«Бала — басты байлы?ымыз, Ал е? асылымыз – оны? т?рбиесі». ?рбір мемлекетті? болаша?ы балаба?шада шы?далады. Болаша?та ел тізгінін ?стар азаматтар – б?гінгі балаба?ша балалары. Елбасымыз Н.?.Наз


«Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі». Әрбір мемлекеттің болашағы балабақшада шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балабақша балалары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.Балабақша өмірі, бала тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және балабақша мен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз балабақша проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.Балабақша – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында Жанаөзен қаласының №22 «Ақбұлақ» балабақшасында жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында өткізілген баяндамасы. Әке – білек, саусағы – балалары,Қан тамырмен жалғасқан аралары. Ана – тамыр бойымен бәріне де, Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар ата-аналармен, қоғамдық орындардың қызметкерлерімен, балабақша балаларымен бірлесе атқарылды.
Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?!Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұспа тұс келген тағылымы мол іс шаралар өткізілді. Тәрбие алам, - деп келдім деген мақсатпен балабақша табалдырығын аттаған балапандар бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін тәрбие сағаттарымен жалғасты. Атап айтар болсам, балабақша ғимаратындағы №22 «Ақбұлақ» «Отбасым – алтын діңгегім» тақырыбында балаларды татулыққа, бір-біріне деген сый-құрметке, баулу жәрдем беру, көмек көрсетуге бағыт-бағдар берілді. «Біз баламыз шыныққан. Денсаулығы мықты жан», атты эстафеталық сайыста шапшаңдыққа, ептілікке,ширақтыққа, үйретіп спортқа деген баланың ынтасы арттырылды. «Елін сүйген Елбасы»тақырыбы бойынша беибіт өмір сүруімізге септігін тигізіп отырған ел ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан балалар, үлгі аларлық өнегелі тұстарына жетелеу, балалар бойында жауапкершілікке деген көз қарасын ояту патриоттық сезімін ояту мақсаты қойылды. «Ана өмірдің шуағы» атты ертеңгілік өтті, онда балаларды үлкенді құрметтеуге, кішіні ізеттеуге, тәрбиелеу, бізді мына өмірге әкелген жарық дүние сыилаған анаға үлкен құрметпен қарау, қадірлеу керектігі үйретілді. «Біз бір жылда не үйрендік?» Жыл бойы оқу-тәрбие жұмыстарының арасында балаларды сурет салып, ән айтып, би билеуге, түстерді ажыратып, сурет бойынша әңгіме құрап, өз ойларын толық анық жеткізуге, әріптерді танып, сөйлем құрауға үйреттік. «Ата-аналар» балабақшамен бірлесіп, балабақша– жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.
«БЕКІТЕМІН» «Ақбұлақ» балабақшасы жедел басқару
құқығындағы МКҚК-ның директоры
_______________ Г. Н. Джаманшалова Тақырыбы: «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі». Дайындаған: №8 «Балбұлақ» тобының Тәрбиеші:Табинаева Ф.Н 2014-2015 оқу жылы