Тыныс алуды? ма?ызы. Тыныс алу м?шелері: ауа тасымалданатын жолдар ж?не ?кпе. (8-сынып)


Күні: 10.02.2016ж. Пәні: биология Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тыныс алу жүйесі, оның мүшелерінің құрылысы, қызметімен, өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу процестерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқулықты дербес пайдалана алу, оның құрам бөліктерін оңай іске асыру икемдігін дамытуға ықпал жасау;
Тәрбиелік: Тыныс алу жүйесінің қызметімен таныстыра отырып, тынысалу мүшелерін қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кесте «Тыныс алу жүйесі»
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру:
Қан кетудің қандай түрлерін білесіндер?
Капилярлық қан кетуді сипаттаңдар?
Венадан қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
Артериядан қан кеткенде қандай алғашқы көмек көрсету қажет?
Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде?
Қан кеткенде керекті құрал- жабдықтарды атаңдар
Сұрақтарға берілген жауаптарды талдап, толықтырып, жаңа сабақты тұсіндіремін.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Тыныс алу мүшесінің құрылысы мен қызметі. Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді. Сызбакестелер бойынша тыныс алу мүшелерімен, олардың құрылысымен таныстыру.
1386840155575Тыныс алу мүшелері
0Тыныс алу мүшелері

27870156350028346405397500513969090170004263390320675Газ алмасу мүшесі
0Газ алмасу мүшесі
283464089217503105158636000-613410320675Жоғарғы тыныс жолдары
0Жоғарғы тыныс жолдары
95821553975001948815257175Төменгі тыныс жолдары
Төменгі тыныс жолдары

2034540179070кеңірдек (трахея)
ауа тамырлары (бронхылар мен бронхиолалар)
0кеңірдек (трахея)
ауа тамырлары (бронхылар мен бронхиолалар)
-613410198121мұрын құысы (екі танау тесігі)
кеңсірік (сілемейлі бөлімі)
аңқа (ауыз қуысы мен түйісетін жері)
көмей (қалқанша тәрізді шеміршек пен дыбыс сіңірлері орналасқан)
0мұрын құысы (екі танау тесігі)
кеңсірік (сілемейлі бөлімі)
аңқа (ауыз қуысы мен түйісетін жері)
көмей (қалқанша тәрізді шеміршек пен дыбыс сіңірлері орналасқан)
4377690264795оң жақ өкпе (үш бөліктен)
сол жақ өкпе (екі бөліктен)
Өкпе-өкпе көпіршіктері- альвеолалардан тұрады
оң жақ өкпе (үш бөліктен)
сол жақ өкпе (екі бөліктен)
Өкпе-өкпе көпіршіктері- альвеолалардан тұрады

Тыныс алу мүшелірінің құрылысы.
203454014859025965151104900025107901104900 26441401771650882015177165Тыныс алу мүшелері
Мұрын қуысы аңқа көмей кеңірдек бронхылар
Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікте- қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Мұрын қуысының барлық ішкі беті, шамамен, 100 см2. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады.
29394151193800028822659906013868401574800096774016700500289179016700500273939099060173926516700500Алқым құрылысы
мұрын қуысы таңдай көмей қақпашығы өңеш қалқанша шеміршегі
дыбыс саңылауы кеңірдек
Сілемейлі тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысының жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады.
Көмей ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін дн атқарады.
Көмей- ішкі қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде ІV-VI мойын омыртқаларыидеңгейінде орналасқан. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетің сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Дауыс түрі мен оның тембрісіңірлерінің ұзындығына байланысты. Мысалы, ерлерде көмейі ұзын (44 мм), дыбыс сіңірлері де ұзын, сондықтан олардың дауысы жуан. Әйелдердің көмейі қысқалау (35 мм), сәйкесінше дауысы жіңішке. Дыбыс пен айқын сөздің соңғы қалыптасуы тіл, ерін, сондай-ақ жұмсақ таңдай мен тіс қатысында жүзеге асады.
18726151200150028822651174752939415139065002939415136525152971518669000Көмей құрылысы
көмей қақпашығы қалқанша шеміршегі дыбыс сіңірлері
дыбыс саңылауы кеңірдек
Кеңірдек-ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді.
V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.
Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолалармен аяқталады.
Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөнес бетін қабырғалар қорғйды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сырты жұқа қабықшамен- екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плевра) жабылған.
Альвеолалар- диаметрі 0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар, олардың жалпы беті 120 м2-ге дейін болады.
Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21 % оттек, 79 % азот, 0,03 % көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16 % оттек, 4,0 % көмірқышқыл газы және 79 % азот болады. Дем алғанда және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы- өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.
Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекте қаныққан артерия қаны қанайналымның үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады. Ұлпадағы газ алмасудың ішкі тыныс алу дейді. Тыныштық күйінде ересек адамға, шамамен, минутына 300 см3 оттек қажет. Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 рет тыныс алу қозғалыстарын жасайды.
Бекіту сұрақтары:
Тыныс алудың маңызы қандай?
Тыныс жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
Мұрын қуысының құрылысы мен қызметә қандай?
Көмей құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан? Олардың маңызы қандай?
Кеңірдек пен бронхылардың құрылысы мен қызметі туралы айтып беріңдер.
Өкпенің құрылысы қандай? Ол қайда орналасқан?
Өкпе көпіршіктерініің құрылысы, қызметі қандай?
Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмі қандай?
Тыныс алу қалай жүзеге асады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тынысалудың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерді негіздеуге болады.
Үй жұмысы: §41,42. 140-147 бет, 148 беттегі кестелерді дәптерге толтыру.Бағалау. Үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысындағы біліміне қарай оқушыларды бағалау.
Тексерілді: