Мектептегі дене т?рбиесі ж?мыстарын ?йымдастыру т?рлеріне талдау


Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарынұйымдастыру түрлеріне талдауОрындағандар: Умирбаев Алтынбай Жандосович   Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек: - денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру; - негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету; - жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету. Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады. Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі. 2. Тоқсандық жоспар-кестесі. 3. Әр сабақтың жоспары. 4. Жоспар-конспект. Гимнастика Эстафеталық ойындар Қысқы спорттық ойындар Шахмат Стол теннисі Баскетбол Волейбол Қорытынды: Дене тәрбиесі- спорт, бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.Жеке басылық дене тәрбиесі – адамның өз басының, дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын, оның керектігін, мәнін, мағынасын түсініп, өзіне, маңайындағы адамдарға үйрете бастауы, оның осы салада білім, хабар көздерін іздеп, ол білімді өзінің, айналасындағы адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, спорт түрлерінің қозғалыстарын үйретуге, өмірге қажет қимыл шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға қолдануы.