Дос ж?не досты? та?ырыбында ?ткізген саба? жоспары. 6 класс


6 г- 28.09
Сабақтың тақырыбы: Дос және достық
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.Көрнекілік:  қалам, А4 беті, маркер,
Өткізу әдісі:  дөңгелек үстел
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 топқа бөлініп жұмыс жасайымыз1 топ «Сыйластық»2 топ «Достық»2.Кіріспе сөз. . Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.
.
Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі , бірақ та кейбі-реулер , шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді!   Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.  Бір-бірлерінің  көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.
М.Мақатаевтың «Дос» туралы өлеңінің бір  шумағын  сендерге оқып беруге рұқсат етіндер:
Досым саған сенемін, сеніп өтем!Жолы бөтен демеймін, жөні бөтенДостық деген – адамның көрігі екенДостық деген – ақылдың серігі екен .
Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,
тілектес, мұраттас болуы.
Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі?
ІІІ.Пікір талас . Тақырыпты ашу сұрақтары. 1. Дос деген кім?Сыр бөлісетін адамМені өте жақсы түсінетін адамКөмекке әрдайым дайын адамҚандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам Сенімді адам2. Достық дегенді қалай түсінеміз не ?- жауап: Адамдар арасындағы байланыс3.Достар қандай болу керек? 4. «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?5. Достық жасқа байланысты ма?6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?7. Неліктен өмірде  жақсы достар қажет? 8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.Қағазға «дос»күншуағын сөзін жазуАдал ,жомарт, адамгершілігі ,мол, қарапайым, мейірімді ,Дос кешірімді ,төзімді ,ақылды ,сабырлы ,салмақты ,кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
.Сергіту сәті:«Досымның жүрегі» ойын Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу. Жағдаяттан шығу.«Достық» және «Сыйластық» топтары1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
5 мақалды көшіріп жаз
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».6. «Досы жоқпен сырлас,Досы көппен сыйлас».7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».8. «Дос басқа қарайды,Дұшпан аяққа қарайды».9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».10. «Досың мың болса да - аз,Дұшпаның біреу болса да - көп».11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»12. «Білімдімен дос болсаң,Сасқанда ақылың айтар.Білімсізбен дос болсаң,Топ ішінде бетіңді қайтарар».ҚорытындыМұғалім сөзі: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.«Достық» ережесі.• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.• Досыңды алдамай, оған адал бол.• Досыңды қорлама.• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.• Досыңның кемшілігін кешіре біл.Мұғалім сөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?- Гүлге жапырақтар арқылы тілек жазуҮйге:5 мақалды жаттау