Та?ырыбы: Жа?сы адам болу ?шін не істеу керек?


Ғылыми жоба тақырыбы: Жақсы адам болу үшін не істеу керек?  Ғылыми жобаның авторы: Асамадин Ұлзада Жетекші: Балғабаева Орынай Изадиновна Секция: Психология  Ғылыми жобаның өзектілігі: қазіргі таңда қарттар үйі, тастанды балалардың көбеюі, қоғамда болып жатқан дау-дамай, түрлі келеңсіз жағдайлардың көбейіп бара жатқаны бәрімізге мәлім. Тіпті кішкентай ғана түсінісбестіктің орын алуынан адамдар біріне-бірі кек сақтап, оп-оңай ғана өлтіруден тайынбай жүргенін бүкіләлемдік желіден көріп отырмыз. Осының барлығы да адамның бойындағы рухани байлықтың аздығынан туындап отырған жағдай болғандықтан, «Жақсы адам болу үшін не істеу керек?» деген тақырыпты таңдадым.Ғылыми жобаның мақсаты:Жоғарыда атап өтілген келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін ең бірінші адамға «Жақсы адам» болу керектігін ұғындыру; Ғылыми жобаның міндеттері: -Жаңалықтарға шолу;-Әдебиеттерге шолу;-Халықпен сұхбат;-Оқушылардан сұрақ-жауап алу;-Қорытынды шығару.Ұсыныс: «Жақсы адам болу үшін не істеу керек?» тақырыбында оқушыларға арналған дөңгелек үстел, адамның рухани-адамгершілігін дамыту мақсатында оқушылар бастамасын көбейту.Пайдаланған әдебиеттер: Интернет веб-сайттарының мәліметтері Әдемі өмір сүрудің әдебі кітапшасыЖаңалығы: Оқушыларға жақсы адам болудың жолдары графигін ұсыну I. Кіріспе....................................................................................................................3II. Негізгі бөлім.........................................................................................................42.1 Адам дегеніміз кім? ..........................................................................................42.2 «Жақсы адам болу» үшін не істеу керек?.......................................................9III. Эксперименттік бөлім......................................................................................113.1 Адам дегеніміз кім? Сұхбат.............................................................................113.2 Жақсы адам болу үшін қандай қасиеттер керек? Сауалнама.......................13IV. Жақсы адам болудың графигі............................................................................15V.Қорытынды............................................................................................................17VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................18 III. Эксперименттік бөлім3.1 Адам дегеніміз кім? Сұхбат 3.2 Жақсы адам болу үшін қандай қасиеттер керек? Сауалнама «Жақсы адам болу үшін қандай қасиеттер керек?» деген тақырыпта алынған сауалнамаға сыныптан 20 оқушы қатысты. Сауалнамада төмендегідей сұрақтар қойылды: Сауалнамамның қорытындысын мен былайшы шығардым. 1. Жақсы адам болу үшін ең бірінші адамға мейірім мен адамгершілік, үлкен сабырлық керек.2. Жақсы қасиет адамға ең бірінші тұқым қуалаушылықтан келеді, одан кейін ата-анадан, сосын адамның өзінен келеді.3. Адам бойындағы ең жақсы сосын ең жаман қасиетін айта білу керек. Өйткені жақсы қасиетің көп болса, одан сайын жетілдіру керек. Ал жаман қасиетің көп болса, жақсылық істеп, жаман қасиетіңді жоюға тырысу керек. Сонда ғана адам өз-өзін тәрбиелеп, жақсы тұлға боп қалыптасуға талпынады. 4. Жақсы мінез деген ол адамның жан-тыныштығы. Ол адамның өзінің рухани байлығынан келеді.5. Жақсы мінезді адам болу үшін ең бірінші адамға мейірімді сосын қайырымды болу керек. Сонда ғана адамның мінезі жақсара түседі. V. ҚорытындыМен өзімнің «Жақсы адам болу үшін не істеу керек?» деген зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, адамның жақсы өмір сүруі үшін ең бірінші жақсы адам болып қалыптасуы керек. Өйткені қазіргі таңда әлемде болып жатқан келеңсіз жағдайлардың орын алуы негізінен адамның руахни байлығының азаюынан деп ойлаймын. Өйткені адамның бойында мейірім, адамгершілік қасиеттер болса жамандық жасамас еді. Жасым кіші болса да , осы жастан бастап бізді тәрбиелесе, болашақта елімізде жаман жағдайлар болмас еді. Осыған байланысты, осындай жағдайлардың алу мақсатында «Жақсы адам болудың графигін» ұсындым. Өз сыныптастарым осы графикті өзімен бірге алып жүрсе, жаман іске бармай болашақта «Жақсы адам» деген атқа лайық болар еді. Қорытындылай келе, мынадай ұсынысымды айтар едім:1. Мектепетегі адамгершілікке тәрбиелейтін сабақ тек қана сынып сағатында жүргізіліп отыр. Ол сынып сағаты тек қана 30 минут болады. Ол кезде сынып жетекшілердің оқушылармен адамгершілік, рухани байлық туралы сабақтары өте аздық етеді. Сол себептен мектеп бағдарламасына «Әдеп, адамгершілік» сабақтарын қосу керек;