Саба? жоспары Ж?мба? айтыс


№31 сабақ
Пәні Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Жұмбақ айтыс
Жалпы мақсаты Өнегелі әңгімелерді, тәлімдік жырларды оқи отырып, сөз өнерінің мәнін ұғындыру. Түсініп, жылдам, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілдерін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлап,өз ойын дәлелдеуге машықтандыру.Топтық жұмыс ережелерін еске түсіріп, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету.
Негізгі мақсаты Айтыс өнері туралы түсініктерін пысықтау. Оның түрлерімен танысу. Жұмбақ айтыс туралы түсінік беру. Оның қыр-сырымен танысу. Түсініп оқу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілдерін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлап,өз ойын дәлелдеуге машықтандыру.Топтық жұмыс жасау барысында ынтымақтастықта болуға баулу.
Оқу нәтижесі Айтыс туралы толық кең көлемде мәлімет біледі. Түсініп оқу дағдысы жетіледі. Топпен жұмыс жасау арқылы мәселені шешуге дағдыланады. Сын тұрғысынан ойлауға жаттыға бастайды. Ынтымақтастықпен жұмыс жасай алады.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзара оқыту.
Дереккөздер мен көрнекілтер Әдістемелік құралдар, оқулық, моноблок, керекті құрал-жабдықтар(үлестірмелі қағаздар, кестелер)
Қолданылатын модульдер 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.
5.Талантты және дарынды
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқуды басқару және көшбасшылық.
Барысы Мазмұны Уақыты
Ұйымдастыру Шаттық шеңбері Менің досым...
Теңеу сөзбен жеткізу 5 минут
Топқа бөлу Түспен бөлу Бағалау үлгісін ұсыну Топты бағалау Тапсырмалар Үй тапсырмасын сұрау Бір шумақ жаттау.
Дәптермен жұмыс тексеріледі.
(10 мақалды өкіл арқылы тексер)
«Мені жалғастыр..»
Мақалды жалғастыру.
(топпен жұмыс) 5 минут
Қызығушылықты ояту Бейнебаян
Жүрсін Ерманмен сұхбат
Сұрақ: Жүрсін Ерман кім?
Балалар жауап береді. 5 минут
Мағынаны тану
Жаңа сабақты ашу
Мұғалімнің толықтыруы.
Топпен жұмыс.
Берілген мәліметтер топта талқыланып, түгел сыныпқа жариаланады.
1-топ Айтыс дегеніміз не?
2-топ Айтыстың түрлері?
3-топ Жұмбақ айтыс
4-топ Айтыскер ақындар
Оқулықпен жұмыс
Оқулар
Үлгі оқу
Іштей оқу
Хормен оқу
Тізбектей оқу
Әндетіп оқу
Дәптермен жұмыс
Тапсырмаларға шолу
Жұмбақ айтыстың айтыскерлері:
1. Әсет пен Ырысжан
2. Сапарғали мен Нұржан
3. Қожахмет пен Әбубәкір 15 минут
Сергіту сәті Бейнебаян көріп, талқылау.
Оқушылардың пікірі Ой қозғау Айтыскер ақын қандай болу керек?
Топтастыру 10 минут
Бағалау Екі жұлдыз бір тілек. Әр топ өз жұлдыздарын, тілектерін үлестіреді. 5 минут
Кері байланыс Мен бүгін...
Мені таңқалдырды...
Менің сұрағым бар... Ұсынылатын оқулар Айтыс туралы іздену, оқу Үйге тапсырма Мәнерлеп оқу, жұмбақ айтыс құрап келу. Дәптермен жұмыс