Т?рбие ж?мысыны? жарты жылды? есебі


2016-2017 оқу жылындағы 7 «ә» сыныбының
тәрбие жұмысының І жартыжылдық есебі
Оқу жылының І жартысындағы сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлау мен тиімділік мақсатын талдау:
Биылғы 2016-2017 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарын 8 бағыт бойынша жасадым.
2.Оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайының динамикасын талдау:
Барлық 21 оқушының 11 қыз, 10 ұл.
Көп балалы отбасынан- 5 бала
3.Сынып ұжымы дамуына талдау:
Сыныпты жалпы зерттегенде сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы, қалыпты. Сыныптың топ басшысы Әлсейіт Аружан және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушылар: Әлсейіт Аружан, Әріпбек Қарақат, Машрап Әли, Шәрібек Сая. Сыныптың рухани-психологиялық ауа-райы, оқушылардың қарым-қатынастық мінезі – қыз балалар өзара да, ер балалармен де сыпайы қарым-қатынаста. Қыз балалар сынып ішінде шешім қабылдағанда басымдылық көрсетеді.
Сынып оқушылары қазақ тілінен, орыс тілінен, биологиядан, технология және дене шынықтыру пәндерінен түрлі үйірмелерге қатысады.
Оқушылар апталықтарда, мектептің түрлі іс-шараларында қатысып, белсенділік таныта білді.
4.Мектеп өміріне сынып оқушыларының қатысуын талдау:
Мектеп шараларында сынып оқушыларының қатысуға қызығушылығы бар, белсенділік көрсете біледі. «Алтын күз-2017» байқауына Әмірхан Арзу қатысып, үшінші орынға ие болды. Спорт үйірмелеріне қатысатын Машрап Әли күрестен 3-орынды иеленді.т.б .мектепішілік көркем сөз оқу жарысынан Әріпбек Қарақат, Шәрібек Сая жүлделі орындар алды. Сонымен қатар, 7-сыныптар арасындағы топтық жарысқа ауызбіршілікпен қатысып, тең түсті.
5.Сынып оқушыларының дамуына талдау:
Оқушылардың көркем-эстетикалық, еңбек және шығармашылық таным деңгейі, сынып кабинетінің тазалығын ұстау, мектеп формасын кию, сынып кезекшілігін жауапкершілікпен атқаруда, сенбілік жұмыстарын жүргізуде олардың еңбек, көркем –эстетикалық деңгейін өте жақсы деп бағалауға болады.
Оқушылардың әлеуметтік- мәдени өзгерісінің дамуына мектепте өтетін іс-шараларға қатысады
2016-2017 оқу жылының І жартыжылдығында сынып құрамына жаңадан 1 оқушы келіп қосылды. Оқу үлгірімі – жақсы. І-тоқсанда---- %, ІІ-тоқсанда ----% болды. Сыныпта 1-тоқсанда 1 үздік,2-тоқсанда 2 үздік болды.
1.Сәбит Құрмет,2.Әріпбек Бекзат.
6.Отбасы мен педагогикалық қарым-қатынастың талдануы
Оқушы ата-аналарының сыныптың тәрбиелік қызметіне әсері бар. Сыныптағы ер балалар мен қыз балалардың қарым-қатынасының қалыптасуында кемшіліктерді жоюға, болдырмауға, тәрбие туралы әңгіме өткізуге ата-ана Қарабаева Э., Жәпенова Манат ат салысты
7.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының тиімділігі мен сыныптағы тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуына талдау:
Сыныпта өткен тәрбие шараларының мазмұнынан оқушылардың аса ықыласпен қабылдағаны:
«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағаты;
«Желтоқсан жұлдыздары»
«Жаңа жыл мерекесі»
Оқушылардың рухани қалыптасуы мен дамуына әсер еткен тәрбие
шаралары:
«Әдепті бала-арлы бала», «Денсаулық-зор байлық »
Саналы тәртіп пен еңбекке деген жауапкершілікті қалыптастыруда
ықпал ететін шараларға
Сынып жиналысы, қыздар жиналысы, ұлдар жиналысы өткізілді.
Сыныптағы тазалық жұмыстарын жүргізу.
8.Тұжырым:
Сәттілік пен табыс, тәжірибе жинақтау жайында:
Сынып оқушыларының бойына өз еңбегімен қатар өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтылықтың тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты қасиеттердің қалыптасуына үлес қостым. Олардың жеке тұлға ретінде қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта аламын.