«Мектептегі дене т?рбиесі ж?мыстарын жоспарлауды? негізгі ба?ыттары»


«Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі бағыттары» Орындаған: дене шынықтыру пән мұғалімі Байырбаев Назымбек амангазиевич Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы орта мектебі АЛМАТЫ 2014 ж Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделі:Жоғарғы деңгей: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі жөніндегі білім мазмұны бойынша меңгерген білімі айтарлықтай терең; өз жеке басының белсенділігімен ерекшеленеді; білімін жетілдіруге ынталы; дене мүмкіндігі мен рухани жан-дүниесінің біртұтас жүйе екендігін сезіне біледі; дене жаттығуларының, қозғалыс қимылдарының т.б. дамыту, білімдік, сауықтыру міндеттерін шығармашылық тұрғыдан шешуге қабілетті. Даярлықтың жоғары деңгейінің қалыптасуы, болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің оқушыларға бағытталуымен сипатталады, олардың сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта оқушыларды дене тәрбиесін жүзеге асыру құралдарын пайдаланып, жұмыс істеудегі шығармашылыққа және өзін-өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасымен сипатталады Орташа деңгей: Дене тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелерді, педагогикалық жағдаяттарды, тәрбиелік іс-шараларды көңіл-күй тұрғысында дұрыс қабылдай алады; оларға деген қызығушылығы бар, бірақ оның оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудағы мәніне терең мән бермейді; дене тәрбиесі міндеттерінің әлеуметтік педагогикалық құбылыс ретінде жете түсінбейді; білімін жетілдіруде қадағалауды, көмекті талап етеді, оның жеке қажеттігін сезінеді, орташа деңгейдегі оқушылар сабақта және сабақтан тыс уақытта дене тәрбиесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға ішінара қалыптасқын даярлығымен ерекшеленеді. Төмен деңгей: Мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға қызығушылығы болғанымен, бұл бағыттағы жұмыстарға ат салыспайды; дене тәрбиесі бағыттарының мәнін түсінеді, бірақ ынтасы жоқ; мазмұндық-танымдық, рефлексиялық-бағалау, шығармашылық бірліктерін меңгермеген. Зерттеуде алынған нәтижелер төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:-әдістемелік-нұсқаулық білім негіздерін сапалы түрде меңгертуге;- тәжірибелік-әдістемелік даярлық жүргізу;-өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістерін меңгерту;-дене тәрбиесін жетілдіру мен спортқа қызығушылық пен сұранысты күнделікті өмірге белсенді ендіру арқылы дене тәрбиесі саласындағы «міндеттеу» жүйесінен жалпыға бірдей «еріктілік» жүйесіне көшу. Оқушыларға берілетін әдістемелік-нұсқаулық білім сабақтың теориялық бөлімінде жүзеге асырылады. Мұндай сабақтар барысында оқушылардың әдістемелік тәсілдерінің мәні мен олардың өз ағзаларына тигізер әсерін танып, түсінуге оңтайластыру-бағытталушылық даярлықты жетілдіруіне мүмкіндік туады. Әдістемелік-нұсқаулық сабақтар оқушылардың әдістемелік бағыттағы өз білімдерін кеңейтіп (мысалы, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену), өзіндік жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізгенде өз нәтижесін береді. Тәжірибелік-әдістемелік даярлыққа төмендегідей жүйелі тәжірибелік тапсырмалар кешенін орындаған жағдайда қол жеткізуге болады:-таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар жүйесін жасақтау және жүргізу;-күні бойы жүргізілетін жаттығулар жүйесін құру; - сергіту жаттығулары мен қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу;- қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, арнайы дене қабілеттерін жетілдіру жаттығуларын жүргізу;бұқаралық сауықтыру спорттық шараларына қатысу;- спорттық сайыстарға қатысу және төрелік ету. Оқушылардың дене тәрбиесін дамыту жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістері жетекші қызмет атқарады. Бұл бағыттағы арнайы даярлық өзін-өзі жетілдіру туралы ақпарат, негізгі әдістер мен тәсілдерді қамтиды. Оқушылар назары төмендегідей іс-әрекетпен тапсырмалар орындауға бағытталуы қажет: - өзін-өзі жетілдіру үрдісінің жеке мүдделік ерекшеліктерін нақтылау;- оқушының дене тәрбиесі қызметі бойынша қызығушылығы мен сұранысын есепке алу, сұранысты қанағаттандыру жодарын қарастыру;- әр оқу сабағында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қажетті ақпаратты таңдап алу;- дене жаттығулары барысында кездескен қиындықтармен жүйелі күрес жүргізу, тұлғаның жағымды қасиеттерін, ерігі мен жігерін дамыту; - Дене тәрбиесі арқылы өз мінезін шыңдау, өмірде кездескен қиындықтардың шешімін таба білуге дағдылану;- тіршілік сақтау, психология, анатомия, дене тәрбиесі, физиология саласы бойынша білімдерін тереңдету. Білім сапасына өзіндік бақылау жүргізу үшін меңгерудің үш деңгейін білу қажет;1 деңгей. Оқу материалын саналы түрде ұғыну, мазмұнын есте сақтау.2 деңгей. Педагог көрсеткен үлгі бойынша меңгерілген білімді тәжірибеде қолдана білу білігі.3 деңгей. Өзгермелі жағдайға сәйкес, білім мазмұнын өзбетінше өзгерте алу және өзбетінше іздене білу қабілеті. Білім сапасына өзіндік бақылау жүргізу үшін меңгерудің үш деңгейін білу қажет;1 деңгей. Оқу материалын саналы түрде ұғыну, мазмұнын есте сақтау.2 деңгей. Педагог көрсеткен үлгі бойынша меңгерілген білімді тәжірибеде қолдана білу білігі.3 деңгей. Өзгермелі жағдайға сәйкес, білім мазмұнын өзбетінше өзгерте алу және өзбетінше іздене білу қабілеті. Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері жүйесінде болады:- таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар;- мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен;- оқу сабақтарына дейінгі жаттығу;- дене тәрбиесі сабақтары;-сабақ үстіндегі сергіту минуттары;- үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар;- күнделікті денсаулық сағаттары; Дене тәрбиесі үрдісінің кәсіби бағытталуы-оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іскер көзқарас таныту;- оқушылармен тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде операциялық білімдерін, икемдері мен дағдыларының қажетті деңгейде болуы.-спорттық сағаттар;-спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыстар;-жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар;-өзбетінше дене жаттғуларымен айналысу. Мектептегі тәрбие жұмысының маңызды міндеті баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы болып табылады. Сондықтан шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады, өйткені оның жоқтығы тек ақыл-ой дамуын ғана тежеп қоймай, балалардың қозғалыс белсенділігін де төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде баланың дағдылары мен икемділіктерін практикалық қызметте пайдалану қажеттілігін болдырмайды, қозғалыс кестесінің бұзылуына апарып соқтырады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет