БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ Т?Л?АНЫ? ПАТРИОТТЫ? ?АСИЕТТЕРІН ?АЛЫПТАСТЫРУДЫ Ж?ЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ
ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
А.Х.Алимбаева
№ 7 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Мұнайлы ауданы
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттфң қас жауы, ол келешекте
оның өміріне қауіп әкеледі»
Әбу Насыр әл-Фараби
Ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ игілікті іс. Барлық сенеріміз де, сүйенеріміз де, тірегіміз де – болашақ ұландарымыз.
Егеменді елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді. Қазір барлық жерде әрбір ұлт өз тілін, өз мәдениетін, салт – дәстүрін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақтың кәдесіне жарату мақсатында игілікті істер атқаруда. Елімізде жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі таңда жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі-жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейтестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынан да артып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» ең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер мен халықтарының салт – дәстүрін құрметтеу» ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін, тарихын жете білу деп көрсеткен.
Патриоттық тәрбие оқушыларды азаматтық өзіндік сана – сезімге, ұлттық ар – намысын, борыш – парызым деп құрметтеуге үйретеді.
Патриотизм дегеніміз - әр азамат өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде пайда болатын сезім. «Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіш тәлім – тәрбие беру идеяларының жиынтығы». Әр азамат өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінетін сезімді әр оқушының бойына сіңіру мақсатында мектепке патриоттық тәрбие беру жүйесін ұсынамын.
Мектепте патриоттық тәрбие беру жүйесі қазақстандық және әскери патриотизм болып 2 бағытта жүргізіледі. Қазақстандық патриотизм патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі Отан, туған жер, ұлттық тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, мемлекеттік рәміздер арқылы адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық, татулық, достық, ұлтжандылық сезімдерін ұялатып,ізгі ерлік істер қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді елдің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, өз туған еліне деген сүйіспеншілікті ояту, өзге ұлт, дін өкілдеріне деген жақсы қарым – қатынас арқылы жүзеге асыруға болады. Қазақстандық патриотизм 3 бағытта жүргізілуі тиіс.
«Қазақстан Республикасының рәміздері» бағыты бойынша мектепте «ҚР рәміздері» бұрышын жабдықтау, рәміздерге байланысты сынып сағаттары мен тәрбиелік іс – шаралар өткізу, салтанатты жиындарда рәміздерді дұрыс, орнымен қолдану /әнұран орындау, мемлекеттік туды енгізу, мемлекеттік туды шығару/ жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстардың нәтижесінде оқушылар бойында еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім табандылықпен тәрбиелене түседі.
«Ұлттық құндылық» бағыты бойынша ауылымыздағы көне жәдігерлік бұйымдарды жинақтау, ұлттық мәдени мұрасын, салт – дәстүрін насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізілуі керек. Яғни мектепте халқымыздың ескі жәдігерлік бұйымдары жинақталған мұражай, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін үйірмелер жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана саналы патриот еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақстандықтардың елін, жерін, табиғат байлықтарын, мәдени мұраларын, ұлттық құндылықтарын қорғау мен сақтауға тиісті екенін естен шығармайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында жалпыұлттық құндылықтарды Патриотизмнің идеялық негізін құраушы деп көрсетті. Шындығында да жоғарыда көрсетіліп өткен жұмыс нәтижесінде жеке тұлға ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген патриот тұлғаға айналады.
«Отаным – қасиетті мекенім» бағыты «Менің ауылым – шағын мемлекетім» және «Өлке тарихына шолу» сияқты екі бөлімнен тұрады. Қай адам болмасын өз ауылын, өз туған мекенін мақтан етеді, қастерлеп биікке қояды. Оқушылардың да бойынан осы сезімді ояту үшін ең алдымен өз туған ауылын сүюге, ауыл ақсақалдарын қадірлеуге баулу керек. Ол үшін «Ауылымның көрікті келбеттері» фотосурет байқауы, «Ауылым – алтын бесігім» үздік шығарма байқауы, жыл бойына осы тақырыптар бойынша сынып сағаттары, ерлік сабақтары және ауыл ақсақалдарымен кездесулер ұйымдастыру қажет.
Маңғыстау алып өңірі мен омырауын жайлап жатқан көне ескерткіштердің мекені. Аспан астындағы алып мұражай деп аталатын Маңғыстау өңіріндегі әр қорым, әр ескерткіш аңызға, тарихқа шежіреге бай. Сол себепті де туған өлке тарихына шолу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болуы айдан анық. Бұл бағыттың басты мақсаты оқушылардың кесенелерге, мұражайларға саяхат жасап, өз туған өлкесінің байлығын, құндылығының жоғары екендігін көріп, мақтаныш сезімі оянуы болып табылады.
Мектепте патриоттық тәрбие беру жүйесінің екінші бағыты әскери патриотизм. Өз отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери – патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы тиіс.Әскери патриотизм арқылы барлық адам балалық шағынан бастап «Қазақстан – менің Отаным», «Мен Отаным алдында борыштымын» деген ойларды бойына сіңіріп өсуі қажет. Оқушыларды елін, жерін сүюге саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, қарулы күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа және әскерге шақырылуға дейінгі жасөспірімдерді дене дайындығын жетілдіруге тәрбиелеу. Мектеп табалдырығынан әскери патриотизмге оқушыларды тәрбиелеу «Жас ұлан» әскери- патриоттық ойын барысында, жазғы әскери далалық жиын барысында, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында және алғашқы әскери дайындық сабағы барысында жүзеге асырылады.
«Жас ұлан» әскери – патриоттық ойын мен жазғы әскери – далалық жиын оқушыларды әскери сап түзеуге, саптық дайындық барысында күнделікті орындайтын саптық бұйрықтарды беруге, сапта жүріп патриоттық ән айтуға үйретіп, болашақ Отан қорғаушыларды дайындайды.
Спортландия – әскерге шақырылуға дейінгі жасөспірімдердің дене дайындығын жетілдіру мақсатында іс – шаралар, спорттық ойындар, сайыстар жүргізетін қалашық. Бұл әскери – патриоттық ойындар оқушылардың дене дайындығын, қозғалыс дағдыларын дамытып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге жоғары дайындығын қамтамасыз етеді.
Әскери патриотизмге тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың да маңызы зор. Сәуір – мамыр айларында «Патриот» айлығы, «Патриоттық әндер» байқауы, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кештері, әскер қатарындағы жауынгерлермен кездесу кештері оқушылардың бойына қызығушылық сезімінің, еліктеу сезімдерінің оянуына себебін тигізеді.
Әскери патриотизмге тәрбиелеу сабақ барысында да тәрбие сағаттары, ерлік сабақтары, сыныптан тыс жұмыстар, семинар, «Қайсар рухты қазақ қызы», «Бұны ұмытуға болмайды», «Халық қаһарманы», Теңдесі жоқ дара тұлға» сонымен қатар пікірталас түрінде жүзеге асырылады.
Оқушылардың шыдамдылығы мен табандылығын шыңдау барысында «Жас өрт сөндірушілер» ұйымын құру керек, бұл да оқушыларды әскери тәртіпке, тез қимылдап тез шешім қабылдауға, құтқару, көмектесу мақсатын айқындайтын әскери патриоттық бағыт болып табылады. Сонымен қатар жазғы мезгілде 10 күндік әскери – патриоттық бағыт бойынша далалық – шатырлы лагерь ұйымдастыру жұмыстарын алға қою керек. Бұл лагерь ең алдымен оқушыларды шыдамдылыққа, әскери тәртіпке, салауатты өмір салтын ұстануға, қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Мектеп бітіруші оқущылар – болашақ отан қорғаушылар, және біздің тыныштығымыз, еліміздің тыныштығы солардың қолында болғандықтан осы әскери патриотизмге мектепте көп көңіл бөлінуі керек деп есептеймін.
Жалпы тәрбие – тәрбие сағаты өтілген сыныппен немесе сағатпен шектелмейді дегенмен өткізілетін сабақтардың тәрбиелік мәні оқушыларға жеткізе білген жағдайда өте зор. Мектепте жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде текті батыр тәкәппар, өз халқының патриоты, тұлға, Азия барысы қалыптасады.
Бүгінгі таңда оқушыларға патриоттық тәрбие беруден халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім – тәрбиелерінен жан – жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде әскери патриоттық тәрбие жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау туралы айтылған. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап – міндеттер бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан патриоттық тәлім тәрбие дәстүрлерін, әдісі мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу – тәрбие үдерісінде ұтымды қолдану – өмір талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2. ҚР «Білім туралы Заңы»