Ма?ала “Сатылай кешенді талдау” технологиясын тарих саба?ында ?олдануды? ма?ыздылы?ы


Уалихан Әділхан,
Әулиекөл ауданы №2 Қазанбасы ОМ тарих пәнінің мұғалімі
“Сатылай кешенді талдау” технологиясын тарих сабағында қолданудың маңыздылығы
Ұлттық төл технология дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады.
2012 жылы Амангелді ауданында Әнуар Боранбаев атындағы орта мектепте Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша 1-үйренушілік деңгейін меңгердім. Астанадан келген бір топ ұстаздар Сатылай кешенді талдау технологиясын тарих сабағында қолданудың әдіс тәсілдерін үйретті. Курстан өте үлкен әсер алып қайттым. 2012 жылдан бастап көбінесе осы технологияны қолданып жүрмін.
Мақсатым Қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру.
Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға Қазақстан тарихы ғылымының мазмұны мен жүйесін, өз ойын анық жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.
Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі.
2-3 жыл сабақ беру барысында қолданып жүрген сатылай кешенді талдау технологиясының маныздылығына тоқталатын болсам.
Сатылай кешенді талдау технологиясы оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беруге, оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорытуға үйретеді.Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлауын арттырады.
Өз тәжірибемде көбінесе 5-сыныптағы сабақтарымды осы технология бойынша өткізіп келемін. Негізінен технологияны 5-сыныптан бастап пайдаланған дұрыс деп ойлаймын. Себебі 5- сынып оқушыларының тарих пәніне деген энтузиазмы жоғары. Демек оқушыларға тарих пәнін қызықтырып оқыту үшін барды дұрыс пайдалана алсақ, біздің ұрпақ өзгелерден кем білім алмайды. Мектепте тарих пәнін оқытуда қосымша материалдарды, деректерді пайдалану оқушылардың ұғымдарының терең, жүйелі болуына әсер етеді. Оқушы тың тарихи мәліметті жақсы меңгереді, есінде ұзақ сақтайды, өз тарапынан материалдар іздестіруге деген ынтасы артады. Дәстүрлі сабақта мұғалім: түсіндіреді, тыңдайды, сұрақ қояды, көрсетеді, жазады, тексереді, бағалайды. Оқушы: кедергі келтірмей, тып-тыныш отырып тыңдайды. Сатылай кешенді талдау технологиясының дәстүрлі сабақтан ерекшелігі: Мұғалім: мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетелейді. Оқушы: белсенді субъектіге айналады. Жаңа тақырыпты талқылайды. Өз тәжірибемде байқағаным, осы бірнеше жыл ішінде оқушыларымыз оқу кезеңіндегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыланды. Ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекеттері қалыптасып келеді. Оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бақылап, бағалап, сын, пікір айта алады. Оқыту тиімділігін арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясынының мүмкіндігі мол, өйткені бұл технологияның әдістері, тәсілдері, құралдары, оқыту ұйымдастыру формалары өте тиімді.