АВС тобының оқушыларын бақылау), Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық Топқа бөлінеді. Геометриялық фигуралар арқылы
Топқа бөлінеді. Алған бірдей фигуралары бойынша жинақталып, топқа бірігеді.
І. Білу Өткен тақырыптар бойынша білімдерін саралау үшін тест тапсырмаларын интербелсенді тақтада Activ-ote құрылғысымен
«Менің арманым» тақырыбында презентацияларын қорғайды әр оқушы жекелей компьютерде отырып, Джой класс бағдарламасының көмегімен интерактивті тақтада көрсетемін
оқып келеді Презентация мүмкіндіктерін тест тапсырмаларын интербелсенді тақтада Activ-ote құрылғысымен орындайды
Үйден дайындап келген «Менің арманым» тақырыбында презентацияларын қорғайды әр оқушы жекелей компьютерде отырып, презентация мүмкіндіктерін түсіндіре отыра қорғайды
ІІ.Түсіну Интерактивті тақтада, электронды оқулықтан жаңа тақырып түсіндіріледі. Түсініп тыңдап, қажеттісін жазып дәптерге жазып алып отырады.
ІІІ. Қолдану Топтық тапсырма. Әрбір топқа тақырыптар бөлініп беріледі, өз презентациясыларына кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру арқылы құрып, топпен қорғайды
Шарттары:
Дизайн, шаблонды пайдалану
Макет түрлері
Слайдтар ауысуы
Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Эстетикалық безендірілуі. Әрбір топ өз тақырыптарын бойынша, шарттары бойынша дайындайды
Сергіту сәті. Әуен ырғағымен би билеу.
«Қара жорға» Би билейді.
ІҮ. Талдау
Топпен жұмыстарын талқылап, бағалайды. Топ болып бағалап, шарттардың орындалуын тексеріп, үздік деген жұмыстарды анықтайды. Оқушылар жұптарының жұмысын талқылайды, бағалайды.
Ү.Жинақтау
Тақтада үздік деп танылған жұмысты сынып болып бірге тамашалап, оқушылар өз пікірлерін айтады.
Оқушылар жұмыстарын интерактивті тақтадан қорғайды.
ҮІ.Бағалау
Жұптық бағалау және топбасшысының бағалауы болады.
Жұптарын бағалайды.
Топбасшысы бағалайды.
V. Үйге тапсырмасын беру «Наурыз мерекесі» тақырыбында презентация құрып келу.
Презентация мүмкіндіктерін оқып келеді. Оқушылар «Наурыз мерекесі» тақырыбында презентация құрып келеді.
VII. Рефлексия
«Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазады «Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазады
Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.