Физика п?нін о?ытуда о?ушыларды? тілдік сауаттылы?ын жетілдіру


УДК3937
Физика пәнін оқытуда оқушылардың тілдік сауаттылығын жетілдіру.
Шарипова Асем Маликовна
Физика пәні мұғалімі
«М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі-жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашылықта, үнемі ізденісте болуына жағдай жасау болып табылады.Әлемдік білім беру жүйесінде және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті болудың тиімді жолдарының бірі – әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі және алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана отырып, өмір сүру барысында өз орнын тауып дұрыс бейімделу деп атап өтілген болатын. Осы биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні - білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады.Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылады. «Физика және Астрономия» 7 сынып оқулығы бойынша аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат). Жұмыс барысындағы басты мәселе – ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Бұл бағдарлама 7-сыныптағы физика курсын толық қамтиды. Негізінен практикалық жұмыстарға баса көңіл бөлінеді. Себебі оқушы 7 сыныпта жаңа физика пәнінің негізін түсініп, физикалық шамаларды танып, өлшем бірліктерін ажыратып, формулаларға назар аударып, оларды түрлендіріп есеп шығаруда қолдануды үйреніп, есептерінің түрлерін ажырата біледі. Оқушылар міндетті түрде практикалық, бақылау, лабораториялық және өздік жұмыстар жүргізіледі. 7 сыныпта оқушыларға әр тақырып бойынша тарау мақсаттары, міндеттері, негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтірілген. Олар: қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және оқушының танымдық дағдыларын қалыптастыру кезеңдері.  7 сынып оқушылары пәннің ерекшелігін түсініп, осы пән негізінде болашақ мамандығын осы физикамен байланыстырып, түрлі маман иесі болуға болатындығын түсінеді. Қоғамның жан –жақты дамуы негізінде қазіргі ХХІ ғасырдың жас буыны бұл пәнді тек қазақ тілінде ғана игеріп қоймай , ағылшын және орыс тілінде де меңгеріп, өз білімін үнемі жетілдіре отырып ауызша, есеп шығаруда қолдана алуы керек. Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып саналады. Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған тіл . Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің қажет екендігін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру және ағылшын тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту. ХХI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз- кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағанасын түсініп, саналы түрде есте сақтау,жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының саналы түрде есте сақтау үшін сабақта түрлі көрнекіліктер , кесте сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады.Жалпы оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құрастыру аса маңызды. Оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілу тиіс.
Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.
Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден – бір тәсіл деуге болады.
Сабақты ойын түрінде өткізу.
Мысалы 7 сыныптағы қозғалыс тақырыбына тоқталу: 1.1 How to make things move
We often want to start things moving. Біздер әрқашанда заттардың қозғалыста болғанын қалаймыз. The diagrams show some examples. Диаграммада бірнеше мысалдарды көруге болады.
1.Copy and complet the table.
What you do to start it moving.Сен гольф добының қалай қозғалғанын қалайсын?
Golf ball гольф добы drawer қорапша buggy арбаша Pushing things,pulling things and hitting things are all ways of starting things moving.They move because you makea forceact and on them.
2. Look at the diagrams again. Then copy and complet the sentences. A force acting on an objekt makes it _______.
The object moves in the same _______as the force.
Making things move faster
It suddenly starts raining. So the man wants to make the buggy move faster.The diagram shows how he can do this.
Қозғалысты анықтауға бағытталған тапсырмалар беріледі.
Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз. Оқушыларды төменгі сыныптан бастап ағылшын тілінде оқыта отырып, олардың жүйелі ойлауына тиімді білім алып, өз білімін жоғары сыныптарда, жоғары оқу орындарында сабақты дұрыс игеруде пайдасы мол болатындығы анық.
Сонымен қатар оқушыларды 10-11 сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде оқыту барысында мыналарды ескерген жөн:
Өз пәнін өте жақсы көру. Ағылшын тілінде сөздік қоры жеткілікті болу. Тілдің мүмкіндігі мен құдіретін көрсету, керісінше  қиындығын көрсетпеу.
Сабақ барысында жылы , достық  жағдай тудыру:
оқушының жеке басындағы сенімсіздікті жоюға көмек беру;
жеке дыбыстарды, сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді дұрыс қолданбаған жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне акцерт жасамау («шет тілде қате сөйлеуге құқығың бар!» );
оқушының кез келген жауабын қабылдау; кіші-гірім  қиындықтардан өткеннің өзінде   қолдау жасау, енді үлкен жетістікке де жететініне сендіру;
оқушының қате жауабына ескерту жасамау, қатені түзеткен оқушының мәртебесі басқалардың алдында жоғары деген жалған пікір қалыптастырмау;
тек қайталау әдісі арқылы қателерді жою,  қиындықтардан өту.
Жаңа тақырып материалын тек жағымды үлгі арқылы ұсыну.Оқушының шығармашылық өсуіне және сенімділік жағдай орнату үшін көтеріңкі көңіл атмосферасын орнату.Оқушы баға үшін оқымайтындығы ойын қалыптастыру. Сондықтан төмен бағамен үрейлендірмеу. Тіпті керек болған жағдайда сабаққа сынып журналынсыз келу. Сабақ барысында  үйреніп жүрген тілде араласу талабын қатаң сақтау. Тілдердіараластыруға жол бермеу. Мұғаліммен сабақтан тыс уақытта үйреніп жүрген тілде, немесе пән оқытылатын тілде ғана араласу шартын  әрдайым орындау. Актерлік қабілетті де қолдану: оқушы назарын «Кәнеки,  назар аударыңдар! Бері қараңдар! Түгелдерің маған қараңдар!» сияқты дәстүрден бас тарту. Қимыл, мимика, дауыс әсеріне жүктену. Сабақ барысында әрқашан қосымша материалдарды ұсына отырып, дұрыс ойлау дағдысын қалыптастыру, қызығушылықты арттыру негізінде жас ерекшеліктерін ескере отырып түрлі тапсырмалар ұсыну. Орындаған тапсырманы уақытылы саралай отырып, техникалық бағытқа баулу. Сабақ материалы «жанды», күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру. Түрлі проблемалардан жол табу мүмкіндігін ескеру.
Физика пәнін ағылшын тілімен байланыстыруды сабақ барысында былай қолдануға болады:
Сөздікпен жұмыс жасау әдісін оқушының жетік түрде меңгеруі.
Үй тапсырмасы шығармашылықты, тіл дамуын қажет  етуі шарт, зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар ұсыну. (мүмкіндігінше жазба жұмыстарын, аналог бойынша жасалатын тапсырмаларды  бермеген жөн) т.б.
  Дарынды оқушыға қажет білімді тек  өзгертуге ыңғайлы, иілмелі әдістер арқылы жүзеге асырауға болатындығы сөзсіз. ХХ ғасырдың басында орыс  философы В.В.Розанов «дарынды бала шаршауды білмейді, ойын оятатын, жетілдіретін пән төңірегінде еңбектене береді, еңбектене береді», - деген.  Сондықтан да 7-9 сыныптар үшін ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, бір немесе бірнеше пәннен жеделдетіп оқыту –дарындылықты тану мен дамытудың тағы бір жолы. «Қоғам тек таңдаулылардың арқасында адамзатты ілгері жылжытады» деген Вине. Олай болса, көп тілдерді жетік меңгерген шәкірттер – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы екендігі сөзсіз.
 
Әдебиеттер:
Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. Оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті
«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы, «Мектеп», 1978ж
М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж
Core Physics Bryan Milner, Jean Martin, John Mills 2014