«?аза? тілін о?ыту барысында дамыту ойындары ар?ылы баланы? тілдік ?арым – ?атынасты? ??зырлы?ын арттыру»


Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 14 бөбекжай – бақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны.
Баяндама.
Тақырыбы:«Қазақ тілін оқыту барысында дамыту ойындары арқылы баланың тілдік қарым – қатынастық құзырлығын арттыру»

Қазақ тілі мұғалімі: Жақсыбаева ГулшатҚостанай қаласы
«Қазақ тілін оқыту барысында дамыту ойындары арқылы баланың тілдік қарым – қатынастық құзырлығын арттыру»
Аталған мақсатты біз «Толеранттылық жолдары бойынша» атты құрал арқылы жүзеге асырамыз.
«Толеранттылық жолдары бойынша» атты құрал - бұл балаларға ҚР мәдениетін, тарихын тануға, қоршаған орта туралы білімдерін жетілдіруге, өзін –өзі тануға мұғалімдермен балаларға көмек беретін ойын алаңы.
Толеранттылық әлемі бойынша саяхат жасай отырып бала ҚР мемлекеттік рәміздерімен танысып, Алматы, Астана,Қостанай сияқты т.б. қалалардың көшелерімен саяхат жасауға мүмкіндік алып, тұрып жатқан елі үшін мақтаныш сезімі туады.
Дидактикалық құралдың мақсаты:
Баланың әлеуметтік – жекелік сапасын дамыту (көтеріңкі көңіл – күй, қайырымдылық, қарым –қатынас жасау, шыдамдылық, құрмет, түсіну,қоршаған ортаны қабылдау, белсенділік, есте сақтау қабілеттері және де өзге психикалық үрдістері).
Өзіндік бағасын және өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, жаңа ұлттық менталитет;
Физикалық және психикалық тұрғыдан ширығу;
Өзін өзі бақылауға үйрету;
Толеранттылықты, патриоттық сезімді тәрбиелеу.
«Толеранттылық жолдары бойынша» атты дидактикалық құрал үш үлкен модульден құралған:
Олар:
Ғажайып алаң.
Бәйтерек.
Уни –пирамида.
«Ғажайып алаң» ойын құралында «Төртінші артық» атты ойынды ойнатуға болады.
«Ғажайып алаңға» кезек кезек бойынша карточка түрінде жасалған жануарлар бейнеленген қызықты – дамыту материалдары орнастырылады. Бала әр карточкада қалғандарына сай келмейтін жануарды тауып алып, қалғандарына неліктен сай келмейтінін түсіндіруі керек. Ойын түрінде жабайы және үй жануарларын ажыратуды үйреніп, оларға тән ерекшеліктер туралы білімдерін бекітеді.
«Бәйтерек» ойын құралы.
1. «Уақыт өзені бойынша саяхат» атты ойын.
Бұл ойындағы материал туған қаланың өткен уақыттағы, қазіргі кезеңдегі және болашақтағы бейнесін бейнелейді.
Ойын ережесі: бала мұғалімнің тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» ойын құралында туған қаласының даму кезеңдері берілген иллюстрацияны орналастыра отырып не бейнеленгенін баяндайды. Бала қателескен жағдайда, ойынды келесі бала жалғастырады. Ойын «Бәйтерек» ойын құралының барлық бөліктері жабылғанша жалғасады.Бұл ойын баланың туған өлкесінің тарихымен таныстыруға, патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.
2. Келесі ойын «Нан бізге қалай келеді» деп аталады.
Нанның дастарханға жетер алдындағы жасар жолын бейнелейді.
Ойын ережесі: бала «Бәйтерек» ойын құралында карточкаларда бейнеленген суреттер бойынша нанның дастарханға жетпес бұрын жасалу жолын дұрыс орналастыру қажет. Ойын баланы еңбекті құрметтеуге және нанды қадірлеуге тәрбиелейді.
«Уни-пирамида» ойын құралы:
1. «Елтаңбаны тап» деп аталады.
Материал: ҚР, Ресей федерациясының, Қырғызстанның, Украинаның елтаңба бөліктері берілген картинкалар.
Ойын ережесі: «Уни – пирамида» ойын құралында мемлекеттердің елтаңбаларының бөліктері араласқан түрде орналастырылып беріледі. Бала «Уни-пирамиданы» айналдыра отырып аталған мемлекеттердің елтаңбаларын жинап шығады. Ойын мемлекеттердің елтаңбалалары толығымен құрастырылып шыққанша жалғасады.
Дәл осы тәсілмен «Елдер тулары» атты ойын ойнатылады.
Аталған ойындар балалардың ҚР рәміздерімен таныстырып қана қоймай, өзге де елдердің рәміздерімен танысуға мүмкіндік тудырады.
2.«Ұлттық киімдерді құрастырып ата» атты ойын.
Қазақстан халықтарының ұлттық киімдерімен таныстыруға мүмкіндік тудырады.
3.«Қазақстан қалалары бойынша саяхат» атты ойын.
4. «Қостанай облысының қалаларының рәміздері» атты ойын.