Конспект на тему: Жол ережесін білейік, аман есен ж?рейік


Жаңаөзен қаласы
№11 «Балдырған балабақшасы»
Сатаева Дамели Татибаевна
«Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік»
Мақсаты:Балаларға жолда жүру ережесін түсіндіру. Бағдаршам туралы
толық ақпарат беру. Жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге
үйрету. Жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге
тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін, сана-сезімін есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды әдептілікке, байқағыштыққа, жол жүру тәртібін
сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,
Керекті құралдар:бағдаршам макеті, жол белгілерінің суреттері.
Балалар келеді, сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Жарайсыңдар балалар енді орындарымызға отырайықшы.
Балалар үш топқа бөлініп отырады. Омырауларына үш түрлі белгі тағады. (Қызыл, жасыл, сары)
Жыл мезгілдерін сұрау?
Өткен оқу іс-әрекетті еске түсіріп қайталап өту?
-Өте жақсы балалар сендер өткен тақырыпты жақсы менгерген екенсіндер. Жақсы балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін жасқанба
Балалар жұмақ не туралы.
Жұмбақтың шешуі: «Бағдаршам»
-Олай болса бүгін балалар біз жол ережесі туралы сөз қозғамақпыз. Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз. «Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік».
Көшеде жүру тәртібін орындамау - көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Бағдаршам өмірімізді апаттардан сақтандыратын көмекшіміз оның сырын біліп алуға міндеттіміз. Бағдаршамның үш түсті көзі бар. Ол жол қиылыстарында орналасады, жол тәртібін сақтайды. Балалар мен сендерге бағдаршамның көздерінің сырын айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Менің үш көзім бар:
Бір көзім кідірдейді.
Бір көзім абайла дейді.
Бір көзім қарап қалма дейді.
Міне көрдіңдерме балалар, мына өлең шумақтарында бағдаршамның үш көзі нені білдіретіні айтылған. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жолдан көліктер қозғалып, көліктерге жол беруміз керек. Ал сары көзі жанғанда жолдан өтуге дайындалуымыз керек. Жасыл көзі жанғанда көліктер тоқтап жолдан оте беруге болады деген белгі. Сонымен қатар балалар жолдың кез келген жерлерімен өтуге болмайды. Жолды кесіп өту үшін жаяу жүргіншілер өткелінің белгілері бар жерден өту керек. Мына суретке жаяу жүргіншілер өтетін жерде ақ қара жолақ салынған осы жолақтың жерлерімен жүруіміз керек. Көше де бағдаршам болмаса өзіңнің көзіңе сенуің керек. Жолдан өту үшін алдымен сол жаққа қарау керек. Егер жолда көлік болмаса балалар өте беруге болады.
Бағдаршам қонаққа келеді.
Сергіту сәті:
Бип бип бип дейді
Жолдан былай кетпейді
Алға қарай ұмтылмай
Машинадан қаша дейді.
Содан кейін Дымбілмес келеді.
Дымбілмес: Мынау нені даусы? Алақай балалар ойнап жатыр! Сәлем балалар ойын ойнап жатырсыңдарма менде ойын ойнайыншы.
Тәрбиеші: Жоқ біз бой сергітіп жатырмыз. Бой сергітіп жаттығу орындап жатырмыз. Сен жаттығу жасай аласыңба?
Дымбілмес: Әрине.
Тәрбиеші: Жарайсың. Ал қолыңдағы не, бізге сыйлық әкелдіңбе.
Дымбілмес:Жоқ мен тек ойынды ұнатамын, мектепке барғым келмейді.
Сендерден көмек сұрағалы келдім. Маған досымнан хат келді, мен жауабын шеше алмадым. Сендер маған көмектесесіндер ме?
Хат:Құрметті достым Дымбілмес сен оқи да алмайсың, сурет те сала алмайсың. Мына суреттерді құрастырып сөйлем құра.
Тәрбиеші: Балалар Дымбілмеске көмектесейік.
Дидактикалық ойын: «Ненің дыбысы?». Ойын ойнап қандай көліктің дыбысы екенін айырып айтады.
Тәрбиеші:
- Сен жол ережелерін білесіңба?
-Олай болса бағдаршам деген не?
-Бағдаршамның неше көзі бар?
Дымбілмес: «Сау болыңыз»,- деп кетеді.
Тәрбиеші: Балалардың тақпақтарын сұрау. Сабақты қортындылау.
-Бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды?
-Не туралыбілдік?
-Немен таныстық?
-Бағдаршамның неше көзі бар?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлығың жақсы жақсы қатыстыңдар.
Үйрен таппай тым бір,
Белгілердің тілін біл,- дей отырып бүгінгі оқу іс-әркетімізді аяқтаймыз. Орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.