«А?паратты? технологияны математика саба?ында ?олдану ар?ылы білім сапасын арттыру» баяндама


«Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Баяндама: «Ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану
арқылы білім сапасын арттыру»
Бозай ауылы
2016жыл
Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды оқу-процесінде қолдану тиімділігі мол. Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жнақтауда электрондық техникаларды енгізууақыт үнемдеййді, қарастырып отырған кезенде ақпараттың толықтығын жоғарыатады, ақпараттық – анықтамалық жүйе қрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік тұғызады. Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәніне пайдалану, оқушының шығармашлық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдлрының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсттарға қодану, білім мазмұнн анықтауда, оқыт формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымынқалыптасырад, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды. Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамын:
Білім беруді ақпараттандыруды даыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау,
Оқушылардың ақпараттық-коммуникациялқ пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардң ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
Ақпараттық-коммуникциялқ технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалану оның келесі педагогиалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасн және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге баанысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық техологияның мүмкіндіктерін пайдалану;
Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық –іс-әрекеттік компьютерлік ойынар және т.б.)
Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технология, интеракивті тақта) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Ақпараттық мәдениетті дамыту қазіргі педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптасыру (бүкіләлемдік ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды іздеу алгоритмі мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдістерін меңгерту).Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлік) сауаттылық: оқу-әдістемелік, оөық тәжірибелерді зерттеу, ғылыми –зерттеу нәтижелерін түрлендіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту, қолдаңбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
Өз қызметтерін жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім; комуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы; білім беру процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерімізге сәйкес бейімдеп пайдалану.

Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндікері ерекше үлкен. Компьтер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарн көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрдеоі, көп уақытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.Оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі математикамен тығыз байланысты.
Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қыығушылықты тудыра білуінен басталады. Зерттеу объектісі ретінде 4-6-сынып оқушылары алынды. Математика пәні ақпаратық ехнологияны қолдану арқылы және дәстүрлі сабақ түрінде жргізілді. 1-диаграммадан көріп отырғанай оқушылардың ақпараттық технологияны қолданғанда қызығушылығын артқанын байқауға боады. Кез келген жағдайда ең алдымен бір нәрсеге қызығушылығы болмаса, жеке тұлғанынң қабылдау қабілеті де төмен болады деп ойлаймын. Қызығушылығы артқан оқушының, өткен материалды есіне сақтау қабілеті де артып, білі сапасының көтерілгенін байқауға болады.
Математика пәнін оқытуда әсіресе оқушылар «Координаталық жазықтық», «График», «Функция» тақырыптарын компьютерлік бағдарламалар: Agrapher, Koodraw арқылы меңгергенде жоғары белсенділік, қызығушылық танытты.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультатциялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компьютердің графикалық мүмкіндіктерін сызу математика сабақтарын өткізгене пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер етре отырып, олардың мотивациялық, эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.
Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-кмютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
Қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
Жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Білім мен тәрбиенің біріздігі;
Жалпы компьютерлік сауаттылық;
Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы (интенсификация)
Нәтижелер:
Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру:
Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялқ технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңару;
Біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
Мультимедияылқ электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және ақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету.
Кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, білім сапасын көтеруге болады деп ойлаймыз. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да артырады.

Әдебиеттер:
1. Полат е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования // М.,2000
2. Фридман Л.М. Изучение личности учащегося // М.,1988
3. Компьютерлік оқыту программаларын қолдану. Информатика-физика-математика журналы.