«?орша?ан ортаны? бала психикасыны? ?сері»


«Қоршаған ортаның бала психикасының әсері»
Жеткіншек тұлғасының психикасының өзгеруі көбінесе отбасы мүшелерінің салқынқанды қарым-қатынасына тікелей байланысты. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескерек отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Ата-ана отбасының жылылығын, бірлігі мен тыныштығы қамқорлыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап, жанұя мүшелерінің көтеріңкі көңіл-күйде болуын қамтамасыз етіп отыруы керек.
Бала психикасына өзі тәрбиеленіп отырған ортаның материалдық деңгейдің төмендігі әлеуметтік жағдайдың қолайлы тұстары да себеп болуға мүмкін.
Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек қоршаған ортаның, яғни отбасының бала психикасына әсер тигізері сөзсіз. Мысалға айтсақ, жанұясында жағымсыз жағдайда дау жан-жал шығаратындар, арақ-шарап ішіп отбасының берекесін қашыратындар. Сонымен қатар, соңғы жылдарда қоғамда жүріп жатқан түрлі өзгерістер, әсіресе ел экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі ұрпақ тәрбиесіне өз салқының тигізуде. Бұлай дейтініміз, күг көріністің қамын ойлаған көптеген отбасылары сауда саттықпен айналысып жүріп бала тәрбиесін уысынан шығарып алды. Балалардың бос уақытының көпшілігі компьютерлік клубтарда өтетіндігіне тіпті мән бермеді, онда атыс-шабыс ойындардың бала психикасына зияның тигізетіндігі ойландырмады. Мектеп пен ата-ананың арасындағы байланыс төмендеді, әлеуметтік жіктелу орын алды, отбасының ажырасулары көбейді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен ұлы бабамыз Әбу- Насыр Әл-Фараби. Данышпанның дана сөзі қай заманда болсын қасиетін жоғатпаған.
Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін оның дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенің әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дейді халық даналығы. Сонда ата-ана баласының тамағының тоқ болуымен қанағаттанбай ең бастысы оның іс-әрекетінің ұйымдастыра білуде екенің түсінулері керек. Мәселен баланың іс-әрекетін ұйымдастыруда ұтмды күн ырғағын құра білу – алғашқы шарт. Уақыты мақсатты іспен шектелген оқушы жинақтылыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа бейімделеді.
«Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады,ненеі сүйеді, нені қажет етпейді, ең алдымен сіз осыны білуіңіз керек. Олар кіммен достасады, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтының білуіңіз керек» деген А. С. Макаренко. Қазіргі таңда тәрбие ісінде назар аударарлық мәселе: баланы теледидар хабарларын көруге шектеу салу, бос уақытын пайдалы іспен толықтыру, еңбекке араластыру. Баланың жас ерекшілігі, әр жаста болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындақсыз алып шығуға көмек көрсету де, ата-анаға көмекке келетін – мұғалім. Оқу барысында ол білімге, қарым – қатынасқа, имандылыққа, адамгершілікке үйренеді. Қорыта айтқанда бла тәрбиесі – болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымымен абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелелілігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жете түсінгенде мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдйда алға басады.
Дайындаған: Айжарыкова Кулзагира Аширалиевна