ХРОМТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫ? КОЛЛЕДЖІНДЕ ДУАЛЬДІ О?ЫТУ БА?ДАРЛАМАСЫН Ж?ЗЕГЕ АСЫРУДЫ ?ЙЫМДАСТЫРУ


ХРОМТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ
ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Еліміздегі нарықтық қатынасқа жаңаша көзқараспен қарау техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне маңызды өзгерістер енгізуді талап етті. Жұмыс берушілер бүгінгі күні оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа қабылдауда олардың білім сапасына ғана емес, кәсіптік қызметін жүзеге асыру мүмкіндігіне қарайтындығы белгілі.
Қазіргі нарықтық өзгеріс талаптарына төтеп беру ушін Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту процесі жаңаша үлгіде дами бастады. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің біліктілік деңгейін көтеру үшін оқыту процестерін ақпараттандыру, иновациялық технологияларды енгізу, оқу процесін ұйымдастыруда шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып жаңа бағытта жүзеге асыру шаралары орын алды.
Қосарлы технология теория мен тәжірибені ұштастыра оқыту мақсатында дуальді оқыту технологиясының принциптерін оқу процесінде жүзеге асыру алға қойған мәселені шешудің негізі екендігіне көзіміз жетті.
«Хромтау тау-кен техникалық колледж» МКҚК түлектерінің практикалық дайындығы болашақта кәсіби, құзіретті білікті маман болуға жетелейтін негізгі бағыттардың бірі.
Оқу процесінде дуальді оқыту жүйесін жүзеге асырудың бірегей жолы әлеуметтік серіктеспен екі жақ мүдделерін ескере отырып инновациялық оқу бағдарламасын жүзеге асыру, тығыз байланыс орнату. Колледжде берілетін теориялық білімді өндіріс орнындағы тәжірибе жұмысымен ұштастыру мен тәжірибелік тапсырмаларды күрделендіру арқылы дуальді оқыту бағдарламасы жүргізіледі.
Дуальді оқыту бойынша білім беру колледжде 2009 жылдан бері 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша жүргізіледі.
2013-2014 оқу жылынан бастап колледж 0705000 «Пайдалы қазбалардың кен орындарынын жер астында өндеу» мамандығы бойынша дуальді оқыту жүйесін енгізуде республикалық эксперименттік алаң болып табылады. Аталған мамандық бойынша өндірістік іс тәжірибе жұмысын жүргізу өте ауыр және қауіпті болып есептеледі. Себебі 18 жасқа толған студенттер шахтада жер асты жұмыстарына араласып өндірістік іс тәжірибеден өтеді. Мамандық түрінің ауырлығына қарамастан дуальді оқыту жүйесі бойынша оқыту ісі жақсы нәтиже берді.
Аталған мамандық бойынша эксперимент жұмысын іске асыру мақсатында оқу жұмыс бағдарламалары құрастырылды, мамандық бойынша жұмыс бағдарламасы, оқу процесінің кестесі, арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламалары, өндірістік оқыту мен өндірістік іс тәжірибе жоспары, бақылау кестесі әзірленді. Сонымен бірге, студент құзіретінің моделі (студент картотекасында) – өндірісік оқыту, өндірістік тәжірибе нәтижелері, аралық бақылау, біліктілік емтихан қорытындысы, курстық дипломдық жұмыс және кәсіби дайындық деңгейін бағалау нәтижесі есепке алынады.
Дуальді оқытудың локальды актілері әзірленіп бекітілді:
Маман даярлаудың дуальды оқыту жуйесі туралы ережесі;
Дуальді оқыту жүйесіндегі базалық кәсіпорын туралы ереже;
Базалық кәсіпорындағы өндірістік тәжірибе туралы ереже;
Дуальді оқыту нәтижесі бойынша өндірістік емтихан туралы ереже.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің «ТжКББ жаңғырту» жобасы негізінде халықаралық қайта кұру және даму банкінің қаржыландыру грантын Хромтау тау-кен техникалық колледжі жеңіп алды. Жоба негізінде оқу кабинеттері жаңа қурылғылармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде студенттер мехатроника саласындағы ғылым мен техниканың жаңалықтарымен танысып, сол салада құзіреттіліктерін арттырды.
Колледждің институционалдық даму жоспарын жузеге асыру қорытындысы бойынша 0707000 «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша дуальді оқытудың бағдарламасы әзірленіп енгізілді және аталған мамандық бойынша 2015 жылы колледжге республикалық әксперимент алаңы статусы берілді.
Сонымен қатар, колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының өндіріс орындарында біліктілігін артыру жұмысы жүргізіледі. Өдірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары іс тәжірибе кезінде өндірістегі құрылғылардың қызметі мен өндіріс технологияларын меңгереді. Тағылымнамадан Дөң тау – кен байыту
комбинаты, Восход - Ориел өндіріс орындарында бүгінгі күнге дейін 22 инженер - педагогтар тәжірибе жинақтап және шет мемелекеттер Германия, Ресей, Финляндия, Австрия, Япония сынды елдерде де өз білімдерін жетілдірді.
Білім сапасын арттыру мақсатында білім беру процесіне колледжге өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарынан арнайы мамандар шақырылады.
Эксперимент мақсаты – өндіріс орындарындағы өндірістік оқыту мен өндірістік іс тәжірибе сағаттары және арнайы пәндер бойынша кәсіпорында тәжірибелік, зертханалық сағат сандарының үлесін арттыру.
Дуальді оқыту жүйесінде базалық кәсіпорынның рөлі жоғары.
Дуальді оқыту жүйесі әлеуметтік серіктес Дөң тау –кен байыту комбинаты мен колледж арасында жүзеге асырылады. Оқу орны ашылғаннан алғашқы құрылтайшысы болып табылатын «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау – кен байыту комбинаты негізгі әлеуметтік серіктес ретінде комбинат басшылығы дуальді оқыту жүйесі бойынша оқыту ісін заман талабына сай жаңғыртылып отырған жүйе екендігін дәлелдеді. Элеуметтік серіктес тарапынан өндірістік іс тәжірибе бағдарламалары жоғары деңгейде жүзеге асырылады және колледждің материалды – техникалық базасын жаңарту ісіне де орасан зор көңіл бөледі.
Бүгінгі күні Хромтау тау –кен техникалық колледжінде дуальді оқыту жүйесі енгізілді:
Даярланатын кадр тапсырысын өндіріс орны береді;
Оқуға қабылданған әр студенттің оқу бітірген соң орыналасатын қызмет орны нақты айқындалады;
Өндірістік тәжірибе жұмысы әр студентке жеке келу арқылы нақты жұмыс жағдайына негізделеді;
Еңбекке орналасу кепілдігі, карьералық өсім және қосымша біліктілік арттыру ісінің қажетсіздігі;
Оқу процесінде заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану;
Оқу процесіне тәжірибелі, кәсіби шеберлік шыңына жеткен мамандар өндірістен шақырылады;
Сонымен қатар тәжірибеден өтіп жатқан студенттер жұмысшы мамандықтың мәртебесін көтеру мен еңбек ұжымына үйрену мақсатында қоғамдық мәдени іс шараларға белсене қатынасу ісі бірізді жолға қойылған;
Кәсіби іс тәжірибе жұмысының шығындарын әлеуметтік серіктес, яғни өндіріс орны көтереді;
Студенттің тәжірибеден өтетін өндіріс орнындағы оқытуға байланысты шығындарды бөлім, цех өзі қаржыландырады;
Студенттерге жұмыс орнынан тағайындалатын төлімгердің еңбек ақысына 10%-15% мөлшерінде үстемақы төленеді;
Тәжірибе уақытындағы студенттің жасаған жұмысының уақыты мен сапасына байланысты еңбек ақысының мөлшері 30 000 – 40 000 теңге аралығын құрайды.
Дуальді оқыту жүйесін жүзеге асырып отырған ДТКБК болып табылады. ДТКБК басшылығы өндіріс орнында дуальді оқыту ісін ұйымдастыруға аса үлкен жауапкершілікпен қарады. Колледж бен әлеуметтік серіктес базасында өндірістік мәселелерді ортақ қарастыратын отырыстар өткізіліп отырады. Отырыстарда алдымен мамандық бойынша стандарт мазмұны талқыланып,
мамандарға меңгерілетін кәсіби модульдер мен кәсіби қызмет мазмұны таныстырылады. Сонымен қатар өндірістегі мамандар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатынасады. Өндірістік тәжірибе оқытудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Алдымен өндірістен әр студентке тәжірибелі мамандардан тәлімгер
тағайындалады. Тәлімгерлер өндірістік оқыту бағдарламасының мазмұнымен танысып, жұмыс мазмұнын айқындап алады.
Дуальді оқыту жуйесі бойынша білім мен тәжірибе жинақтап жатқан студенттер орасан зор жеттістектерге қол жеткізеді:
Еңбек нарығында суранысқа ие мамандық иесі атанады;
Өндірістік тәжірибені шынайы жұмыс орынында өткізу мүмкіндігі;
Өндірістік тәжірибе кезінде білімі мен біліктілігін көрсете білген студенттер оқу аяқталысымен жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады;
Дуальді жүйе студенттерге таңдаған мамандығы бойынша білім алып, біліктілік жинақтап, еңбек етуге ерте дағдылануға мүмкіндік туғызады. Өндірістік іс тәжірибе уақытында атқарған қызметтері үшін ақшалай сыйақы алып, бітірген соң қыйындықсыз жұмысқа орналаса алады.
Колледж әдіскері Р.М. Несипбаева