Саба? жоспары: ?лулар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері (7 сынып)


Биология мұғалімі: Макажанова Айман ХамитовнаСабақтың тақырыбы:§45. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріСабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеруСабақтың көрнекілігі:слайдтарІ КіріспеҰйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу- сыныптың тазалығын тексеру- сыныптың кезекшілігін анықтау- оқушыларды түгендеу- сабаққа дайындықтарын тексеруҮй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы5. Көпқылтанды буылтық құрт6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.7. Шұбалшаңның қанның түсіЖауаптары.1. Сүлік2. Гирудин3. Шұбалшаң4. Гермафродит5. Құмқазар6. Нереида7. қызылІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңіҰлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.Ұлулар типі↓БауыраяқтыларҚосжақтаулыларБасаяқтыларҰлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.• Бауыраяқты ұлулар класы.Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.• Қосжақтаулы ұлулар класы.Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған.• Басаяқты ұлулар класы.Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді.4 – сегізаяқ, 5 – кальмар, 6 – каракатицаІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдарҰлулар типі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр1. Жүзімұлу2. Айқұлақ3. КальмарЖұмбақ шешуАяғы, тұлға, басы бар,Сыртында сауыт тасы бар..Ойланып көр балалар,Шешуін оның табыңдар.(Ұлу)Аяғы бар басы жоқ,Тұлғасы бар қарны тоқЕкі жақтау қорғаны,Ол болмаса сорлады.(Айқұлақ)Бақалшағы жоқ сыртында,Үккісі бар ұртында.Қорегін ұстар таяғы,Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §45 оқу, 209 беттегі «Біліміңді сына»V Бағалау. Оқушыларды бағалау.