Баяндама «Бастауыш сынып о?ушыларыны? т?рбие процесінде ?лтты? ??ндылы?тарды ?алыптастыру »


Шығыс Қазақстан Облысы Риддер қаласы
«№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Баяндама
Тақырыбы : «Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ».
« Формирование национальных ценностей в воспитательном процесе младших школьников ».
Бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі : Маметкалиева А.К

Риддер қаласы 2017 ж
Ұлттық тәрбие беру ұрпақ санасына ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан өз ұлтымыздың жауһарларын сіңіру болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деп, бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар аясында, қазақ халқының рухани-мәдени сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу – басты мақсатымыз екендігін көрсеткен. Бүгінгі таңда оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Ал ұлттық мәдени құндылық дегеніміз не? Ол әр ұлттың өзіне тән салт-санасы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы. Яғни,ғасырлар бойы жинақталған рухани және материалдық құндылықтары.
Әрбір адам өзінің жеке басындағы құндылықтарды қоғам мен өз елін дамыту игілігіне жұмсау мақсатында ұлттық, жалпы адамзаттық және адамдық құндылықтармен ұштастыра алатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Сондай- ақ жеке тұлғаның рухани адамгершілік құндылықтарының даму жөніндегі отандық бағдарламасын жасап, оны балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықтағы үздіксіз білім беру үрдісімен үйлестіру қажет.
«Адамға ең әуелі білім емес тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби.  
Қазір XXI ғасыр білім мен ғылымның заманы. Бірақ күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені соның ішінде ұлтық тәрбиені ұмытар болсақ, ұтылғанымыз.  Өйткені, білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре алмаса ол адам ұлт алдында мәңгүрт, халық алдында пайдасы жоқ азаматқа айналмақ. Мәдениет демекші, тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса, өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі өскен ортаға, тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты.
Осы орайда Абай атамыздың мына сөздері ойға оралады: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен.
Сондықтан баланың күнделікті көрген-білгені мен көңілге тоқығанына баса назар аударуымыз қажет. Өйткені, ғаламтор мен теледидардан көргенін бала тез қабылдайды.
Өскелең ұрпақ жас шыбық тәрізді. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың. Қалай бағыттасаң, солай өседі. » деп бекер айтылмаған.
Біздің мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспарлары құрылып , бекітілген . Іс – шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тәрбиенің негізгі 12 бағыты бойынша жүргізіліп келеді .
/Слайд фоталар/Мектеп-бала , ата-ана бір шаңырақ астында білімді ,тәрбиелі жас ұрпақты тәрбиелеуде ат салысуда.
Тәрбие дегеніміз – баланың сезімін оятып, жақсылық жасауға, мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата салтын, ана тілін құрметтейтін, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» жасай білетін адам ету баулу деген сөз.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келсек: біз – халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп – өнген, бабалар, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен дана халықтың ұрпағымыз.
Төле би атамыздың – «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы- сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық». [ 3,. 20 б]-деп баяндамамды аяқтаймын .


Қолданылған әдебиеттер тізімі.
«Қазақ афоризмдері» , Алматыкітап, 2008 жыл.
«Нақыл сөздер» , Алтын алқа, 2010 жыл
«Қазақстан мектебі журналы» №6, 2002 жыл
«Жалпы педагогика», С.Б.Бабаев., Ж.К. Оңалбек. Алматы: «Нұр- пресс»,2005 жыл
«Тәрбие сағаты» №1, 2011 жыл