Сыныптан тыс ж?мыстарда диалогті о?ытуды ?олдану


Коучинг тақырыбы Сыныптан тыс жұмыстарда диалогті оқытуды қолдану
Коучинг мақсаты Диалогтің маңызын ашу, сабақтан тыс жұмыстардың нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу.
Күтілетін нәтиже Мұғалімдер диалогтік оқыту туралы ақпарат алады;
Болашақта сабақтан тыс жұмыстарда қолдануға бейімделеді;
Диалогті сабақтан тыс жұмыстарда қолдануды дамытудың маңызын түсінеді;
Маңызды дағдылардың бірі тиімді сұрақ қоя білуді түсінеді;
Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтан тыс кезінде қолдануды үйренеді.
Коучингтің барысы:
Уақыты Іс-шараның түрі: Мазмұны Коучтің
іс-әрекеті Мұғалімдердің
іс-әрекеті Ресурстар
3 /мин/ Топқа бөліну Топ ережесін қабылдау Топтық жұмыс туралы қысқаша нұсқау беремін. Топ рөлдер туралы айтылады Топтарға бөлінеді, топ мүшелері міндеттерімен бөліседі. 1-11 дейін сандарды тарату арқылы. Таратпа материал
10 /мин/ Ұжымдық жұмыс Диалог дегенді қалай түсінесіздер? Постер мен кластер айырмашылығын айтып түсіндіремін Өз түсініктері бойынша тұжырым жасайды. Кластер,
формативті бағалау, маркер, А3 қағаз,
7 /мин/ Пікір алмасу Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері туралы толық мағлұмат беру Слайд көмегімен диалогтік оқыту модулін таныстырады және ғалымдардың зерттеулері жайлы жазылған жадынама таратамын Слайдты көреді, ой түйіндейді, оқып танысады, сұрақтарын қояды. АКТ, дайындалған жадынама
3 /мин/ Сергіту сәті Кім?
Кіммен? Қашан?
Қайда? Қалай? Неліктен?
Не істеді? Мен көрдім де… – дедім. Сергіту сәтінің мазмұнын түсіндіремін. Сұраққа нақты жауап береді. топтарға жазылған сұрақтар тізбесі, постер, маркер.
18/мин/ Топтық жұмыс Тәрбие сағатының жоспарын құру жоспар диалогтік оқытуды қолдану және әңгімелесудің үш түрінің біріне бағытталып құрылу керек.
Тақырыптар топқа бөлінуде таңдаған сандары, яғни сыныпқа сай болу керек екенін айтамын. берілген тақырыпқа байланысты тәрбие сағатының жоспарын құрып, қорғайды.?Тәрбие жоспары, АКТ (слайд), таратпа материал
4 /мин/ Кері байланыс 10 сөз Стикер тарату Өз көзқарастарын 10 сөзден аспайтын мәтінмен жазады. Стикер,
саты суреті
Рефлексивті есеп
Мұғалім мектептің жүрегі, әдістеме оның тірегі демекші коучинг отырысымызда өзімізге қажетті жаңа идеялармен таныстыру көзделді.
Коучингті бірінші ұйымдастыру кезеңінен бастадым. Мұғалімдерді топтастыруда сандар (1-11) жазылған таратпа қағаздар берілді және топтарға топтық жұмыс туралы қысқаша мәлімет беріп, топ мүшелері міндеттерімен бөлісу ұсынылды. Бұл жерде байқағаным мұғалімдер шапшаң өз рөлдерін бөлісіп алғандары ұтымды болды.
Топтарға қойылған сұраққа да өте жақсы жауаптар алдым. Арығарай жұмысымызды жалғастыру ретінде мұғалімдерге «Постер мен кластер айырмашылығы» туралы айтып түсіндірдім. Түсініктерін шыңдау үшін «Диалог» сөзінің кластер құруды ұсындым. Осыдан мұғалімдердің түсінгендері байқалды. Дегенмен ассоциация ретінде аз ғана ұқсас сөздер жазды.
Келесі кезең пікір алмасу ретінде «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» туралы толық мағлұмат беріп, ғалымдардың зерттеулері жөнінде жинақталып жазылған таратпа материал беріліп, сұрақ қоюдың түрлері жөнінде толық мағлұматпен өздері оқып, танысты.
Сергіту сәтінде сұрақ қоюға бағыттадым. Яғни экранда жеңілден күрделіге қарай сұрақтар шығарылып отырады, топтан бір мұғалім жауап береді. Бұндағы мақсатым диалогта қолданылатын сұрақтарды қою ретін терең түсіну. Ондай сұрақтарды сабақта да сабақтан тыс уақытта да қолдануға болатынын түсінді деп ойлаймын.
Келесі топпен жұмыста «Тәрбие сағатының жоспарын құрау» ұсынылды. Мұнда мұғалімдерге әр сыныпқа байланысты берілген тақырыптарына жоспар құру әңгіменің үш түрінің бір қолдану болды. Жұмыстарын қорғаған кезде байқағаным, екі топтағы мұғалімдер жоспар құруда зерттеушілік әңгімені таңдаған, ал бір топтағы мұғалімдер топтық әңгіме, тағы бір топта отырған мұғалімдер әңгіме-дебат түрін таңдап жоспарлаған. Бұдан түйгенім мұғалімдер сыныптан тыс жұмыстарда осы әңгіме түрлерінің айырмашылықтарын түсініп, болашақ жұмыстарында қолдана алатындығын.
Кері байланыс ретінде «10 сөз» тапсырмасын бердім, яғни мұғалімдер коучингтің өтуіне 10 сөзден аспайтын тілек, пікір немесе ұсыныстарын жазу керек. Бұнда байқағаным кейбір мұғалімдер 10 сөзді ұйқастырып жазуы өте сәтті болды, кей біреулері 10 сөзді жеке жеке жазуларында, ал кейбіреулері 10 сөзден асып кетті.
Осы өткізген коучингте адамның ойлауына көп түрткі салынды. Әр мұғалім өз ойын еркін жеткізді. Ұйымшылдықпен, бірлікпен нәтижелерге қол жеткіздік. Назардан тыс қалған ешқандай мұғалім болмады.
Коучинг қатысқан мұғалімдердің пікірлерін оқи отыра өзіме деген сенімділігім арта түсті. Коучинг сабағын қалай өткізсем екен деген толғанысым сейілді. Ендігі сабақтарымды аяғымнан нық тұрып өткізе аламын, дегенмен теориялық білімімді үздіксіз жетілдіріп отыруым керек. Келешекте коучинг өткізуде теориядағы нақты анықтамалармен жеткізуге тырысамын.. Әріптестерімнің арасында қажетті мақсаттардың орындалуы үшін коучинг өткізуді әлі де жалғастырамын. Жалпы коучинг дегеніміз сенімді орта құру деп түсінемін және мұғалімдердің өзіне керекті әрекеттер тәсілін таңдауға, дербес білім алуға көмектеседі.