Химия ?МЖ Жану ж?не баяу тоты?у. Оксидтер 8 сынып


Сабақ №36 Химия Күні: 13.01.2017 8 А Пән мұғалімі: Токтобакиева Замирам Ярмамеджановна
Тақырыбы: «Жану және баяу тотығу. Оксидтер»
Оқу мақсаты: Оқушыларға оксидтер, олардың аталуын қарастыра отырып, нақты білім қалыптастыру. Жану процесінің мағынасы, мәні жайлы оқушылар көзқарастарын дамыту.
Алдыңғы оқу Оттектің қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Оқу нәтижелері Оқушылардың барлығы: Жану, тотығу тікелей оттекке байланысты екенін түсінеді. Оксидтерді басқа бейорганикалық қосылыстардан ажырата алады.
Басым бөлігі: Оксидтерді басқа күрделі қосылыстардан ажырата алады. Формулалар жаза алады.
Кейбір оқушылар: Оксидтердің формулаларын жазуды біледі. Жану, тотығу реакцияларын жазып, оларды есептерді шығарғанда тиімді пайдалана алады.
Ресурстар Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/Н.Н. Нұрахметов, К.А. Сарманова, К.М.Жексембина. Әдістемелік оқу құралы. Күнтізбелік жоспар. Кеспе қағаздар. Н.Н. Нұрахметов, К.А. Сарманова, К.М.Жексембина Жұмыс дәптері
Әдіс-тәсілдер Ұжымдық оқыту, жеке жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақтар, өзіндік жұмыс, АКТ-ны пайдалану, СТО стратегиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекіліктер Кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, плакаттар
Жоспар
Басталуы Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
Ынтымақтастық атмосфера құру, оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу.
Оқушыларға алдыңғы тарауды қорытындылау мақсатында үлестірме тапсырмалар үлестіріледі, тапсырмадағы жауабы бойынша топтарға бөлінеді.
I топ - «Металдық байланыс»
II топ - «Полюссіз байланыс»
III топ - «Полюсті байланыс»
I топ - «Иондық байланыс»
Топ басшысын сайлаймын, сабақ бөлімдерімен, мақсатымен таныстырамын.
ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру. (өзіндік жұмыс) 
Күтілетін нәтиже: қызығушылығы оянады, ойлау белсенділігі артады 
Білімділік № 1 (5 балл) «Жылдам жауап» 
1-топ:
1.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? 
2. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы қанша? 
3. Оттектің физикалық қасиеттерін атаңыздар. 
4. KClO3 → нәтижесінде не түзіледі? 
5. Калий хлоратының құрамында қанша пайыз оттек бар екенін табыңыздар.
2- топ:
1. Оттек қанша мың бейорганикалық заттардың құрамына кіреді? 
2. Өршіткі (катализатор) деген не? 
3. Атмосферада оттек бос күйінде қанша пайыз кездеседі? 
4.H2O2 →нәтижесінде не түзіледі? 
5. Сутек пероксидінің хлоратының құрамында қанша пайыз оттек бар екенін табыңыздар.
3-топ:
1. Периодтық жүйеде оттек нешінші орында тұр? 
2. Оттектің таңбасы қалай оқылады? 
3. Адам организмінің қанша пайызы байланысқан оттектен тұрады? 
4. KMnO4 → нәтижесінде не түзіледі?
5. Калий манганатының құрамында қанша пайыз оттек бар екенін табыңыздар.
4-топ
1.Өнеркәсіпте оттекті қалай алады? 
2.Зертханада оттек газын қайда сақтайды? 
3. Оттекті тәжірибе жүзінде кім дәлелдеді?
4.HgO → нәтижесінде не түзіледі? 
5. Марганец (IV) оксидінің құрамында қанша пайыз оттек бар екенін табыңыздар.
Білімділік № 2 «Бізден сұрақ, сізден жылдам жауап» әдісі (1 балл) Топтар бір-біріне сұрақ қояды
Білімділік № 3 (4 балл)
«Адасқан сөздерді» ретімен қойғанда мағыналы сөйлем шығады.
111442592710002KCIO3 ….+……
2KCI+3O2(тәуелсіздік)
3K+3O2(егемендік)
3KCIO3+3О2(бостандық)
KCIO2+3О2(мемлекеттік)
20г Ca ауада жанғанда түзілетін CaO-ның зат мөлшері қанша?
0,2 моль (іргесі)
0,35 моль (тұғыры)
3 моль (байрағы)
0,1 моль (туы)
HgO-ның құрамындағы оттегінің массалық үлесін тап?
6,2% (өшпес)
4,5% (күшті)
7,3% (берік)
8% (мықты)
Биэлементті тап?
H2SO4 (жансын)
NaOH (тұрсын)
CuO (болсын)
Ca3(PO4)2 (болу)
«Тәуелсіздік тұғыры берік болсын» деген сөйлем дұрыс шығу үшін есептің жауабы сәйкес келуі керек.
Ортасы Мағынаны тану
Жаңа білімді өз бетінше меңгеру (өзіндік жұмыс) 
Күтілетін нәтиже: оқу дағдылары дамиды, ізденеді; танымпаздық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
«Жаңа сабақ құпиясы».
Қыздырғанда оттек көптеген металдармен және бейметалдармен шабытты реакцияласып жылу және жарық бөледі. Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар жану реакциясы деп аталады. Жай және күрделі заттар жанғанда әртүрлі не түзіледі? Оқушылар жауап береді. Балалар, ал оксидтер туралы не білесіздер? Ықтимал жауаптар.
Білімділік №4 (1 балл) «Айшықтар мен нөлдер» ойыны
1-топ:  2-топ: 
H3PO4 AlCl3 Mn(OH)2 
Na2O FeO SiO2 
HCl Al(OH)3 KOH 
CaO СаSO4 H2SO4
HCl Al2O3 NaOH
Cu(OH)2 NaCl P2O5
3-топ:  4-топ: 
AlPO4 Fe2O3 Mg(OH)2 
LiBr B2O3 SiO2
LiCl BaO HgOH
Ba3(PO4)2 LICl MnO2
NaCl CaO Si
BaO P(OH)3 CuOH
Білімділік №2 (1 балл) «Үшіншісі артық» ойыны 
Li2O SO2 MgCl2 
NH3 BeO Al2O3 
CuO KOH Na2O 
N2O5 CaO Na2SO4 
CuCO3 P2O5 CO2 
Аяқталуы Бекіту. Ой толғаныс
«Біліміңді байқап көр» (Топпен жұмыс) 
Күтілетін нәтиже: тапсырмаларды өз дәрежесінде шешеді 
Талдау № 1 (2,0 балл) «Пирамида» ойыны. Оксидтерді тауып, атын атау. 
Ca
CuO S
Na2O ZnO Al
P2O5 MgO Fe2O3 Li 
K2O BaO Ag2O CO2 O2
Талдау №2 (4,0 балл) «Кім жылдам» ойыны. Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіру 
1. 2Mg + О2 → 2MgO
2. 4Na+ О2 → 2Na2O
3. 2Ca + О2 → 2CaO
4. 4Al + 3О2 → 2Al2O3
Үйге тапсырма: 3-4-жаттығу 123-бет «Оксид» және «Отын» сөздеріне сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру. 
Қосымша тапсырмалар: Бағалау № 1 (6,0 балл) Тест 
1) Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар – 
А) элемент; Ә) оксидтер; Б) моль; В) жай зат. 
2) Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі: 
А)3; Ә)2; Б)1; В)4 
3) Төмендегі қосылыстардан оксидті анықтаңыз: 
А) H2SO4; Ә) KMnO4; Б) CO2; В) KOH. 
4) Күкірттің оттегінде жану нәтижесінде қандай зат түзіледі: 
А) түссіз газ; Ә) ашық көкшіл жалын;  Б) жасыл жалын; В) түссіз сұйық зат. 
5) … Ba + O2 = … BaO теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіндер:  А) 4, 4; Ә) 3, 3; Б) 2, 2; В) 1,1.
6) Ауаның құрамында оттектің көлемі қанша: А)78%; Ә)21%; Б)0,94%; В) 0,03%. 
Жауаптары: 1 ә, 2 ә, 3 б, 4 ә, 5 б, 6 ә
Пайдалану № 1(3,0 балл) Зертханалық жұмыс. 
Күтілетін нәтиже: мақсатқа өз бетінше жетеді 
Барлық топқа: Сынауыққа шамалы Zn ұнтағын салып оның үстіне қышқыл HCl құйыңыз. Не байқадыңыз?_______________________________________ Көрсетілген тәжірибенің реакция теңдеуін жазыңыз:___________________Бұл қай реакцияның түріне жатады?________________________________
Кері байланыс Жеке жұмыс. Топ басшылары оқу күнделігін толтырады.
Рефлекция
Сабақтың оқу мақсаты Қосымша 1
Бағалау парақшасы
Оқушының аты жөні Үй тапсырмасы Жалпы 5 балл Айшықтар мен нөлдер
1 балл Үшіншісі артық
1 балл Пирамида
2 балл Кім жылдам
4 балл Мұға-лімнің баға-лауы
№ 1 №
2 №
3