Та?ырыбы:ДЫБЫС Ж?НЕ ?РІП.Саба?ты? т?рі: аралас саба?.


ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП
Мақсаты:
Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Психологиялық дайындық
Жалқаулықты білмейміз,
Жалқаулықты білмейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. 13-жаттығу.Әжеңе ашақ хат жазу,оқу, талдау.
2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?
Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
1.Дыбыс және әріп туралы берілген ұғымды еске түсіру.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
Дыбыс дегеніміз не?
Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар?
Ү.Жаңа материалмен жұмыс:

Күн ретін жазу. Көркем жазу:
1-жаттығу.
Сөздерді дыбыс санына қарай бағандарға топтап жазу.
2-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз.
Соңғы екі жолындағы сөздердің дауысты дыбыс әріптерінің астын-бір,дауыссыз дыбыс әріптерінің астынекі рет сыз.
3-жаттығу
Топпен жұмыс
«Адасқан буындар» ойынын өткізу.
Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді.
4-жаттығу.
Ат әбзелдерін әліпби бойынша тізіп жазу.
5-жаттығу.
Кестені толтыр.
Жуан айтылатын сөздер Жіңішке айтылатын сөздер Жұан-жіңішке айтылатын сөздер
1-топ 2-топ 3-топ
Сөздерді оқу, мағынасын ашу, кестеге орналастыру.
6-жаттығу
Өздік жұмыс
Әріптерді топтап жазу.
Жұан дауыстылар:.....................................
Жіңішке дауыстылар:................................
Үнді дауыссыздар:.....................................
Ұяң дауыссыздар:......................................
Қатаң дауыссыздар:...................................
8-жаттығу.
Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу.
Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу.
Сергіту сәті.
Солға ,солға түзу тұр,
Оңға,оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
ҮІ. Бекіту:
9-жаттығу
Дыбыстық талдау бойынша сөздерді тауып жазу, олармен сөйлем құрастыру.
Қоян, аю, фильм,қалам.
ҮІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
«Ойлан,тап» ойыны.
....оп .....теш
Ш.....ны ө.....ік
.....ас .....лгек
Қ.....ран ә.....ке
.....үт
Топтағы балалар бірін-бірі бағалайды.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 13-бет.